«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім »



бет1/2
Дата03.03.2022
өлшемі18,11 Kb.
#134198
  1   2
Байланысты:
Бегалиева Ф. эссе информатика 2020
4 кл ДШ., кмж, байкау орынбасар, 1 сабақ

«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім...» 
Мамандық – әр адамның сүйіп жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Мен өз жұмысыммен мақтанамын. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде ұстаздар болашақта мұғалім мамандығын таңда деген ұсыныстар айтатын, алайда өмір ағымына қарай орта мектепті бітірген соң экономист мамандығын таңдап жоғары оқу орнына түстім. Он жылдай сол салада жұмыс атқардым, дегенмен де түбінде ұстаздық қызметтің жүрегіме жақын екеніне көзім жеткен соң екінші мамандық таңдап ұстаздық жолға келдім. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. 2002 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне түсіп, 2004 жылы информатика пәнінің мұғалімі мамандығын алдым. Педагог – болу оңай жұмыс емес. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан да мен мамандығымды мақтан тұтамын, шебер ұстаз атанып, үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін–өзі дамытып жетілдіре алатын шәкірттерді дайындаудамын.
Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін, бірақ оқушылармен өткізген қызығы мен қиыншылығы мол күндерімді ой елегінен өткізе отырып олардың ыстық ықыласын, үмітке толы көздерін, тәтті қылықтары мен шын жүректен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Менің ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, кішкентай қуанышы болса да бөлісу және табысын бағалай білу.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.
Мамандығын дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым– мақтанышым» дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп шарықтау шыңына жетеді.
Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлуеметтік-экономикалық, саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді, жаңа міндеттер жүктейді. Осы міндеттерді орындау мақсатында педагогикалық ұжыммен бірлесіп

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет