Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет17/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
Мемлекеттің негізін анықтайтын өзге де әдістер бар, оларға сай мемлекет бұл:

- экономикалық билеуші топтың қысымы (топтық әдіс);

- биліктің институционалды көрінісі (институционалды әдіс);

- белгілі бір әдіспен ұйымдасқан қысым (күш көрсету тұжырымдамасы);

- саяси элитаның ұйымдасқан басшылық етуі (элитарлық әдіс);

- адамдар жүріс-тұрысын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы (нормативтік әдіс);

- адамдар өмірлерін және ынтымақтасуын қамтамасыз ететін белгілі нормативті тәртіп (Санистебан, испандық мектеп);

саяси билік қызметі мен ұйымдасуының құқықтық нысаны (саяси-құқықтық әдіс);

- арнайы макроұйым, қызмет көрсету орталығы, «қызмет көрсету өндірісі» (маркетингтік әдіс) болып саналады.

Мемлекет – бұл бұқаралық билікті иеленіп, өзінің егемендігі таралатын белгілі бір өңір көлемінде әлеуметтік үдерістерді басқаратын арнайы аппараты бар бірегей қоғамдық-саяси ұйым.

Мемлекет – бұл қиын, көп атқарымды, іштей дифференциаланған тұтастық. Сондықтан да, «мемлекет» түсінігіне анықтама беру ғана алуан түрлігімен ерекшеленбейді, сонымен қатар, оның іс жүзіндегі жүзеге асу мәселелерінің әдістері де әр алуан болып келеді. Антика дәуірінен бастап, мемлекеттің негізі және табиғаты жайындағы сұрақ бірнеше ұрпақ ойшылдарын алаңдатты. Нәтижесінде мемлекеттің шығу тарихы жайында ерекше теориялар пайда болды.



Қазіргі таңдағы ғылыми әдебиетте мемлекеттің пайда болуы жайында үш эволюциялық жолы жайында көзқарас бар (2-сурет):

- әскери (күш көрсету тұжырымдамасы: мемлекет – жаулап алу және әскерилер қатарынан элиталық топтың алға шығу нәтижесі);

- ақсүйектік (абыз, ақсақал, қоғам басшылығы арасынан билеуші ақсүйектердің бөлініп шығуы);

- плутократиялық (биліктің қаржы жетекшілері мен ауқатты тұлғалар қолында шоғырлануы) (16-сурет).



16-сурет. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы эволюциялық көзқарастар

Тарихи деректер көрсеткендей, негізінен, тәжірибеде бұл жолдар үйлесімді, бірақ, жалпы алғанда, мемлекеттің пайда болуы әрқашанда осы элитаның мемлекеттің пайда болуының бірінші баспалдағында бөлінуімен байланысты болып келеді. Қазіргі таңдағы батыстағы қоғамтану ғылымында осындай элитарлық тұжырымдамалар танылған, себебі олар қоғамның ассиметриялық құрылымы тұрғысынан мемлекеттің шығуы тарихын түсіндіруге көмектеседі.

Мемлекеттің негізін көпқырлы әлеуметтік бірлестік ретінде оның белгілерін бөлуде нақты көрсетуге болады.



Негізінен, мынадай мемлекеттік белгілерді бөліп көрсетеді (16-сурет):

өңір – бұл мемлекет егемендігі таралатын және мемлекеттік билік органдары өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыратын шектеулі кеңістік. Бұл биліктің басты негізі және мемлекеттік органдардың заңнамалық құзыреттілігі. Ол жерді, табиғи байлықты, су және ауа кеңістігін қамтиды;

халық – мемлекет аумағында өмір сүретін адамзаттың қоғамдастығы. «Халық» және «жұрт» түсінігін бөліп көрсету керек. Жұрт – бұл әлеуметтік жалпылық. Оның мүшелері мәдениет пен тарих танымдарының ортақтығының арқасында жалпы мәдени және тарихи сезімдеріне ие. Халық бір жұрттан тұрады немесе көптеген «ірі» және шағын жұрттан тұруы мүмкін;

бұқаралық билік – қоғамдық жүріс-тұрыс пен халықтың қызметін анықтау мүмкіндігі, қабілеті және құқығы болып саналады. Аталған мемлекеттің аумағында тұратын халықтың жүріс-тұрысын реттейді. Мемлекеттегі саяси биліктің маңызды белгісі – институцияланған сипат болып саналады. Себебі ол жалғыз ғана сатылық құрылымға біріккен органдар мен мекемелер негізінде жұмыс жасайды. Мемлекеттік биліктің тағы бір ерекше белгісі болып оның жалпылығы, бірегейлігі, жалпыға міндеттілігі және легитимділігі жатады;

салықтар – жалпыға міндетті және қайтарымсыз төлемдер. Олар алдын ала белгіленген көлемде және белгілі уақытта алынады. Салықтар басқару органдарын қамтамасыз ету, яғни мемлекеттің өмір сүруін қолдау үшін керек. Негізінен, салықтар күштеу арқылы алынады, бірақ, дамыған мемлекеттік нысандарда уақыт өте келе салық төлеу өз еркімен төлеу нысанына өтеді;

құқық – жүріс-тұрыс тәртібінің заңды тұрғыда бекітілген жалпыға міндетті жүйесі. Ол басқарудың бірден-бір маңызды құралы болып табылады және мемлекеттің пайда болу сәтінен-ақ қалыптаса бастайды. Мемлекет заң шығару жұмысын жандандырады, яғни мемлекет халыққа арналған заңдар мен нормативті актілерді және т.б. шығарады;

әскер – сыртқы жаудан мемлекетті қорғау қызметін атқаратын қаруланған күш. Кез-келгенмемлекеттің міндетті белгісі болып саналады;

мемлекеттік егемендік – халықаралық құқық субъектісіМемлекеттің халықаралық деңгейде тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, елдің барлық аумағында мемлекеттік биліктің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.



17-сурет. Мемлекеттің негізгі белгілері

Егемендік екіге бөлінеді:

ішкі – ішкі жұмыстарды шешудегі басымдық;

сыртқы – сыртқы сұрақтарды шешудегі тәуелсіздік.

Мынадай қосымша белгілерді де атап кетуге болады: жалғыз ғана мемлекеттік тіл, азаматтық, мемлекеттік нышан, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай ақпараттық жүйе, халықаралық мойындау.



Мемлекет мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп, қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Б.М. Лазарев мемлекеттік қарым-қатынас көзқарасы бойынша, қоғам мен тұлғаларды мемлекеттің негізгі бес эволюциялық кезеңдеріне бөледі (18-сурет):

1. Дәстүрлі мемлекет.

2. Конституциялық демократиялық мемлекет.

3. Құқықтық мемлекет.

4. Әлеуметтік мемлекет.

5. Мемлекеттің маркетингтік үлгісі.



18-сурет. Мемлекеттің эволюциялық кезеңдері

Бұлай бөлу, көп жағдайда, шартты болып келеді, себебі мемлекеттің эволюциясы – конституцияланбағаннан конституцияланғанға дейін және құқықсыздан құқықтылыққа өтуі үзік-үзік болады: көптеген аралық кезеңдер мен сатылар өз бойында дәстүрлі және конституциялық мемлекеттер белгілерін қамтиды. Мысалға, кейде, XX ғ. тоталитарлық мемлекеттерді де қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет