Мектептің өмірмен байланысын нығайту және ссср-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы



бет7/8
Дата12.12.2023
өлшемі27,1 Kb.
#196646
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-69066
stud.kz-62548
бастауыш білім беру сатысының білім беру мазмұнының даму проблемасы, оның қалыптасу тарихы біршама уақыттан бері ғалымдар назарынан тыс қалып жүрді. Тіпті арнайы зерттеу обьектісі болған жоқ десек те қателеспейміз.
Бірқатар педагогикалық еңбектер жарық көргенмен (Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев, С.Р.Рахметова, Қ.А.Аймағамбетова, А.Е.Абылқасымова,
Б.М.Қосанов және т.б) олар негізінен бастауыш мектептегі білім беру мазмұнын теориялық және әдістемелік аспектісін зерттеуге бағытталған. Бұл жерде тек И.Н.Шевченконың диссертациялық еңбегін ғана ерекше атап өтуге болады. Бірақ бұл диссертациялық еңбекте білім беру мазмұны инновациялық бастауыш мектептердің даму тарихы контекстінде қарастырылады. Сөйтіп аталған еңбектерде Қазақстан Республикасы өз алдына егеменді ел болғаннан кейінгі уақытта оның бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен даму тарихы тұтас бейнеленбейді. Ал бұл жағдай қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуындағы өткен тарихи жолдарын, жағымды нәтижелерін, кеткен олқылықтарын, кемшіліктерін ғылыми тұрғыдан терең тұжырымдау қажеттігін айқын көрсетті
Ал біздің зерттеуіміз де Қазақстандық ғалым-педагогтардың жинақтаған жеткілікті дәрежедегі бай мұрасына толығынан талдау жасап оған сипаттама беруді міндет етіп қойған жоқ. Себебі ол - бір емес бірнеше зерттеу жұмысына обьект боларлықтай көлемді мәселе. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыз Қазақстан егемендікке қол жеткізген жылдардағы бастауыш білім беру мазмұнының дамуындағы қол жеткізген жетістіктерді айқындап, жүйелеуге және одан әрі даму бағыттарын көрсетуге бағытталды.
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттер мен мұрағат материалдарын зерттеу негізінде және алға қойған міндеттерге сай біздер қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасып дамуындағы үш кезеңді бөліп, қисындап мазмұндадық.
Келтірілген қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен даму кезеңдері, біздің пікірімізше, зерттеуге алынған феноменнің даму динамикасын көрсетеді. Сонымен қатар бұл бөлініс Қазақстан Республикасы қазақ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет