«Мен әлемді жақсы жаққа қалай өзгерте аламын?»



Дата07.02.2022
өлшемі15,99 Kb.
#90840
Байланысты:
эссе Оралхан Сагыныш
эссе Оралхан Сагыныш

«Мен әлемді жақсы жаққа қалай өзгерте аламын?»
Әлемді қалай жақсы жаққа өзгерте аламыз?..Осы сұрақты әр адам ойлануы тиіс.Ең алдымен,әлемді өзгертпес бұрын,өзімізді өзгертуіміз керек деп ойлаймын.Бірақ,көп адам өздеріне қарамай,мен неге өзімді өзгертуім қажет басқалары өзгерсін деп,басқаларын өзгертуге,олардың өмірлеріне араласуға дайын тұрады.Әр адамның өз кемшілігі бар,жасырмаймын менім де өз кемшіліктерім бар,сондықтан ешкім мінсіз емес.Біреудің айтқан сөзін,істеген ісін жөндемей,бірінші өзімізге қарап,жөндеп алуымыз керек.Әлемді жақсы жаққа,жаман жаққа да өзгертетін адамның өзі.Өзіңнен қазірден бастап бастасаң,сенен үлгі алатын адамдар көбейеді.Сендегі қасиет басқа бір адамды шабыттыруы мүмкін.Соның арқасында сен өзіңді жақсы жаққа өзгертіп,әлде қайда өзіңді жақсы сезінесің.Бұл,әрине,сен үшін үлкен жетістік болып табылады. Мектеп кезімде өзін-өзі тану сабағын жақсы көретінмін,себебі осы сабаққа келсем демалып,ішімдегімді айта аламын.Сондай тәлім-тәрбие беретін,адамзаттық құндылықтарымызды үйрететін,айналамыздағы адамдармен қалай сөйлесу керектігін үйрететін сабақтар болғанын қалаймын.Көп жастар осы нәрселерді түсінбейді.Елімізде қазір көптеген мәселелер орын алып жатыр: экологиялық,экономикалық -бұның бәрін де адам өз қолымен істейді.Біз әлемнің жақсарғанын,онда соғыс,жаманшылық болмауын қалаймыз,бірақ дүниені жақсарту үшін,өзімізден бастағанымыз жөн.Табиғатқа деген әр нәрсеміз дұрыс,тиянақты істелуі қажет.Мысалға алатын болсақ,қазір көп адам қоқыстың өзін дұрыс тастамайды,жанымызда дайын тұрған белгіленген жердің өзіне емес,сыртына,айдалаға тастап кетеді.Бұнымыз өте қате,себебі,сол жай бір қоқыстың өзі табиғатты ластайды.Солай істейтін адамдар өте көп.Өзіңіз ойлап көріңізші әрбір адам солай тастап кете беретін болса,қанша қоқыс болатынын,арты неге әкеп соғатынын.Осы мәсеселің өзінен әлемде ластанудан мәселе болып жатыр.Сондай нәрселерді болдырмау үшін,қолымыздан келгенше қоқысты арнайы белгіленген жеріне тастап,табиғатымызды аялауымыз қажет.Әлемімізді жақсы жаққа өзгертуіміз үшін,алдымен жақсылық жасап үйренуіміз қажет деп санаймын.Тағы бір жайттарды мысалға алатын болсақ,ол қазіргі таңда адамдар үйде түгіл,көшенің өзінде бір-бірімен дөрекі,сауатсыз,балағат сөздер қосып сөйлеседі.Қазіргі заманның өзінде кішкентай баланың өзі де,сол сөздерді естіп,көріп,айтып жатыр.Бұл өте қорқынышты жағдай.Себебі, мына жағдайға қарап,болашақта не болатынын білмейміз.Сонымен қатар,қазақтар бір-бірімен қазақша сөйлеуді қойды,екеуі де қазақ бола тұра,орысша сөйлейді.Міне,тіліміздің жойылып бара жатқанын осыдан байқауға болады.Қазіргі жастар рухани құндылықтарымызды,салт-дәстүрлерімізді,Отан алдындағы боршымызды көбісі біле бермейді.
Ойымды қорытыныдылай келе,әлемдегі адамдар бір-бірімен жылы,сыпайы сөйлесіп,үлкендерімізге орын беріп,оларды құрметтеп,мұқтаж адамдарға көмектесіп жүрсек әлем жақсарады деп ойлаймын.Қазіргі заманда адамдардың бойында жақсылық,сыпайылық деген қасиеттер жойылып бара жатыр,тек дөрекілік,өмірге разы болмай,қиналып жүрген адамдар көп.Ияя,барлығы солай істейді деп айта алмаймын.Бірақ адамдардың көбісі осындай болып кеткен,соған байланысты елімізде түрлі мәселелер орын алып жатыр,олардың бірі өз-өзіне қол жұмсау,ұрлық.Сондықтан, қолымыздан келгенше жақсылық жасап,бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болып,барлығын өзімізден бастасақ,әлем жақсы жаққа өзгереді деп нық айта аламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет