Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


Электроқондырғыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет64/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
Электроқондырғыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік 
техникасының ережелері
 
Гальваникалық астауларады қоректендіру үшін қалыпты жағдайда кернеуі 
3 - 12 В тұрақты ток көзін қолданады. Ал 120 В кернеудегі токты сирек 
қолданады. Жиілігі 5 - 90 Гц, күші 0,1А ауыспалы ток адам өміріне қауіпті. 
Өйткені 0,04 – 0,1А ток күшінде адам есінен танып қалуы немесе тіптен өліп 
кетуі де мүмкін. Жоғары кернеудегі ток емес, сондай-ақ төмен кернеудегі токта 
қауіпті болып саналады. Сондықтанда әсіресе ылғалды кәсіпорындарда 36 В 
кернеуден жоғары ток көзімен қуаттанатын қондырғылармен жұмыс жасағанда
абай болу керек. Егер орта ылғалды болғанда тіптен 15 В өзі қауіпті. Сондықтанда 
гальваникалық цехтарда электр қондырғылары тұратын жерде ескертпелерге 
арналған плакаттар, хабарламалар және арнайы белгілер болуы тиіс. Сонымен 
қатар үйкеліс кезінде түзілетін статистикалық электрдің өзі қауіпті. Егерде 
бөлмеде органикалық шаң болған жағдайда туындаған жарық разрядтары өрт 
шығару көзі болып келеді. Мұндай орындарда статистикалық электр зарядты 
пайда болу мүмкіндігі бар барлық электрлік құралдарды, қондырғыларды 
жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жерлендіру керек. 
Электр тоғынан жарақат алғандарға кез-келген цехта алғашқы көмек көрсете білуі 
шарт. Жарақат алған тұлға ұстап тұрған қондырғыны ток көзінен суыру керек. 
Егер де суыру мүмкін болмаған жағдайда арнайы қорғаныс құралдарымен 
(резина қолғап, етік, мәсі) ток жүріп тұрған аймақты немесе сымды
жарақаттанған адамнан тартып алу керек. Есінен танып қалған адамды ауаға 
шығарып, денесін тығыздап тұрған киімін шешіп, жасанды демалу жасау керек. 
Гальваникалық цехтарда өрт тудыруы мүмкін келесі өндірістік аймақтар 
мен бөлімдерді көрсетуге болады: 
1. шлифтеу-полилирлеу бөлімдеріндегі сорғыш вентиляцияның ауа соратын 
аймақтарында маталы шаңдардың жиналуынан. Шлифтеуші дөңгелектердің 
жарқылы шаңды соратын ауасорғышқа түскенде шаңдардың тұтануын туғызады. 
Өрттің тууын алдын-алу үшін жеке сорғыш желдеткіш ауаны соратын 
сорғыштарды құру керек. 
2. Химикаттарды сақтау орындарында тотықтырғыштар (хромды ангидрид, 
азот қышқылы, хром пик) мен оңай ұшатын органикалық (бензин, ацетон) 
еріткіштерді бірге сақтағанда. Хром ангидридінің ауадағы оттегімен тотығу 
нәтижесінен өздігінен тұтанады. Егерде ауада бензин немесе ацетон булары болса 
өрт шығуы мүмкін. Сондықтанда органикалық еріткіштер сақталатын орындар 
жеке және сорғыш желдеткіш кеңселерде сақталуы керек. 
3. Бензожуғыш шкафтарда бөлшектердің майсыздандырылатын аймақтарын 
сүрткен кезде жарқыл беретін статистикалық электр пайда болады. Өрт 


119 
қауіпсіздігі мақсатында бензожуғыш шкафтар оңашаландырылып 
орналастырылуы керек. Мұндай жерлерде міндетті түрде күшті сорғыш 
желдеткіш жұмыс істеп тұру керек. Металды үстелдер жерлендіру керек және
беті резиналық жапырақшаларымен қапталуы керек. Сүрту үшін жүнді және 
жібекті салфеткалар қолдануға болмайды, олар бензинге малығанда 
статистикалық электр жарқылдарын тудырады және бензин буларын 
тұтандырады.
4. Өрттің себебі қондырғылардың, құралдардың және электр жүйесінің 
ақаулықтары болуы мүмкін. Мұндай ақаулықтарды, яғни тоқтың қысқа 
ұйықталуынан туындайтын апаттарды хабарлайтын щиттерде токты сөндіретін 
автоматтар орнатылады. Гальваникалық цехтарда өрт сөндіруге қолданылатын 
негізгі заттарға су, ауа - механикалық және химиялық көпіршіктер, инертті газдар, 
өртсөндіретін сұйықтар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет