Менің роботым



Дата19.09.2023
өлшемі18,92 Kb.
#181482
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)
17.02 5ә, Юсуп Мәдина Қалыптастырушы бағалау, КТП 10 кл қазақ тілі ЖМБ-1-1-1, 8-әдебиет,ктж, КТП 10 кл қазақ тілі ЖМБ-1-1-1-1, 2 сабақ География ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу проблемалары, Хим силлабус , Абайтану, АТА АНАМЕН ТРЕНИНГ-1

Менің роботым
Менің бала кезімде роботым бар еді. Роботымның аты—Ару 03 болатын. Біз бірге ойнайтынбыз, әңгімелесетінбіз. Мен ол кезде мектепке енді барғандықтан Ару 03 маған әріп жаттатып, көркем жазуды үйрететін. Арада 5-6 жыл өткеннен кейін робот екеуміз айдың арғы жағын көруге, ғарышқа саяхаттауға қызықтық. Бірақ жай зымыранмен ұшқымыз келмеді өйткені, ғарышқы зымыранмен барсақ ешнәрсе көре алмаймыз. Сондықтан жолай көріп, тамашалап бару үшін кәдімгі шырмауықты алып армандап ектік. Ол ұзын болып өсті. Бір қызығы дәл айға дейін өсті. 9 мамыр күні Жеңіс күніне орай шырмауықпен айға көтерілдік. Жолай талай қызық, талай бейтаныс нәрселерді көріп, таң қалумен жүре бердік. Бір ғажабы жол-жөнекей кездескен барлық нәрселер біздің айға сапарымызды құптағандай көмектесумен болды. Біраз жүріп айдың арғы бетіне дейін жеттік. Ол жерде көп роботтар бар екен. Бір қызығы ол роботтардың аттары санмен нөмірленеді екен. Бізді қарсы алған 21032011 роботы. Ал айдың арғы бетін таныстырған 20110321 роботы. Ару 03 осында қалғысы келді. Себебі жерде роботтар жоқ десе де болады, онымен менен басқа ешкім ойнамайды, оның үстіне менің бос уақытым аз. Ал мұнда оны барлығы бағалап, өз досындай көріп кетті. Бірақ мен оны қимаймын. Өйткені, мен оны өзім жасағанмын ғой. Сол кезде маған мынадай ой келді айдың арғы бетіндегі роботтарды жерге апарсақ, сосын бүкіл әлемге жаңалықты таратып, адамдарға көмегімізді тигізсек.-деген едім. Басында Ару 03 уайымдады, кейіннен келісті. Дегенмен біздің жоспарымыз дұрыс орырдалды. Қазір неше түрлі роботтар бар, олар Ару 03 екеуміздің арқамызда жерде пайда болды. Бүгінге дейін Ару 03 екеуміз біргеміз.
6 А сынып оқушысы
Абдихалык Аружанның "Менің роботым" атты әңгімесі
Робот - бұл адамның қиялынан туған жасанды дүние. Қазіргі таңда бұл роботтар адам баласының көмекші құралы атанып кеткен. Мәселен, үй шаруасына арналған робот. Ол робот үй жинайды, тамақ пісіреді, кір жуады, т.б. Жалпы айтқанда, адам тұрмысының мәселелерін жеңілдететін робот.
Мен өз роботымды құрағым келеді. Әрине, ол үшін менің қиялым жүйрік, данышпан болуым керек. Бірақ менің қиялым оған жетеді деген сенімдемін. Менің роботым дәл адам сияқты болса деймін. Оның ерекшелегі- тек адам істейтін дүние, шаруа істеу емес, адам баласының жанын, ауырғанын түсініп, жанындағы барша адамға жылу мен ыстық лебізін білдіріп, адамгершілікті, адамның көңіл-күй эмоциясын түсінетін робот. Шындығында осындай роботың болса сенің жанындағы ең сенімді серігің, көмекшің. Иә, бірақ мұндай робот жасау мүмкін емес деп ойласам да, бәлкім, мүмкін шығар деп те қиялға батам. Ертегілердегі ұшатын кілем, дүниенің төрт бұрышын көретін айна, тілек орындайтын жын, түрлі дәмді әп-сәтте дайындайтын дастархан- барлығы да кезінде адам қиялынан туған болатын. Ал қазір осының бәрі шындыққа айналды. Мұндай робот жасау біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын. Егер біз білім қуып, оқып, қазіргі технологияны меңгерсек бұндай роботтарды, тіпті одан да керемет, заманауи өнертабысты табамыз.

Менің роботым


Мен кішкентай кезімде робот алсам деп армандайтын.тӘкем сөзімді жерге тастамай, туған күнімде робот әкеліп берді. Оның аты- Гарри 07. Мен оған киім тігіп, оған қамқор болатын едім. Бір күні біз ғарышқа ұшамыз деп жоспарладық. Гарри 07 екеуіміз 0507М зымыранымен ғарышқа ұштық. Гарри 07 екеуіміз зымыранда ойнап жүріп, бір тетік басылып кетті. Зымыран қара құрдымға келіп тоқтады. Біз еш мұнайған жоқпыз. Керісенше, қара құрдымды гүлдендіргіміз келді. Ағаш егіп, қара құрдымды жасыл желекке айналдырдық. Гарри 07 зымыранды қалпына келтіріп қойыпты. Қайта жерге оралдық. Сөйтсек, Көксәйек мүлдем өзгеріпті. Жеңіс мектебі әлемдегі ең керемет мектеп екен. Мектеп қабырғалары әйнекпен қоршалған. Сырттан оқушылар мен мұғалімдердің не істеп жатқаны бәрі көрінеді. Өте керемет. Білім жағы өте жақсы . Оқушылардың бәрі ақылды.
Гарри 07 - ден бөлек көптеген роботтар пайда болыпты. Оларда дәл Гарри 07сияқты роботтар. Роботтарға арналған мектеп ашылыпты. Және менің роботым мектепке баратын болды. Мен бұған қуаныштымын. Және әлі күнге дейін Гарри 07 менің жанымда.

Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады деген рас екен ау. Бұрын осы сөзге мән бермеуші едім. Әңгімені басынан бастайын. Келін болып келгеніме 20 жылға жуықтапты. Өмірдің ақ-қарасын көріп жүріп бес баланың анасы болыппын. Келген жерім өсіп-өнген қарапайым ғана отбасы. Ата-енемді шын дүниеге де шығарып салдым. Қарапайым отбасы десем де тарихын шертсең талайға үлгі болар әңгімелері бар. Атам да енем де сондай тамаша кісілер болды. Жандары жанната болсын. Атам әкеден жастай қалған, анасы кеткенде атам үйдің үлкені артында үйелмелі-сүйелмелі екі інісі қалыпты. Сол екі інісін оқытып «сендер оқыңдар, кем болмаңдар» деп жетілдірген екен. Атамның арманы орындалып екеуі де бірі профессор, екіншісі білікті дәрігер болған. Ата-енемнің көзі тірісінде үлкен қалада тұрса да үйге жиі келетін. Қазір ол кісілердің де көзі жоқ. Айтайын дегенім осы үлкен кісінің бірі қайтыс болып, жыл асы болатын болды. Үлкен қалаға баратын болдық. Балалары орысша оқып, орыстанып кеткен. Туған ағайын болсақ та арамызда бір көрінбес шегара бөліп тұратын. Сонымен атаның баласы күтіп алды. Жаны қалмай қалбалақтап күтті. Қуанғаны жүрісінен- ақ көрініп тұр. Үйдегі жеңшеміз де орысшалау ол кісі де ас-ауқатын алдымызға қойып күтіп жүр. Ет асып, түнгі уақыт болсада жеңше тамақ берді. Риза болыстық. Үйлері еңселі, тамаша етіп заманауи үлгіде соғып, әр бөлменің өзіндік мәні, дизайны бар екен.


Өзіммен бірге бес жасар ұлымды алып алғанмын, ол ойыншық деген соң қайынағам баласының кішкентай машиналарын әкеліп берді. Баласы шетелде оқуында екен. Әр елге барған сайын кішкентай ойыншық мәшинелер әкеліп, коллекция жинайды екен. Жаңағы қайынағамның әкелген мәшинелері сол коллекция екен. Бала мәз болып әбден ойнады. Мен осыларды әкетейінші деп қояды. Иә, иә деп біз отырмыз. Сонымен ұйқыға жаттық. Таңертең шәй ішіп жыл асы болатын мейрамханаға ағамен шықтық. Баламыз кетерде ойыншық мәшинелерді әкетемін деп, оны қоя сал қайтып осы үйге келеміз деп қалдырдық. Онда мен тартпаға тығып кетейін иә деп шкафқа салып қойды. Мен балаларымның барған жерден, немесе басқа жерден болсын рұқсатсыз зат алдырмаймын. Ол жағына өте қаталмын. Бұл әңгіменің бәрі абысынның көзінше болған болатын. Қайнағаның мәшинесіне отырып мейрамханадан бұрын апаны көрейік деп бұрылдық. Абысын менің заттарым бар соны алып кейінірек шығамын деп үйде қалды. Апамыздың үйіне келдік. Апа дегенім атамның дәрігер інісінің әйелі. Сөйтсек ауылдан біраз ағайындар да барыпты сонда екен. Олармен амандасып, біраз шәй ішіп болған соң апаға қарап мен бара берейін деген едім, апа да менімен ілесіп сыртқа шықты. Әлгі Донидың коллекция машиналарын сөмкеңе салып алыпсың, олар өте қымбат мәшинелер соны маған бере ғой, келінім звондады алып қала салыңыз деп дегені. Ааа, деп сөмкемді ашып қарай беріппін. Сөмке де ештеңе жоқ мінекей қараңыз, қараңыз деп. Жүгіріп машинаға бардым. Мүмкін мен байқамай қалдым ба, бала балалықпен салып қойды ма деп жол сөмкемдегі киімдерімді ақтарып салдым. Жоқ. Қайнағам болса не болды деп аңтарылып жанымда тұр. Манағы коллекция машиналарды іздеп жатырмын деп қоямын. Ол үйде ғой дейді ол кісі. Қазір мен звондайын деп жеңгешеге звондап жатыр. Тартпаны қарасын, тартпаны деп қоямын. Сонымен мейрамханаға бардық. Көңіл-күй болмай қалды. Мейрамханада жеңшемізді көріп мәшинелерді таптыңыз ба деп сұрадым. Ааа, иә тұр екен үйде деп күліп қояды.
Жеңшенің бірауыз сөзі көңілімді су сепкендей басты. Ас болып жатыр. Дастархан жайнап тұр, тәбетім де жоқ, көңіл-күйім де жоқ. Әйтеуір бітті-ау. Қайттық. Кінәні өзімнен іздедім. Баланы ертіп шығып нем бар еді?, Қонақүйге бара салмай деп әбден әбіржісем бола ма? Күйеуіме айта алмаймын. Ағайын арасын бұзбайын, өздері де анада-санда барысады деп. Ішімнен тынып ұры болғаныма ызам келіп бір аптадай қорландым –ау. Содан бері біраз уақыт өтсе де осы оқиға есіме түссе әлі көңілім құлазиды.

Қиял ұшқырлығы биіктерге самғатады.



Қиялдау, ойлау, армандау, мақсат қою осы сөздердің бәрі де бір-бірінен ажырамайтын ұғым. Фантастика-көзге елестету деген мағына береді екен. Адамзат пайда болғаннан бері қиялдау бар болар. Өйткені адамның күні қиялсыз елестету мүмкін емес. дқ

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет