Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П


СТУДЕНТТЕРДІҢ АРАЛЫҚ АТТЕСТАЦИЯСЫ МЕН АҒЫМДЫҚ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ



бет13/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
spravputkz
СОР Геометрия 7 каз, МАЗМҰНЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ АРАЛЫҚ АТТЕСТАЦИЯСЫ МЕН АҒЫМДЫҚ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ
Құрметті білім алушылар! Сіздердің алған білімдеріңіз, тәлім- тәжірибеңіз бағалануы тиіс. Осы мақсатпен біздің университетімізде аралық аттестация мен ағымдық білімді бақылау қарастырылған. Студенттердің білім сапасын бақылауды ұйымдастыру Тіркеу офисіне жүктелген.

Біздің университетімізде білімді бағалау балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша өткізіледі. Бұл әлемдік оқу кеңістігінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылауда нәтижелерді растауды қамтамасыз ету үшін маңызды. Сіздердің алған білімдеріңіз, тәлім- тәжірибеңіз және біліктілігіңіз әріптік жүйе бойынша (оң жағымды бағалар, A –дан D- ға дейін, «шартты қанағаттанарлықсыз» - FX, «қанағаттанарлықсыз» -F), 4 сандық эквивалентіне сәйкес балдық жүйеде бағаланады.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау апта сайын жүргізіледі. Пәнге тіркелген студенттердің білім деңгейін бақылау лектор мен оның ассистентінің құзырында. Сіздің оқу жетістігіңіздің есебін апта сайын оқытушы электронды журналға енгізеді және ол аптаның соңғы күні жабылады. Сіз dead-line мерзімін бұзған жағдайда түзетулер енгізу мүмкін емес. Егер сіз орынды себептермен сабаққа келмесеңіз, тапсырмаларды алу үшін берілген титулдық бетте көрсетілген оқытушының электронды поштасын пайдалана аласыз.

Сіз силлабусты ақпараттық портал қызметін пайдалану арқылы жүктей аласыз. Силлабуста пәннің мазмұны көрсетілген, сол арқылы оқытушы сіздің жетістігіңізді бағалай алады - лекцияға қатысу, лабораториялық жұмыстарды орындау, СӨЖ-н орындауы және т.б. Сіздің міндетіңіз – силлабустағы пәнді игеруге қойылған талаптарды білу.

Оқытылатын пəндер бойынша бірінші межелік бақылау (аттестация) 7- аптада, ал екінші межелік бақылау 15-аптада жүргізіледі. Межелік бақылау – бұл жинақтау ведомосына жинақталған балды есептеп қою. Егер оның қорытындысы бойынша сіз мүмкіндіктегі 60 балдың 50%-дан төмен балл алсаңыз, емтиханға жіберілмейсіз.

Егер сіз сабақты жіберіп алған болсаңыз, соған сәйкес жеткіліксіз сандық балл жинасаңыз, сізге қайта балл жинау мүмкіндігі беріледі, бірақ ол тек қана сабаққа себепті жағдайлармен (14 күннен аспайтын науқастанған жағдайда, оқытушымен хабарласып ескерту; жарыс, конкурстар, отбасылық жағдайлар) қатыспай, оны дәлелдейтін құжаттар болған жағдайда ғана бұл мүмкіндік беріледі.

Мұндай жағдайда сіз Тіркеу офисінің директорының атына өтініш жазасыз, онда әр пән бойынша дәлелдейтін құжатты силлабуспен бірге көрсетіп, мәселенің мән-жайын ашып жазасыз. Сіздің өтінішіңізде факультет деканының рұқсаты болуы тиіс. Құжаттар тіркеу офисіне сабаққа келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Тіркеу офисі мәселені оң деп шешкен жағдайда сізге жеке жинақтау ведомосы (ЖЖВ) пәндердің тізімімен бірге шығарылып беріледі. ЖЖВ-не нақты пәндерді кіргізу туралы мәселе мерзімге байланысты шешіледі – берілген пән бойынша емтихан мерзіміне дейін кем дегенде екі күн бұрын болуы қажет. Мұндай болмаған жағдайда сізге бұл пәнді ақысыз қосымша (жазғы) семестрде тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Тіркеу офисінің ЖЖВ-на пәнді тіркеу мүмкіндігі болған жағдайда силлабусқа сәйкес осы аптада жіберген сабақтары бойынша жоғалтқан балдарының саны анықталады және қайта жинақтау үшін оны балдың жоғарғы көрсеткіші ретінде бекітеді. Оқытушы бұл шектеуді жоғарылатуға құқығы жоқ.

Сіз қайта балды жинақтау мен ЖЖВ-сын Тіркеу офисіне бекітілген мерзімде қайтарып беруді жүзеге асыруыңыз керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет