Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің



Дата07.02.2022
өлшемі19,98 Kb.
#90255
Байланысты:
Эссе
оқу бағдарламасы каз тілі

Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный орта мектебінің
11 «А» сынып оқушысы
Садуакасова Айдана Сарсенбаева

Эссе
«Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығы»


Қазақ әдебиетінің ұлы да, дана, дара ақындары Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы жайлы сіздерге сыр шертемін. Абай деген есімнің өзі қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамдық өркениеттіліктің символы мен тәрбиелік қасиеттің дәріптеу иесі болып саналады. Қай жылда, қай ғасырда болмасын Абай мәңгі өшпес тақырып екені баршаға мәлім деп ойлаймын.
Данышпан Абай атамыздың ізбасары қазақ әдебиетінің ойшыл жазушысы, ақыны, тарихшысы, философы, композиторы – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Абайдың інісі, әрі замандасы. Реалистік әдебиет дәстүрлерін жалғастырушысы Шәкәрім болып табылады. Қазақ әдебиетінде осы екі ғұламалардың есімдері аға мен іні, ұстаз бен шәкірт деп жиі бірге аталады. Абай мен Шәкәрім арасындағы тамырластық аса терең болып келеді. Екі ақынның тағдыры мен шығармашылығында көптеген ұқсастықтар мен айырмашалықтар бар. Ұстазы Абай сияқты Шәкәрім де алдымен реалист ақын.
Шәкәрім Абай қандай бағыт ұстанса, сондай бағыт ұстанған. Олар өз шығармашылықтарында көбісі өз заманының мәселелерін, қарапайым халыққа қоғамдық шындықты жеткізу мен қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыптарды көтеріп, екі ақын да ерекше дәріптеп жазған болатын. Сонымен қатар, Шәкәрімнің кейбір адамгершілік идеялары - Абай пікірлерімен үндес келеді. Мысал ретінде, Абай мен Шәкәрімнің адамның мақтан сүйгіштік мінезін қалай жазғанын қарастырайық.
Абай:
Көп тәңірі атқан мақтай ма,
Ол тәңірі атқан болмаса.
Жоқты – барды шатпай ма,
Көптің өзі оңбаса.
Шәкәрім:
Дос мақтайды сені жақсы көрмек үшін,
Дұспан мақтар елірте бермек үшін.
Есептемей есірік елін мақтар,
Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.
Бұл шумақтар мағынасы жағынын ұқсас болып келсе де, шумақ, ырғақ, ұйқас әр түрлі болып келеді. Себебі, Абайдың өлеңдерінде ұйқастар еркін әрі белгілі бір тәртіппен. Ал Шәкәрімнің өлеңдерінде оның әрбір өлеңі ұйқасқа қысылмайды, сөздері сара – сара, мағыналы да терең мазмұнды. Сонымен қатар, тағы да айырмашылықтары: Абай атамыздың шығармашылық қызметінің мәні – адам тәрбиесі.
Бұл халық пен болашақ ұрпаққа деген тәрбиелік қасиеттерді дәріптеу. Тұлғаның өнеге мен тәлім, парыз бен қарыз, адамгершілік, ізгілік, имандылық, мейірімділік, жақсы мен жаман қасиеттері. Ақынның мақсаты осы қасиеттерге халықтың иемденуі. Шәкәрім болса, өмір шындығы мен әлеуметтік жағдайларды, қайшылықтарды, зорлық – зомбылықты, бұқара халықтың ауыр күйін, өмірін, сипаттап жазады. Шәкәрімнің шығармаларында әлеуметтік теңсіздікті байқауға болады.
Соның ішінде әсіресе әйел теңдігіні, әйелдерді кем санағандарға қарсы шығуы. Аға мен інінің туындылары әр мәтінде болса да, олардың арасында бір жақындық бар екені мәлім деп санаймын. Менің ойымша, Абай атамыздың осындай данышпан да ойшыл Шәкәрімдей інісінің бар болғаны өмірдің сыйы. Себебі, Абайдың ізбасары ретінде жолын қуып, реалистік әдебиет дәстүрін жалғастырғаны, Шәкәрімнің ағасындай дана болғанын білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет