Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том



бет18/29
Дата15.09.2017
өлшемі6 Mb.
#33041
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29

Жүкаяқ (жүк + аяқ) жүк – салмақ, жүк (ЭСТЯ, 262). ІҮК үйік; жүк «Бір үйік бидай» Бұл сөз малға артатын жүк пен соған ұқсас нәрселерге қолданылады (МҚ. 1989. 3 том, 12). Жүкаяқ (Іüкауад) зат. Үüklük , Sandik; Жүк, -й (Jük, -ді) зат 1 Үüк. Жүк машинасы. Ауысп: 2. Баланың ауруы үлкен жүк. Аяқ, -ғы (ауад, -ді) зат. 1. Ауак (Қазақша – түрікше сөздік, Тұран, 2003: 38, 162). Жүк – багаж; вьюк; груз; кладь, Обоз; нагрузка (Қ. Бектаев. ҮҚОС, 1999: 704). АLАҚ, Айақ; аяқ, кесе. Оғыздар мұны білмейді. Олар мұндай нәрсені шапақ – шанақ дейді. Айақ: аяқ азақадзақ деп те айтылады (МҚ. 1 том, 1997: 114). Махмұт Қашқари: аяқ //адзақ > Бұзағу башы болғанша, өткір адзақы болған иг. ДЗ аффрикаты арқылы жазған. Д және з кейде ж қосындылары күні бүгінге дейін ажырап болған жоқ.

Қ. Жұбанов: Чуваш етікті ад + ы дейді, тәуелденгенде адысы дейді. Ай - ақ кішкене ат деген сөз. Өзінен басқаны біліп келіп, кейін өзін білген адам. Ат пен итті білген, аяқты кейін білген; ат - ад; атта - ат бол, ад + ын; ыдыс - ыд-ад. Аяқ: ай - ат (ад, ай); ақ - ыдыс. Аяқ - ыдыс демек. Татарлар иттік дейді. Демек а-е-и бәрі бір фонема болғандығы байқалады. Ыдыс-тың да ат-қа байланысы бар. Өйткені, ыдыс бұрын малдың (аттың) тұяғынан жасалуы керек (122). [12, б.121-122]. Ғ. Мұсабаев: қазақ тілінің айақ (аяқ) деудің орнына адақ, адағында (аяғында), адақталды (аяқталды) делінетіні бар [85]. Аяқ. 1. (Шымк., Қызылқ) атпен басатын қырман. Қырманға бастырылған тары екі аяқ болады (ҚТДС, 1 кітап, 1998:82). Жүкаяқ: жүк астына қоятын төрт аяқты ағаштан жасалған бұйым ( ҚТТС, 4 том, 1979: 257). Қалмақтар ерте уақытта жүкаяқтарын тастап қашқан (М-Ж., 1907: 17); Жүк ~ түк халықтық өлшем. Х. Арғынбаев: жүкаяқ ылғи ағаштан жасалады – деген сөзінің де маңызы бар [58, б.40]. Ә. Қайдар: айақ, айок, айа, айас сияқты варианттарын жазып, олардың түрлі мағына беретінін жазып көрсеткен: айақ-адақ-азақ-атах т.б. (Түркітануға кіріспе: 97, 207).



Түйін. Аяқ > адзақ > адақ: ад ат // ай ақ, ад (адын) // ыд (ыдын) түбірлес сөздер деуге болады. Жүкаяқ > Jükадзақ пен әбдіре зат сақтайтын киіз үй жабдығы.

Әбдіре. Қол сандықтан айдаһар жылан шықты (М-Ж., 101). Қалайы сандық ішіндей, Алтын ділдә алпыс мың (М-Ж., 35). Меруерт, маржан, інжу әбдіреде жатты – кім көрді? Тізілсе, жұрт көзіне түсетұғын болды. Қара сөз солардың әбдіреде жатқаны (М-Ж., 98).

Абдыра или абдара – ящикъ (Будагов, 391). Әбдіре тек қана «сандық» емес, «кебеже» мағынасында қолданылады. Монғ. (авдар – кебеже, сандық (Мон.-қаз. Сөз., 1954); Қалмақша: авдр – сундук (Рус. –қал. Сл., 1964). Абдари – қол сандықша (Пер.-рус. Сл. 1983). Нұрмағамбетов: манж. Абдари моо емен ағаш деген ұғым береді, демек, әбдірә - ағаштан жасалған зат дейді (34). Әбдірә > ағаш. Үлкен ағаш та болуы мүмкін Абантұс اَبَنوسْ – эбеновое дерево (въ Индіи бываеть блое, плодъ его называется тандұ تندو – diasрiras ebenum – Hunter Hind. Dic. Баберъ 427) (Будагов, 1 том. 1869: 6). А. صندوق сундукъ, мн. صناديق, сандиқ, ящикъ, صندوقجه сундучокъ, ларчикъ для драгоцнностей, сундукъ для храненія денгъ, касса, бауль кожан. чемоданъ, банкъ, публичная касса, сундучникъ (Будагов, 704). Киім-кешек, әр түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қол сандық, әбдіре және жағлан пайдаланған [58].



Түйін. Әбдірә > сандық > (үлкен ағаш, ағаштан жасалған деген мағынада болуы мүмкін). Әбдіре мен асадал үй жабдығы. Абантұс > абдра > әбдіре >үлкен ағаш.

Асадал. Ас + адал деп екіге бөліп қарастыруға негіз бар сияқты. Бірінші компоненті ас. Ас салып жейін деп ең қылып табақ? (М-Ж., 6); Бойына жесең інжір сіңеді асың (М-Ж., 74);

Асадалы: ыдыс-аяқ қоятын орын, шкаф тәрізді нәрсе (С. Аманжолов, 1959: 356). Бірінші компоненті «Ас» лексемасы жоғарыда біршама қаралды. Дегенмен, жиналған деректерге шолу жасайтын боламыз. Аш сөзін көне ирандық аš лексема дейді (ЭСТЯ. 210). Ас // аш көне түркі тілдерінде `суп (похлебка)`пысқан тамақ, пысқан еттен ғана дайындалған тамақ емес, өсімдіктерден де дайындалаған тағам атаулары. Сондықтан, ас көне мағынасы `тағам, ас`. Сол сияқты, `кісі өлгенде берілетін ас`. [7, б.73-75]. Арабша «дәм», «тағам» деген сөздің қазақша мағынасы – «ас», «тамақ». Дәмді жоғары тұтатын қазақ «дәм-тұзымды тат, расыңды айт» дейді (С.М., 112 б.). Павлодар облысында кісі қайтқаннан кейін «астың» орнына «жабдық» дейді. М-Ж. Көпеев ас сөзінің орнына ауқат, қорек диалектісін қолданады. Халықтың бәрін жинап ап, Түрлі ауқат беріп бөгеді (М-Ж., 227); Онда мен немен ауқат қылдым десем; Қорек ғып жаттың дейді қызыл қанды; Басында ауқат кешірген көп жан жатып (М-Ж., 87). Мәшһүр-Жүсіп: Қызбайтын көрінсе де жерік асы, шешендер – мәуелі ағаш, сөз – бір жеміс деген мысалда жерік ас тіркесін пайдаланған. С. Аманжолов: Ауқат в литературном языке оно означает состояние, а здесь: тамақ, ас (пища, еда) деп түсінік береді [24, б.358]; А. Жилкумбаева ас (тағам) атауларына тоқталған [9, б.310-314].

Жалпы зерттеу көрсеткендей, барлығының семантикалық өзегі `тамақ, тамақтану` болып табылады. Екінші компоненті адал. Адалбақан мен байланысы бар сияқты. Адал сөзінің негізі ада (ада деген сөз – мүлде, мүтте сөздерімен синонимдік қатарға енетін, арғы тегі арабтан тараған сөз – Ғ. Мұсабаев, 15). Ада – ада бар! Принеси жертву – деген сөздігінде (Радлов, 477); Адал чистый, святой (В.В. Радлов, 1 том. 1 часть. 1893: 482). Адал (а) (хәлал) Діни 1. Таза пайдалануға жарамды. 2. ауыс. Ақ ниет турашыл, әділ (Бекмұхаметов, 19). Адал – позволенный, не запрещаемый закономь, считать законнымь; адалбақан – срзанная верхушка дерева, сучковатая (на ней вшають мясо – Л. З. Будагов, том -1. 1869: 20). Ыдыс-аяқ сақтау үшін ағаштан жасалатын бұйымның бірі асадал [58, б.44].



Түйін. Тегі: ада > ад `таза, адал` болуы мүмкін. Асадал мен адалбақан байланысты сөздер сияқты. Кебеже де үй жабдығына жатады. Сөз арасында адская жизнь дегендегі адская сөзінің түбірі ад көне түркі сөзі екендігінде күмән жоқ. Өйткені, Будагов адра қалғыр тіркесін осироттъ, опустть по смерти мужа и подоб. – Илм.: произносится также: адра – адра ғалғыр погиби! Провались! (Будагов, 20 ). Қараңыз: Ожегов., Шведова.: ад дәл осы мағынада айтылады. Демек, адалбақан мен адра, адрна сөздерінің арасында мифтік бір байланыс бар сияқты.

Кебеже. Бойы бір қарыс, кемпірдің кебежесіндей еді (М-Ж., 36). Бірі қарын кебежесінде, бірі қап, бірі күллі денеңді аралайтұғын қан (М-Ж., 97). Бір кебежесі бар екен иген талдан (М-Ж., 62) .Ол түйенің шөгінде бесік бар екен, кебеже бар екен (М-Ж., 1907: 4).

А. Жартыбаева да құнды пікір келтіреді. Мысалы: Фиксируя его во время экспедиции по сбору и изучению географических и статистических метариалов, Красовский в 1863 г. предположил расшифровку этого названия. Одну из вещей домашнего обихода казахи называют кебеже, и она имеет не ровную, а несколько приподнятую по плоскости крышку. Во время кочевки кебеже располагается на самому верху груза и имеет вид вершины горы. При некотором воображении сходство между ними не трудно обнаружить (Матр. для. геог. и стат. Росси. 1968. С. 13) деп, бейнесі жағығынан қарқараға ұқсастырады (ПЭТЯ, 1990: 307). Бұл туралы қарқара бас киім деген бөлімді қараңыз.



Кир. كبجه кебеже, кибеже (вм. п. كجاوه) ящикъ, въ которомъ возять дтей на верблюд; ящикъ, въ которомъ находятся състн. Припасы (Будагов, 1871: 112).

Кебеже ескі ағаштан сырлап істелген, ішіне түрлі заттар салатын ыдыс (ҚТТС, 1959, I том: 279; Шаңырақ, 1989: 95; С.Қасиманов, 1995: 201; ҚӨЭ, 2002, 256). Кәджауә а. Кебеже. Түйеге, атқа тағы да басқа текше тәрізді ағаштан жасалған сандық (Н.Оңдасынов, 1974: 212). Кебеже – (Түркімен, Красноводск ауданы, Ашхабат облысы, Ташауыз облысы, Мары облысы) түйемен көшіп-қону кезінде бала отырғызатын ағаш жәшік тәрізді бұйым. Кебеже шана (Ақтөбе, Жұрын ауданы, Ойыл) (Диал. Сөз. 1996).

Кебеже (кеб (п) еже) екі сөзден тұратын сияқты. Кеб (п) дыбысы тілдің даму барысында фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Кеп як., «киеп» форма мағынасын береді. Монғ. Хэв – қалып (Қаз.-мон. Сөз., 1977, 175); Қалм. Кев – тұлға (Рус.-кал.сл., 1964, 751). Қырғ. Кеп – қалып, киім, маска (Юдахин, 375). Нұрмағамбетов (135), Сыздықованы (65) – қараңыз. Р. Сыздықова «кебенек» сөзінің түбірі «кеп» болар дейді. Қазақ тілінде кебенек келгір деген қарғыс бар. Демек, «кеп» – тің бір мағынасы «өлім келсін» деген болар. Еже -е (же) тамақ же, жем сөздерінің құрамында сақталған сияқты. Олай болса, еже (жем `ішіп – жем`) атауының ықшамдалған түрі болуы мүмкін. Каз. имъ (ж(е)м – А.Қ.) – ядро, зерно (въ плодахъ), а. іеммъ, мн. жжем. море, океанъ. а. дикій голубь. (Будагов, 365). Кебеже>кеп+жем. Кебеже көбінесе ас, тағам салуға арналып ағаштан жасалған, оюлы үлкен сырлы сандық. С. Қасиманов бұл атаудың құрамын кебі - қап, жем - ас деп анықтайды (Ж. А. Манкеева, 1997: 229). Бұл сөздерге А. Қ. Сейілхан да мән берген (2001). Е. Жанпейісов: Жүк аяқ – жүк жиятын, ұзынша келген, аласалау орындық тәрізді нәрсе. Бұрын тамақ сақтайтын, сондай-ақ көшкенде түйеге теңдеп, ішіне жас балаларды отырғызатын сандықшаны осылай кебеже деп атаған. М-Ж. Көпеев тура осы сөзге қатысты былай дейді: Бір шөкті түйені шөкімен алып шығыпты. Ол түйенің шөгінде бесік бар екен, кебеже бар екен (Сарыарқа кімдікі екендігі? 1907. – Б.4 ). *Шөке – окружность груди верблюда (Будагов, 497 б.). Кебеже лексемасы қазақ тілінде қазір онша қолданылмайтынын айтады [37, б.127]. Дегенмен, ел ішінде әлі де болса үлкендер кебеже сөзін қолданатынын байқадық. Қазақ ежелден азық-түлік сақтауға кебежені пайдаланған [58, б.42].

Түйін. Кебеже, кебін, кебіс, кепеш түркінің түбірлес төл сөздері сияқты. Кебеже > кебін > кепеш > кеп (б) түбір тұлғалары байланысты болуы мүмкін. Семантикалық бір мағынасы – кептіру (сақтау, су қылмау т.б.).

Қорыта келгенде, киіз үй жабдықтарына: кереге, шаңырақ, уық, бақан, адалбақан, күлдіреуіш, ши, түндік, үзік, туырлақ, киіз, текемет, сырмақ, бөстек, қазан-жабдық, ұршық, жүкаяқ, әбдіре, асадал, кебеже жатады. Бұлар өз ішінде киіз үйдің сүйектері және үй жабдықтары болып бөлінетіні белгілі болды. Қазан-жабдық (ас//қазан) негізінен мағынасы жағынан «өлік жөнелту» лексикасына жатады, бірақ кейбір қағидасы ыдыс-аяққа жататыны көрінді. Сол сияқты ұршықты да үй жабдығына жатқыздық. Киіз үй жабдықтарына үй сүйектерінен басқа: тамақ-ас сақтайтын: жүк аяқ, әбдіре, асадал, кебеже жатады. Ал, саба (қор), көнек, қанар>тағар>дағар>торсық >мес > қауға сұйық тамақ құйылатын, сақтайтын ыдыстар; олар өзі ішінде түрлі зат сақтайтын: қоржын, бөктергі, қанжыға, қанар, талыс, шөншік, боқжама, боқша, бойра, бүктеме болып бөлінеді. Нақты ас-тамақ ішетін ыдыс-аяқ: аяқ-табақ, табақ, тостаған, құман, құмыраша, кесе, қазан, қасық. Бұларды жалпы ыдыс-аяқтан жеке бөліп алмай-ақ бірге қарастырдық.

Ыдыс-аяқтар лексикасы
Саба. Осы сабаның көрінісі; төрт Сары айғырдың терісінен жонын сыртына қаратып, жал-құйрығын өзіне қойып, бұлқынына бір өгіздің терісін тіктіріп, өзін түйеге теңдегенде, сегіз қанат үйдің бір үзігі бір жағына тең болады екен (М-Ж., 84). Деді де, тоќсан саба толтырѓызды (ЌКБС, 20);

Сабаны айғырдың терісінен де тіккен. Көтеру үшін жал, құйрығын кесіп алмаған, олар тұтқаның орнына қолданылған. *Бұлқынына өгіздің терісінен тіккен. *Бұлқыны – түйеге сабаны теңеп, алып жүретін зат болуы мүмкін. Саба туралы бірнеше түсініктерді жинап беретін болсақ: Саба – посуда съ закваской; Саба – кожаный мех для кумыса (Потанин, 300). Саба – большой кожаный мешок для приготовления кумыса (Тверитин: ҚКБС, 1935. ). Саба – большая, сшиваемая из четырех кож посудина, в которой делается и хранится кумыс, она внизу квадратная, но потом тотчас же сьуживается в виде четырехсторонней пирамиды, с длинным как рукав отверстием (Ильминский). Кир. صابا саба (алт.ارقت аркытъ) бурдюкъ (большая изъ 4-хъ кожъ сшитая посудина, въ которой длается и хранится кумысъ; она внизу квадратная, но потомъ съуживается въ вид четырехсторонней пирамиды, съ длиннымъ какъ рукавъ отверзтіемъ, называемымъ мойын مويون шея), саба аяқ صاباياق деревянная подставка, въ которую устанавливаютъ сабу; въ тоб. саба, чаша. алт. сабы, саба часть, көп сабасы большая часть его алт. Сабар – палецъ (Радл. – 144; въ монг. Кокгти птицъ) (Будагов, 682). Саб - посудин для кумыса и мшалка (Будагов, 702). В. Радлов: саба - кожаный мъшокъ для приготовленія кумыса; сабааяқ-деревянная колода, въ которой стоить саба (4 т. 1 ч. 411-414). Сабадан соңғы үлкен көн ыдыс – сүйретпе. Ол – жұмырлау, әрі тікелеу келеді (С. М., – Б. 105). Сабадан соңғы үлкен көн ыдыс – сүйретпе – деп аталады (С.М., - Б. 105).

Қор. Мол болса жақсы ашиды қымыз қоры (М-Ж., 92); Зеректігі Мәшһүрдің болды соры, Таусылмайтын сабаның болып қоры (М-Ж., 103). Көн сабаның қоры ғой көп ойлаған, Енді өнері бар ма екен қалған – құтқан?! (М-Ж., 362).

Кир. قور коръ 1) кумысная закваска, остающаяся на дн сабы, – отсюда въ алт. قورويون коройонъ, кумысная брага, водка, قورلي بايلق богатство ддовское, наслдственное, قورلي صبا қоры саба посуда съ закваской, т.е. что она никогда не бываетъ безъ кумыса пословица: Сабасының қоры бар бай, мақтанса мақтансын, пусть еще хвастается богачь – его саба всегда съкумысомъ, соры бар жарлы сыйға мақтасын маңдайының соры бар а бдному нечего хвастаться – чело его достаточно указываетъ на несчастное его положеніе; сабаның қор ыдысы үлкен т.б. мағыналары бар – арабша графикадан аударған – А.Қ. (Будагов, 1871: 72).

Түйін. Қор > қоржын > жын // боқ. Малдың ішек-қарнынан (алынған) көшірілген заттық уәждер.

Түйін. Саба > көк (тері) > көнек (тері ыдыс).

Көнек. Жасынан пісіп-ќатып, кµнтерлі, шыдамды болсын, дейді ѓой (М-Ж., ЌШ, 36); Шоштанның қызынан жұртта туып қалған Тоңболат, мұнан Баскөнек, мұнан боқыш... (М-Ж., 41). Мысалға: Көнтері мен баскөнек сөздердің шығу тегі жағынан да, жасалуы жағынан да бір. Биенің сүтін сауатын ыдысты көнек – дейді (С. М., – Б. 105).

Монғолиядағы және республикамыздың солтүстік шығыс аймақтарындағы қазақтар тілінде көнек деп құдыққа қауға ретінде салатын ағаштан жасалған шелікті не теріден жасалған ыдысты айтады. Көнек жеке сөз ретінде кей облыстарда мүлдем қолданылмайды, бірақ ол жерлерде көнектей сын есімі жиі айтылады. Көнек сөзі түркімен тілінде де қолданылады: онда көнек (кө+нек) деп тұз салатын тері қапты айтады. Бұл – сөз көбінесе мөлшерден тыс үлкен, қампиған, көлемді деген мағынада қолданылады. Сол себепті де көнектей сөзі ісік зат есімімен жиі тіркеседі. Көнек зат есімінің түбірі көн болуы керек, -ек оған қосылған кішірейткіш жұрнақ (Ж.Б.) (ҚТҚЭС, 1966: 105).



Көнек – түбірі көн (тері) -ек (-лек) қосымша. Көнек>көн ек (төсек, бөстек, кесек, көйлек (көнлек) құрамындағы жұрнақ. Кöнеккожаный подойник (КРС), конок – кожаное ведро для доения кобыл (Рсл). Көнек түркі тілдерінде: `теріден тігілген, сауғанда ұстайтын ыдыс, теріден тігілген ыдыс, шелек, тері шелек` мағынасында кеңінен мәлім. Б. Орузбаева көнектің түбірі көн-нің орнына көң: «Киргизское көнек `посуда из выделанной верблюжьей кожи`, по нашему мнению, образовано от основы көң `кожа (кустарной выделки)` при помощи аффикса -ак по образцу тарак `гребень`» – дейді (Словообразование в киргизском языке. С. 96, 98) [10, б.16]. Салыстырыңыз: кöңlöк, кöңнäк, кöңнöк, конгlак. Архаикалық -ң – ды Н. К. Дмитриев атап өткен болатын (С. Аманжолов, 241). Жазба ескерткіштерде: Хаутсма көнчек = йім = ічтон `шалбар, ыштан, сым, жұқа матадан тігілген ішкі киім`, СС. Тз. Көнчек; Ибн М. Күнчүк; салс. Тат. күнчек `өңделген терінің жұрнағы`, қаз. Көйлек-көншек `ішкі киім`(Құрышжанов, 1970: 148). К.Г. Менгес: коншак сөзін көншек сөздерін көн `тері` түбірінен шыққанын айтады. Бұл туралы (қос – деген бөлімде айтылды). Осы формаға ұқсастықты көне түркілік: күнчäк, күнчүк `қалта` (МК, I,с. 444), чағ. Кончак – колчак `өңезделген тамақ, ыдыс, қазан. Кÿнÿчöк `шелек` (Рсл, 547, 1441) табамыз. Бұл деректердің бәрінің де шыққан түбірі көн `тері`. Көнек//көнлек болуы мүмкін -л дыбысы дыбыстың ассимиляциялануы нәтижесінде түсіп қалған. дж. тат. كون күн, кунь, тур, ад. гöнъ, кожа животныхъ, въ тат. выдланная кожа, كونجيопоекъ, кожевникь, скорнякъ, كونايلاكوجي сыромятникъ, кир. алт. كونوك, كوناك кöнöкъ, кожаный подойникъ или ведро (въ которые доятъ кобылъ), (дожь) лилъ какъ изъ ведра, كونلامك обить кожей – деп түсіндіреді (Будагов, 1871: 164). Жалпы, көнек пен көйлек сөзінің түбірі бір > көн (тері). Көнек – алт. Диалек. Көң тере `өңделген тері`. ГӨ: Н тур.; köн (тур., аз).; gön (тур.).; көн кир., ног.; ккалп., кон уз.; кожа (крупного рогатого скота); көнек `кожаное ведро` (Севортян: 73). Кöнöкъ подойникъ (Будагов, 413). Алалкөнек: сүті кейде аз, кейде көп сиыр (С. Аманжолов, 1959: 354).

Түйін. Гöнъ (көн) > тері > көнек > көйлек > қанар > тағар > дағар (тері ыдыс). Мәшһүр-Жүсіп көнтері және баскөнек сияқты формада қолданған. Мәшһүр-Жүсіп қымыз құятын ыдыстың бір түрін «сүйретпені» атайды. Сүйретпелерін керегенің басына іліп қоятұғын қылады екен (М-Ж., ҚШ. – Б. 29).

Қанар тағар дағар. Дағар (дорба) – көптеген түркі тілінде қап деген мағынада қолданылады. 1. қап, дорба, үлкен қап, мешок холщевый – тув. (для процеживания кислого молока при изготовлении творга), тұқым салатын қап, аттың екі жағында ілулі тұратын қап, қой мен ешкінің жүнінен тоқыған қап т.б. мағынасы бар. Будагов дағар // тағар сөзін парсы сөзі дейді. Г. Дёрфер жоғалып кеткен тіл дейді. Монғ. Қап; халх. Мұрын ормал; чағ сөмке; койб тұрпайы сөмке т.б. Қазақ тілінде тағаршық болуы мүмкін. Оның түбірі тағар етістігі. Серб тілінде дагара, қазақ тіліндегі даңғарадай сөзінің шығу тегі бір болуы мүмкін. Дағар ~ тағар: мешок, торба, большой мешок, мешок для зерна, мешок холщевый (для процеживания кислого молоко при изготовлении творга) (Севортян, 121).

Тагар - мшокь изъ грубого холста, вм щающій въ себ вь Туркестан около 4 пудовъ, въ батманъ входитъ три тагара (по объясненію о. *Iоканинөа батманъ содержитъ 5 3/10 мшка или 21 путъ 12 фунть. См. Земелевд. Риттера, стр. 198 и 409 прим. Григорьева. Въ закавказскомъ кра в съ тагара бываеть различный по роду зерна, напр. Для ячменя тагаръ содержитъ 30 пудовъ; ауыч тыгариы (ауыз тағары) занчитъ: мра земли, засваемой теремя тагарами или 90 путами ячменя) (Будагов, 2 т. 397). Будаговтың *Iоканинөа – деп отырғаны Никита Яковлевич Бичурин, Иакинф монахтың атымен әйгілі болған. Оны Ш. Уәлиханов жақсы білген – А.Қ.

Тағар – мешок, пэр тағар тарығ уғуп – тро размолол один мешок проса (РСл., III, 796 (Малов, 109). Дағар – кожаный мъшокъ, сума (Радлов, 1611); Дағара п. [تغار тәғар: 1. большая глиняная лохань; квашиня; корыто; 2. ист. Мера сыпучих тел. Равная 100 манам; 3. принудительно взимаемый провиант для войск] – 1. обл. Большая чашка, таз; 2. большая мешок; 3. большой, огромный (Рүстемов, 84). Дж. تيكْدي тйғре мъшокъ кожаный или войлочный (Будагов, 1 том: 419). Дағар: қанар, үлкен қап; дағара: темірден я мыстан жасалған үлкен шара (С. Аманжолов, 1959: 370 б.). Орыс барып ұстап алғанда басымда дағарадай сәлдем бар еді (М-Ж., 59). Тағар мен қанар қолданылуы жағынан бірдей зат.

Дорба. Жем ілді кілем дорбамен Жонышқа таза салады (М-Ж., 235); Дорба ад توربا (=توبره ) мшокъ (Будагов, 388). Торба мъшокъ, ранецъ (Радлов, 1189). М-Ж. Көпеев дорба сөзінің орнына қапшық, қалта қап, шанаш қап, қап сөздерін де қолданады. Қапшығын қайыршылық тоқып алған (М-Ж., 103); Тыға берсе қапшыққа жатыр сыйып (М-Ж., 153); Қалта қып ішіне он гауһар салды (М-Ж., 63); Меніњ ќолымда тезек салѓан шанаш ќапты береді, отты ќалай отыр деп, н±ќып – т‰ртіп ќояды, сонысы ѓана жаныма батады, - дейді екен (М-Ж., 36); Тең теңін олжаламақ, тезек қабын, Болмайды саған енді ешкім құмар! (М-Ж., 104). Үріп қойған шанаштай Мұнша неге дардидың? (Манас). Чанак – глинная чашка, блюда, миска (Радлов. т. 3. ч. 2. 1856). Шанаш пен чанак түбірлес сөздер екеуі де ыдыс-аяқтың атаулары. Радлов: чанак – шана, чанак – музыкалық аспап, чанач – торсук сияқты мағыналарын атаған (1856). Демек, ағаштан, теріден, құмнан жасалған заттарды да осылай атаған.

Шанаш – старый кожаный мшокъ (изъ выдланной кожи) (Будагов, 948). Канарьплавательныя перья у рыбы (Будагов, 65). Кир. тозан - мшокъ кожаный для воды – ыдыстың бір түрін атайды (Будагов, 393). Сумал – `мешок`, узун сумал `длинный, большой мешок`; монг. Ринчинэ, 184 (Малов, ЯЖУ, 106).

Түйін. Қанар > қанжыға. Деректің аздығы көрінеді. Қан ~ тағар ~ дағар ~ қап ~ шанаш > көк (көн) > торсық (тері ыдыс). Балықтың қанары мен қанар түбірлес сөздер сияқты. Қанар (қан-су>-ар) деуге болар ма екен. Алыс семантикасы су мен байланысты сияқты. Сол сияқты Будагов дж. торба, торбе, торбан, п. т (о) рма. 1) ткань изъ тонкой шерсти (шаль). 2) торбан, торба родь плетёной одежды, надваемой дервишами – деп жазды (Будагов, 389). Бұл деректі келтіріп отырғанымыз, бас киім бөліміндегі шәлі (тоқылады) не дәуріштер бастарына дорба сияқты бас киім киген теріден тігілген демек, дорба (ыдыс) мен бас киім торба екеуі (тюрбан) түбірлес сөздер деген қорытынды шығаруға әбден болатын сияқты.

Торсық. Қоржын жоқ ет пен нан салатұғын, Торсығың сусын құйып алатұғын (М-Ж., 72); Жанторсыққа ұсады, Жеті кәміл бабасы (Қобыланды, 78);

Турсукъ – изъ бараньей кожы (Будагов, 274). Сÿйротпе – большой турсук (Ильм); Сÿрöтпö – турсук для хранения кумыса (Рсл). Турсук – кожаная фляга для жидкостей (Потанин, 114). Торсук - кожаный мъхъ для молоко (Радлов, 1189). Екінші жерде мех из козлиной шкуры деп түсіндірген (Потанин, 342). Жанторсук – дорожная кожаная фляга для кумыса и айрана (Потанин, 342). РСЛ.: кöккöр – турсук, баспак – кожаный мешок, қойға – миска, посуда; тааур – кожаный турсук для хранения водки [77, б.18-19]. Жанқазанға ас қайнат, Қазы менен жал қайнат (Манас) (қазан – бөлімін қараңыз). Күкнар – іÿінаръ кожаный кувшинъ (Будагов, 159). Кадынъ – болшая посуда для вена (Будагов, 8). Ноѓ. Тулык `шарап ќ±йып ќоятын ыдыс, таулыќтардыњ т±тас алынѓан тері ќабы` (НРС, с. 365); Жолаушылағанда қанжығаға байлайтын кішкентай ыдыс – жанторсық (С.М., – Б. 105).

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет