Мұхтар Әуезов «Абай жолы»


«Абай жолының» үш томы қолмен жазылған



бет7/11
Дата11.12.2021
өлшемі40,29 Kb.
#99101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Абай жолының жазылуы туралы

«Абай жолының» үш томы қолмен жазылған

«Абайдың» бірінші томы жарық көріп, оқырман жылы қабылдағаннан кейін Әуезов кітаптың жалғасына кіріседі. Қайта-қайта елге барып, ақын туралы қосымша дерек жинауды жалғастыра береді. 1943 жылы Абайға арналып, арнайы ұйымдастырылған экспедицияны өзі басқарып барса, 1944 жылы Е.Ысмайылов бастаған экспедицияны ұйымдастыруға ат салысады. Бұл туралы 1943 жылы 11 шілдеде майдандағы Мәлік Ғабдуллинге жазған хатындажазушы: «Абай ауданына жүрейін деп отырмын. Бұл барыста романның екінші кітабына керек пейзаж көріністер, табиғат ерекшелігі сияқты бояуларды, әсіресе, айырықша жия қайтармын. Бұрын роман жазбай жүргенде өз ауданымызды жалпы біліп жүргеніміз жеткілікті сияқты еді. Арнап, қадағалап суреттеуге кірісем дегенде, қайта қарап сол Жидебай, Түйе өркештерді қайтадан көріп алу сияқты мақсаттарым бар», – дейді. Осының барлығы жазушының «Абай жолын» жазуға даярлығының қалай болғанын көрсетсе керек.

М.Әуезовтің мұрағатында сақталған, кейін 50 томдық шығармалар жинағына енген эпопеяның әу бастағы жоспарынан эпизодтардың алғашында түрлі нұсқалары жасалғанын көреміз. Кей бөлімдердің жоспарының өзі ондаған пункттен тұрады.

Жазушы эпопеяның соңғы кітабынан басқасының бәрін қолмен жазып, түзетіп, сосын ғана машинкаға бастырып отырған. Тек соңына келгенде ғана бірнеше тарауды алдын-ала ойша әбден пісіріп алып, кейін машинкаға ауызша айтып жаздырады. Жазушының сол кездегі машинисткасы Ғазиза Бисенова өзінің естелік кітабында: «Мұхаң «Абайдың» соңғы томын менің тұсымда жазды. «Абайға» келгенде, «Иманшартқа» түскендей-ақ, Мұхаң диктовкасына біраз жаттығып қалған едім. Әдетте күндізгі сағат оннан – он екіден 45 минут өткенше, ал кешкілікте сағат сегізден – он бірге дейін үш сағат диктовка жасайтын. Осы жұмыс мерзімін ол төтенше жағдайда, яки бір жаққа сапарға шыққанда болмаса, «Абайдың» соңғы томы біткенше өзгерткен жоқ», – деп еске алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет