МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет97/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105
Россиядағы аралдар һәм таулар.
Россия патшалығынан саналатын аралдардың атақтылары мыналар: сол жақта Калгойб, Новая земля, Байғаш, Лиақов.
Аралдары. Күншығысында- Сақалын аралының жартысы Россияның... бөлімінде. Орал, Кавказ, Қырым, Уалли, Уалдай таулары бар. Бұлардың ішінде ең ұзыны- Орал таулары болып оңға ұзайган Орал тауының ұзындығы екі мың шақырымнан артық. Биіктігі- бір жарым шақырым. Оң жақтагы көп тармақтарға айрылып, кеңдігі- екі жүз шақырым шамасындай болады. Орал тауының үсті қалың ағаш болып, түлкі, сансар, қарсақ, сабыр, аю- сияқты жүнді хайуандары көп болады. Ішінде алтын, күміс, платин-сияқты қымбатты михындар, мірміре, малақит, иашма, тапас, биллор, алмас- сияқты қымбатты тастары көп. Бакыр, темір есепсіз.
Қапқаз таулары Каспий теңізі мен Қара теңіздің арасында болып, Орал таулары сиякты ұзын болмаса да, биіктігі көп артық. Ең биік жері- бес жа­рым шақырым болған Елбұрыс [Эльбрус] тауы, Жағатау (Игатау), Қазыбек тауларының биіктігі, Кавказ тауларының ұзындығы 1100 шақырым, кеңдігі 1200 шақырым. Қырым жартыаралында Қырым таулары Кавказ тауларының бір өлшеуіші болса да, Кавказ таулары сияқты биік емес. Ең биік жері- Шадыр тау. Кавказ тауларында қымбатты мыхдындар, қымбатты тастар Орал тауларындағы болғандай болмаса да, кен суларынан, жемісті һәм қымбатты ағаш-тоғайлары болмаса да, кен суларынан, темірлі, күкіртті сулардың жылы-сы нэм салқыны көп болады. Алтын, күміс азырақ бар. Кавказдың ең үлкен байлығы-нышпыт. Мұнан керосин жасалады, Кавказ тауларының үстінде әр уақыт қар болып тұрады Мұнан көп өзендер пайда болса да, биік һәм тасты жерлерден аққан себеплі пароход жүрмейді. Уаллы, Уалдай таулары Орал тауларынан айрылып, Балтии теңізіне жақын Алуан тауларына қосылып, Иауропа Ресейді оң һәм солға айырады. Россияның Азия бөлімінде Алтай, Саянскей, Ыстапуы таулары бар. Бұлардың арқасында қымбатты мығдандар көпке, Мішәтке жартыаралында Каушеускей жанартау бар.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет