Мен және менің мамандығым



Дата17.07.2022
өлшемі38,61 Kb.
#147524
Байланысты:
Эссе менің кәсібім
1. Адамны жо ары де гейлі да ды, білімді жа а жа дайлар а орайл, Teal Blue Yellow and Orange Playful Profession Story Telling Presentation, 15 апта Lesson Study

Эссе
Мен және менің мамандығым.
Қазіргі таңда мамандықтың сан алуан түрлері бар. Бірақ мамандық таңдау әр адамның қалауы. Сондықтан қазіргі кезде ең – керекті мамандық психология. Психология – әр адамның мінез – құлқын, ішкі жан дүниесін зерттейтін ғылым.Ол адамдардың рухани қасиеттерін, олардың қоршаған ортаны түсінуін, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін орта. Адамның психикасына тек ой, сезім, ерік ғана емес, сонымен қатар адамның психикалық қасиеттері, қызығушылықтары, қабілеті, мінезі, темпераменті де кіреді. Ол сонымен қатар кез- келген тіршілік иесінің өмірінде маңызды рөл атқарады. Психология психикалық процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп, адамның белсенділігі мен тұлғасына психологиялық сипаттама береді. Психология адамға өзін түсінуге көмектеседі және адамдармен қарым -қатынасты айтарлықтай жеңілдетеді. Ол адамдарға бір - бірімен сөйлесуге, байланыс орнатуға көмектеседі.
Мен психолог мамандығын таңдадым. Мектепте психологы болып 11 жыл жұмыс жасаймын. Білім мен ғылым министрлігі бекіткен бұйрығы бойынша, жылдық жоспар құрып, қиын топ, үлгерімі төмен оқушы балалар, дарынды оқушылармен жекелей жұмыстар жүргіземін. Әртүрлі психологиялық әдістер, тесттер, бақылау жүргізіп, қортындыларын жекелей дәптерлеріне жазылады. Жаңадан келген оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушылармен әртүрлі психологиялық ойындар, жаттығулар болады. Психолог маманы әртүрлі жас кезеңдерге бөлінген. Негізгі мектеп болған соң 9 оқушылармен кәсіби бағдарлама бойынша мамандық таңдауға кеңестер беру. Ата – аналар мен мектеп, ұстаз – үштік одақ құрып, тығыз байланыста болу.
Технология заманы дамыған кезде, интернеттен кәмілетке толмаған балаларға неше түрлі ойындар, жарнамалар, әндер, мәліметтер көп таралған. Алдын алу шаралар кезде «Қауіпсіз интернет», «Менің бос уақытым» атты тренингтер, дөңгелек үстел, пікіралмасу, қыз балалар мен ұл балалар арасында ашық әңгімелер өтеді.
Мектеп психологы оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым – қатынастарды бақылап, кеңестер береді. Үлкен мәселелерді бірігіп шешеді. Психолог мектептің қабырғасы деп ойлаймын. Дұрыс салынбаған қабырға қисайса не болады. Қабырға сияқты мектеп психологының жұмыс сондай. Егер дұрыс нәтиже шығармаса, қисық қабырға құсап, теріс нәтиже береді деп ойлаймын.
Психология мамандығы өте ауыр. Кей адамдар түсініп, кеңес сұрайды, түсінбеген адамдар әртүрлі ой – пікірлер қалыптасып отырады. Арасына ірткі салады, ұрыстырады, жылатады, соған ләззат алып, мазақ қылады.

Эссе
Мен және менің мамандығым.


Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла …» деп Абай Құнанбаев айтқандай, әрбір адам жеке тұлға, олардың әрбіреуінің шешілмеген жұмбағы бар, сол жұмбақтың кілтін тауып аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу біздердің, психолог мамандардың міндеті.


Мен бұл мамандықты таңдар алдында көп ойланып, психолог маманының қызметін толық ұғынбаған едім. Қазір осы мамандықты таңдап қателеспегенімді түсіндім.
Туған тілімді сүйетін сезімтал да, ақынжанды ұстаз едім. Алғаш мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде жас маман болып келіп, әр шәкірттің жүрегіне үңілдім.
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла …» — деп Абай Құнанбаев айтқандай, әрбір адам -жеке тұлға, олардың әрбіреуінің шешілмеген жұмбағы бар, сол жұмбақтың кілтін тауып аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу ғажап іс.
Әрбіріне барлау жасап, зерттегім кеп тұратынды…
Сол шақта психолог мамандығы маған ерекше ұнап, мамандығымды осы салаға бейімдеп, мектепте «жаңа маман» иесі боп жұмысымды жалғастырдым.
Екінші ұстаз, философ Әбу Насыр Әл – Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп айтып кеткен болатын. Ең алдымен адамға тәрбие берілуі керектігін, тәрбиесіз білімнің болашағы қараң екендігін түсінген кезде, өмірімнің қиын кезеңдеріне тап болғанымда, мен өзімнің осы мамандықты таңдағаныма қуандым.
Мамандық таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен болашақ жұмысының мазмұны арасындағы байланыс маңызды рол атқарады. Кез-келген мамандық адамның бойындағы сол мамандыққа сәйкес келетін «кәсіби маңызды қасиеттердің» болуын талап етеді. Осы кәсіби маңызды қасиеттерді өз бойымнан көре алмадым ба деген ойда туындаған болатын, бірақ ол кәсібиліктің өмір мектебі мен психологияны, психолог қызметін ұштастыра отырып келетіндігін ұғындым.
Психолог мамандығы қарапайым жаттап алып бере салатын нәрсе емес, ол үшін азды-көпті өмірден алған тәжірибең, айнала адамдарға деген шынайы көзқарасың, адалдық, кеңпейілділік қажет деп ойлаймын. Ұстаз баланың біліміне, сауаттылығына, тәрбиелілігіне аса көңіл бөлсе, психолог оқушының ішкі жан-дүниесінің тыныш болуына, көңіліндегі қиындықтардың шешуін таба алуға үйретеді. Яғни, қоғамдағы тұлғаның психологиялық және әлеуметтік дамуына аса көңіл бөледі.
Ұстаздық пен психологтың ұғым жағынан айырмасы жоқтың қасы. Мұғалім – үнемі білім берудің тамаша әдістерін іздеп жүреді, ал психолог оқушының ішкі жан-дүниесінің тыныш болуына, көңіліндегі қиындықтардың шешуін таба алуға үйретеді. Менің өзіндік ұстанымым да- әр адамның жүрегіне үңілу.
Сондықтан психолог кім?- десек, Ол- ең ғажап мамандық иесі- дер едім. Себебі:
— ол- адам жанын емдеуші, қоғамдағы кейбір қатыгездіктерден жасқанып жүрген шарасыз жандардың көзі мен көңілінен жанын ұғушы;
— ол, алдымен, зерттеуші. Диагностикалық жұмыстардың нәтижесінен жанұядағы немесе жеке бас өзгерісін біліп, оң бағытқа қарай бағыттаушы;
— ол- бақылаушы, «ерекше қабілетті» мен «ерекше назардағы», «қадағалауды қажет ететін», «қамқоршылықтағы», «қолайсыз отбасындағы балаларды» үнемі назарда ұстап, жандарына қамқорлық арқылы алақан жылуын беруші;
— ол- әр адамның мінезі мен ерекшелігін зерттеп, танып, олармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдеріне жол тауып беруші;
— ол- қарым-қатынас мәдениетіне үйретуші, ата-аналар мен оқушылар арасында танымдық ойындар мен тренингтері арқылы позитивті көңіл-күй мен қуаныш сыйлаушы;
— ол- дамытушы, даму мүмкіндігі шектеулі немесе түрлі санаттағы балалармен тіл табысып, оларға өмірдің бағытын нұсқаушы;
Бір басына сан сырлы, сан қилы құндылықтарды жинап, жанарларға сыр ұға қарайтын, тек қана жылу сыйлауды басты мақсат санайтын психолог болу ғажап-ақ.
Қазақтың «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзінде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды.
Мектептегі педагог-психолог – қоғамдағы тұлғаның психологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Демек, психолог- маман адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат пен тұлға болып, әрі қарай жетілуіне әсерін тигізбек.
Қорыта айтсақ, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек. Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.
Эссе “Психология менің өмірімде және кәсібімде”

ХХІ ғасыр – психология ғасыры


А.Эйнштейн
Менің ойымша,психология — жеке тұлғаның ішкі жан дүниесі, мінез-құлқы, түрлі сезімдері және ақыл-ойы. Психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Психология адамға мінез -құлық, қарым -қатынас, қоршаған әлемді білу және мінез ерекшеліктерінің әдеттегі жиынтығы ретінде көрінеді. Шын мәнінде, психология - бұл біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі. Мектеп, университет, жұмыс - барлық жерде әр түрлі адамдармен байланысу қажет. Бұл жерде күнделікті психология қажет болады. Адаммен дұрыс қарым -қатынас жасай білу үшін психолог болу міндетті емес, тек психологияның қарапайым негіздерін білу жеткілікті. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде психологпыз: туыстар үшін, достар үшін.
Жалпы психология- біздің өмірімізде мектеп шагынан бастау алады. Мектептегi педагог-психолог апайлардың бiзден келiп, тест алып, тәрбие сагаттарын өткізіп, әртүрлі жиындар ұйымдастырғанынан бастап «психологияны тани бастадык десекте болады. Ал, казiр мен оны жеке пән ретінде оқып жатырмын. Енді, психологияның менің өмірімдегі және кәсібімдегі орнына келетін болсақ.
Психология менің өмірімде және кәсібімде маңызды рөл атқарады, өйткені мен қоршап тұрғанның бәрі менің санама әсер ететініне сенемін. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, тұлғааралық қарым-қатынасты қалай тиімді құруға және кәсіби тұрғыда өзімнің жеке шешім қабылдауымды түсінуге үйретеді, ең бастысы жақындарыңмен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның кез келген жоғары оқу орындарында және колледждерінде психология міндетті пәндер қатарында.Себебі әр мамандықта адамдармен қарым-қатынас жасау маңызды рөл атқарады. Әсіресе, виртуалды әлемде өмір сүріп жатқан XXI ғасырда адамдардың психологиясына зақым келуде. Виртуалды әлем дегеніміз адамдардың компьютер ішінде өмір сүруі, яғни барлық қажеттіліктерін компьютер көмегімен қамтамасыз етуі және де компьютерлік ойындарды шын өмірмен байланыстыруы.Соның әсерінен адамдардың психологиясы бұзылады, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы нашарлайды.Психологтар жүргізген эксперименттер көрсеткендей,компьютерлік ойындарды ұзақ уақыт ойнайтын балалар жиі қатігездікке бейім болады.Сондықтан психологияның негізін түсіндіру үшін психология пәні оқытылады.
Алғаш бірінші курсқа келген әр студентке жаңа ортасы әрқалай әсер етеді. Кейбір студенттер тез үйреніп кетсе, басқа студенттерге жаңа адамдармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасау қиындық тудырады.Бұл студентке психологиялық жағынан әсер етеді. Психологиясы әлсіз студенттер оқудағы қиындықтарға шыдамай түрлі әрекеттерге баруы мүмкін. Бұл жағдайлардың алдын алу үшін жоғары оқу орындарында психологтар белсенді жұмыс жасайды және психология пәні жүйелі түрде оқытылады. Дегенмен Қазақстанда психологтардан кеңес алуды құптайтындардың саны кемде-кем.Себебі біздің елімізде басқа адамға өз қиындықтарыңды айту ыңғайсыз көрінеді. Бұл – қате түсінік.
Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі. Әр істе, күнделікті өмірімізде, кәсібімізде түрлі жағдайларға душар боламыз. Яғни түрлі таңдаулар жасаймыз, мақсатымызға ұмтыламыз, эмоциональды тұрақсыздыққа тап боламыз, адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында түсініспеушіліктерге кезігеміз. Осындай сәттер туындағанда біз психологияға жүгінеміз.
Қорыта айтқанда, психология, ең алдымен, адамның өзін-өзі жақсы түсінуіне, мінез-құлқына, эмоциональді күйіне, санасының ашық болуына әсер етеді.

Эссе «Менің мамандығым – педагог-психолог»


«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер»
З.Фрейд.
«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.
Бұл қандай мамандық? Болашақта қандай мамандықты таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім.Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол әлем – психология әлемі – жан туралы ғылым.
Қазіргі заманда адамның тұтыну құралдарының дамуы артқанымен, адам бойындағы асыл қасиеттердің құндылығы азайып келе жатыр. Күн ұзағына пенделік қым-қуат тірлікпен арпалысқан адам бір сәт жабырқау тартқан жанына рухани қуат іздейді. Сол сәтте оның жағдайын түсініп, көмек қолын созатын адам психолог қана. Психологпен әңгімелесу сананы сілкіндіріп, тұнық ойлардың тұма көздерін ашары бүгінгі күні дәлелденген шындық. Тағы бір еске ұстайтын жайт бала тәрбиесіндегі психолог маманының орыны. Бүгінгі баланы еш нәрсемен қызықтыра алмайсын. Техника әлдилеген сәбилер, қазіргі балалар шынайы ойындарға құмар емес. Компьютер мен ұялы телефон балаларымыздың 4-5 жастан бас­тап сенімді серігіне айналды. Тоқтаусыз тіршілікпен арпалысып жүрген ата-ананың оның тәрбиесіне уақыты да, мұршасы да келе бермесі анық. Ал психолог маман бұл тұрғыда жас өскіннің жетіліп өсуіне, оның көк тіреген дараққа айналуына септігін тигізер бағбан іспеттес.
Осындай адам тағдыры ұстара жүзінде тұрған уақытта әр жүрекке мейірімділік шуағын ұялатып, адамдар арасындағы махаббат пен достықты, адалдық пен шыншылдықты, ақпейілділік пен дархандықты нығайта түсетін жан өте қажет. Сондықтан психолог мамандығы өзінің өміршеңдігін жоймақ емес. Бұл кәсіп адамзат баласы тіршілік етіп тұрған уақытта қай кезде де құндылығын жоғалтпайды. Кеше ғана өткен жастар жылының ашылуына арналған форумда Елбасымыз айтпақшы «Болашақта барлығын жасанды инттелект басады, тек кейбір мамандықтар ғана өз маңыздылығын жоймайды» деп, осы мамандықтар қатарында менің мамандығым ойып тұрып орын алады деп сенемін.
Әрине, заман ағымына қарай адамның психологияға, жалпы психологтарға деген көзқарасы, қатынасы өзгермес үшін біз осы мамандықты ұстанушылар оның беделін түсірмей, керісінше асқақтата білуіміз қажет. Негізгі кез-келген жұмыстың нәтижелі болуы, ол біздің жұмысқа деген қатынасымызға байланысты деп ойлаймын. Қазіргі жаһандану заманында мамандыққа қойылатын талап та адамның оған деген көзқарасы да қатты өзгерді десем келісетін шығарсыздар? Яғни, елімізде қазіргі уақытта талқыланып жатқан педагог мәртебесі, біздің мамандыққа да жат емес ұғым. Қазіргі балабақшаға келетін ата-ананың балабақшаға деген сенбестік көзқарасы, психологтардың шынайы жұмыстан гөрі, сансыз көп жиналыстардың тыңдаушысы болып жүруі, мамандық бойынша нақты ортақ бағдарламалардың жоқтығы, психологтың әлеуметтік беделінің төмендеуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Әрине, біз адамдар кез-келген қиындық үшін басқаны немесе мемлекетті кінәлауға асықпыз, бірақ негізі кез-келген іс-әрекет адамның өз ісіне жауап ретінде болады, не ексең соны орасың дегендей. Мысалы, бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?»- деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін», – деп жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады.
Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»,- дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» – деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әр түрлі. Міне, жақсы психолог пен жаман психолог, жақсы мұғаліммен мен нашар мұғалім, жақсы маман мен жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймын. Ол өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен.
Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ-психолог болып, қалай болса солай қарым-қатынас жасауға мүлдем болмайды. Себебі балалық шақ бұл маңызды кезең, бұл үлкен өмірге дайындық немесе мектепке дайындық емес бұл баланың қазіргі өмірі, ертеңгі болашағы. Сол себепті, Елбасымыздың «Жастар жылының ашылуына арналған форумда «мамандықтан басқа мамандыққа секіріп, өзімді таппадым деп жүре бергенше, бір мамандықты жақсылып, меңгеріп соған өміріңді арна» деп бекер айтпады.
Сөзімді қорытындылай келе, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек.
Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет