«Менің мамандығым»



Дата04.03.2022
өлшемі22,02 Kb.
#134358
түріСабақ
Байланысты:
Мөлдір Ибадуллаева 1701-10 экономика
Мөлдір Ибадуллаева эсссе, Ибадуллаева Мөлдір 11 апта ХАӘ, Ибадуллаева Мөлдір 1701-10, Ибадуллаева Мөлдір эссе 13 апта педагогика, Ибадуллаева Мөлдір 10 апта, Реферат Мөлдір Ибадуллаева фонетика

«Менің мамандығым»

Экономика кез-келген мамандық иесі үшін қажет сала. Өйткені, Қазақстанда тұратындықтан, ел экономикасынан барлық азамат хабардар болу керек. Мәселен, мен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқып жатырмын. Болашақта мектеп қабырғасына барып, балаларды білім нәрімен сусындатамын. Ал оларға үлкен өмірде экономика туралы білуі маңызды. Кем дегенде біреуі экономист болуы да мүмкін. Сондықтан, оларда фундамент болуы керек. Ол үшін әр сабақты экономикамен байланыстырып өту қажет. Ол түбінде керегіне жарайды. Мысалы, болашақта қаржы саласынан сауаты болса өмірде алаяқтардың арбауына түспейді. Өзінің құқығын біліп, ешкімге жем болмайды. Әр ұстаз осы туралы кеңінен ақпарат беруі тиіс. Сондықтан эконокмика сабағының маңызы зор.



Сондай-ақ қазірде экономист мамандығы сұранысқа ие. Өйткені, интернет алаяқтары қаптап кеткен. Одан құтылудың жолы-сауатты болу. Тіпті қазір несие алып та қаржысынан қағылып жатқандар баршылық. Өйткені банктер де түрлі айла арқылы халықты алдап соғады. Мысалы, несие алуға барған азаматтардың басым бөлігі келісім шартты оқымай қол қояды. Себеп жұртқа түсініксіз тілде жазылуы. «Инфляция» деген сөз бар. Яғни, инфляция өссе, баға қымбаттайды. Мұны түсінбегендер аса назар аудармайды. Егер келісімшартта инфляцияға қатысты дүние жазылса оған жолаудың қажеті жоқ. Себебі, инфлияцияның пайызы өссе (баға қымбаттаса) несиенің де пайызы өсіп отырады. Дағдарыстың жағдайға байланасты деп 10 пайызбене алған несиеңізді инфляцияның өсуіне байланысты екі есе көп төлеуіңіз мүмкін. Бұл әрине тұтынушыға зиян. Әрі бұл мысалдың бірі ғана. Егер осындай жағдайды білмесеңіз біршама ақшаңыздан айырылысасыз. Сондықтан экономикадан хабардар боу маңызды. Ал оны мектептегі балаға ұстаз үйретеді. Себебі білім ордасында экономика сабағы болмайды. Яғни, қазақ тілі әдебиеті мұғалімі де экономиканы білуі керек. Тек қазақ тілі әдебиеті ғана емес барлық дәріс беретін мамандар білгені абзал.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет