Microsoft Word абай қҰнанбаев 1


IV.  АБАЙДЫҢ ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАСЫ



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата10.06.2020
өлшемі1,7 Mb.
#72974
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
abai kunanbayev1 (1)
Вариант 2 ЛД 117-1, Фармакология экзамен 2 вариант, Nursaule Rau - Іш жарығы, Вби жасанды берілу жолын к рсеті і, фарма тест былтыр, Психология пəнінен тест жауаптары
IV. 
АБАЙДЫҢ ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАСЫ 
Ақын  және  қоғам  қайраткері  Абай  туралы  өз  ойымызды  баяндаудың 
алдында  бізге  бір  мәселенің  сырын  ашып  алу  керек.  Ол  -  Абайдың,  ой 
өрісінің қаншалық ұзақтығы, дінге, дүниеге, қоғамға көзқарасы туралы мәсе- 
ле.  Мұны  анықтап  алмай  біз  ақын  Абайдың  да,  қоғамшыл  Абайдың  да  зор 
тұлғасын еркін кере алмаймыз. 
Әрбір зор жазушы - сөз жоқ, философияның міндеті - дүниені көру ғана 
емес, көргенін талқылау, баяндау болса, зор жазушы да осы міндетті өтейді. 
Дантенің,  Шекспирдің  немесе  Пушкиннің  шығармалары  -  дүниені  көруге 
себепкер құрал ғана емес, тануға да себепкер құрал. Марксизмнің классиктері 
адам 
баласының 
тіршілігін 
тануда, 
ғылым 
иелерінің 
еңбектерін 
пайдаланумен қатар, жазушылардың да шығармаларына сүйенуі сондықтан. 
Көркем  шығарманың  дүние  тануға  бұлайша  жәрдем  болатын  себебі: 
оның авторы, дүниені көріп қана, көргенін сол күйінде айтып қана қоймайды; 
ол сол көргенінің бейнесін бере тұра, сол берген бейненің ішіне үңіліп, өзінің 
ой  өрісі  жеткенше  талдауға,  талқылауға,  көргенін  өзінің  сезім  елегінен  ғана 
емес,  сана  елегінен  де  өткізуге  тырысады.  Зор  жазушы  заманының 
сипатшысы ғана емес, сыншысы да. 
Біздің  Абай  да  осындай  жазушы.  Ол  дүниені  көріп  қана,  көргенін  сол 
қалпында  ғана  сипаттап  қоймайды;  ол  әр  көрініске  сынай  қарап,  сол 
көрініске  неге  күйіне,  неге  сүйіне  қарайтынын  айтады;  және  ол  жай  ғана 
күйініп,  сүйініп  қоймайды,  сол  күйіндіретін,  сүйіндіретін  көріністің  не 
себепті  күйіндіретінін,  не  себепті  сүйіндіретінін,  сырын  ақтарады;  және  құр 
ақтарумен  ғана  қанағаттанбайды,  сол  көріністің  дұрыс  я  бұрыстығына  өз 
пікірін  айтып,  өзінше  қалай  болса  дұрыс  болар  еді  деген  қорытындысын  да 
оқушы көпшіліктің алдына салып отырады. 
Абай - ұлт ақыны, қазақ ұлтының ақыны. Бірақ ол - тар мағынасындағы 
ұлт  ақыны  емес,  кең  мағынасындағы  ұлт  ақыны.  Өз  ұлты  қазаққа  бақыт 
тілеген  ол  өзге  ұлттар  сорлы  болса  екен  демейді,  барлық  ұлт  яғни 
барлық  адам  атаулы  бақытты  болса  екен  дейді.  Сондықтан  өзінің 
философиялық,  эстетикалық  пікірлерінде
;
  ол  қазақтың  ғана  емес, 
жалпы  адам  мақсатын  шешуге  тырысады.  Сондықтан  біз  Абайдың  өз 
ұлты  қазаққа  көзқарасын  талқылаудан  бұрын,  оның  жалпы  дүниеге, 
жалпы қоғамға көзқарасына тоқталып өтпекшіміз. 


 
47
Жалпы  философиялық  көзқарасына  келгенде,  бізше,  Абайда 
идеализмнің де, материализмнің де ізі бар сияқты. 
Неге  бұлай  болған  себебін  анықтау  үшін,  әуелі  Абайды  өсірген 
философиялық  мектептерге  аз  тоқтап  өтейік.  Абайдың  екі  мектебі  бар: 
біреуі-исламдық Шығыс, екіншісі- Батыс. 
Исламдық  Шығыстың  әдебиетінде,  әсіресе  араб  пен  парсы 
әдебиетінде  дін  философиясы  бірқыдыру  орын  алады.  Әбуғали-сина, 
имам  Ғазали,  имам  Фараби,  ибн-Ғарби,  ибн-Тәймия  сияқты  мұсылман 
ғалымдары  ислам  дінінің  философиясы  туралы  бірсыпыра  кітаптар 
жазған. XIX ғасырда Россиядағы мұсылмандар арасынан шыққан Шаһа- 
буддин  Маржани  да  дін  философиясымен  шұғылданған.  Абай 
осылардың  бәрін  оқыған  да  және  жақсы  түсінген.  Араб  пен  парсы  тілін 
жақсы  білгендігі  және  сол  тілдерде  жазылған  ислам  дінінің  теориясы 
және 
практикасы 
туралы 
кітаптарды 
оқығаны 
Абайдың 
шығармаларынан көрініп қалып отырады. 
Исламдық  философия  сонау  Мұхаммед  пайғамбардың  өзінен 
бастап,  қазіргі  дін  ғұламаларына  шейін  өздерінің  философиялық 
ойларын  адам  баласының  харекет  тәжірибесінен  туған  ғылыммен 
байланыстырмай,  ылғи  бір  байлау-матаусыз  (абстрактный)  пікірлердің 
тұманында  қалқиды  да  жүреді.  Абайдың  дүниеге  көзқарасында  осы 
филосософияның ізі бірқыдыру. 
Екінші  мектебі  Батыс  дедік  қой.  Абайдың  өмірбаянынан 
оқушылар оның Спенсерді, Льюис пен Милльдердің талқылауы арқылы 
Кантты,  Бокльді  оқығанын  біледі  және  шығармаларынан  Сократты, 
Платонды,  Аристотельді  оқығанын  көреді. 
Прозамен  жазылған 
Абайдың  насихат,  ғақлия  сөздері,  көп  жерінде  пікір  жағынан  да,  стиль 
жағынан  да  Аристотельдің  этикасына  ұқсап  отырады.  Абай  оқыған 
Европа  философтарының  тізімі  бұдан  әлдеқайда  кең  болуы  мүмкін. 
Бірақ соларды меңгеріп оқуға келгенде, Абайда елеулі бір кемшілік бар 
сияқты,  ол  -  оның  физика,  химия,  астрономия,  механика,  математика, 
биология тағы сол сияқты адам баласының харекет тәжірибесінен туған 
ғылымдармен  жөнді  таныс  болмауы.  Мұның  әсерін  Абайдың  кейбір 
шығармаларынан айқын байқаймыз. 
Европаның  идеалист  философтарының  да,  солардың  ішінде  Абай 
оқыған  Спенсер  мен  Канттың  да  Шығыс  философтарынан  бір 
өзгешелігі - олар діннің өзін ғылыммен дәлелдегісі келеді. 
«Біздің  ендігі  көрсеткелі  отырғанымыз,-  дейді  философиялық 
шығармаларын  Абай  көп  оқыған  Герберт  Спенсер,-  ғылыммен 
тәрбиелеудің  жабайы  тәрбиеден  жоғары  болатын  бір  себебі:  ол  дінді 
өркендетеді.  Сөз  жоқ,  бұл  арада,  біз  діндік,  ғылымдық  деген  сөздерді 
әдеттегі  тар  мағынасында  алмаймыз,  кең,  жоғары  мағынада  аламыз. 
Діншілдік  деп  жүрген  соқыр  ұғымдарға  ғылымның  қарсы  болуында, 
оларды  көзді  тұмандататындар  деп  дәлелдеуінде  күдік  жоқ.  Тарап 


 
48
жүрген  ғылымдардың  бірсыпырасында  дінге  қарсы  рух  бары  рас,  бірақ 
олар саяздап жүрген ғылымдар. Шын ғылым тереңде».
1
 
Абайдың: 
 
Әркімнін, мақсаты өз керегін де, 
Біле алмадым пысығын, зерегін де. 
Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар, 
Хақиқат та, дін-дағы тереңінде, - 
 
деген  өлеңі  Спенсердің  жаңағы  қорытындысына  келеді.  Осы  пікірін 
Спенсер қайталап, сол кітабында былай дейді: 
«Сопымен,  кейбіреулердің  ойлауындай,  дінге  ғылым  қарсы  смес, 
ғылымды  елемеу,  қоршаған  әлемді  түсінуге  тырыспауға  қарсы»  (54 
бет). 
I  Идеалистердің  дін  мем  ғылымға  осындай  көзқарастарын 
Плеханов сынай келім, Спенсерге мынадай баға береді: 
«Бүл  менің  материализмімді  біреулер,  мәселен,  Спенсердің 
агиостицизміне  ұқсас  емес  пе  деп  ойлауы  мүмкін.  Оларға  мен 
Энгельстің:  «Ағылшын агностицизмі  материализмнің масқара көрінетін 
түрі ғана»,- деген сөзімен жауап беремін». 
Осы  қиындық  Европа  философтарын  оқыған  Абайдың  басына  да 
туған  сияқты.  Европаның  философиялық  ағымдарынан  Абайдын, 
қайсыларымен  танысуы  туралы  біздің  қолда  жеткілікті  мәлімет  жоқ. 
Өйткенмен,  өмірбаянына  және  шығармаларына  қарағанда,  оған  көбірек 
әсер  еткен  Спенсердің  моральдық  философиясы  мен  эволюциялық 
теориясы  болғанға  ұқсайды.  Бірақ  дін  философиясында  Спенсерге  өте 
ұқсас 
Абай 
тіршілік 
мәселесіне 
келгенде 
агностицизм 
мен 
рационализмге  ауып  кетеді.  Рационализмнің  бір  атасы  Декарт: 
«Мектептерде  ойшылдықты  оқытатын  философияның  орнына,  қазіргі 
күнде  кәсіпшілердің  кәсіптерін  зерттеуіміз  сияқты,  біз  оттың  күші  мен 
әсерін,  суды,  ауаны,  жұлдыздарды,  аспанды,  басқа  қоршаған  табиғат 
тектерін  оқытатын  практикалық  философияны  қоюымыз  керек»,  десе, 
саналы  адам  болғаннан  бастап,  өмірден  көзін  жұмғанша  Абайдың 
айтқаны  да  осы.  Барлық  шығармаларын  талдап  оқығаннан  кейін,  біздің 
келетін  қорытындымыз  -  өзінің  философиялық  негізгі  көзқарасында 
Абай  -  рационалист.  Бұл  тараудың  бұдан  былайғы  жағында  біз  осы 
пікірді дәлелдеуге тырысамыз. 
Абай  дүниені  жаратушы  бір  ие  бар,  ол  -  тәңірі  деген  ұғымда 
болған  және  ол  ұғымнан  қайтпаған,  бұл  тақырыпқа  ол  бірнеше  өлеңін 
және прозамен жазған өсиет сөздерін арнаған адам. Абайдың ұғуынша: 
 
Алланың өзі де рас, сөзі де рас, 
Рас сөз еш уақытта жалған болмас, 
Көп кітап келді алладан, оның төрті 


 
49
Алланы танытуға сөзі айрылмас. 
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, 
Оларға кез-кезімен нәби келді. 
Қағида шариғаты өзгерсе де, 
Тағриф алла еш жерде езгермеді. 
 
Абайға еңбек сүйетін, кісі ақысын жемейтін адам, мейлі қай дінде 
болса да, бауыр. 
Алайда  Абай  негізінде  исламға  арқа  тірейді.  Осы  арқа  тіреген 
исламға Абайдың көзқарасы қандай? 
Бұл  мәселеге  жауап  беруден  бұрын,  Абай  жолын  тұтқан  ислам 
дінінің  халіне  тоқтайық.  «Замана,  шаруа,  мінез  күнде  өзгермек»  деген 
сөзді  я  «қағида  шариғаты  өзгерсе  де»  деген  сөзді  Абай  ойынан 
шығарып отырған жоқ, жалпы діндер тарихында, олардың ішінде ислам 
дінінің  тарихында  талай  өзгерістер  болғанын  оқып  білгендіктен  айтып 
отыр.  Ислам  дінінің  тарихын  алсақ,  тәңіріден  «келген»  сөз  дейтін 
«Құран»  мен  Мүхаммед  пайғамбардан  келген  сөз  дейтін  «Хадис» 
болмаса,  мұсылманша  «Ғилмо  ашшариғат» аталатын  өзге  дін  кітаптары 
талай рет жаңарды. Мәселен, Мұхаммед пайғамбардан соң, бүкіл ислам 
дүниесінде  тәңірі  тануда  «Құран»  мен  «Хадистен»  кейін  ең  беделді 
саналатын  Әбу-Жағфар  Ат-Тахауидің  «Ғақаиді»  медреселерден  X 
ғасырда  шығарылды  да,  оның  орнына  Әбу-Жағфардан  216  жыл  кейін 
өлген  (935  жыл)  Ғүмар  Әнна  Сафидың  Ғақаиді»  қолданылды.  Алты 
ғасыр өткеннен кейін Ғұмардың  «Ғақаиді» де ескіріп, оның орнын 1475 
жылы  өлген  Тафтазанидің  «Ғақаиді»  басты;  «Кәләм  фиқһи»,  «Ұсул 
риқһи» аталатын дін ғылымының кітаптары да, заман өзгерумен осылай 
өзгеріп, жаңарып отырды. 
Осы  өзгерулер  ислам  дүниесінде  үлкен  екі  ағым  туғызды,  біреуі  - 
мүтәқаддимин,  екіншісі-мүтәкәллимин.  Ислам  дүииесінде  бұлардың 
бастапқысы  ескі  ағым,  соңғысы  жаңа  ағым  саналады,  Соңғы  ағымды 
бастаушы 1289 жылы өлгеп Фахруддии Рази. 
Бұл  екі  ағымның  арасындағы  айырма:  бастапқысы  «Құран»  мен 
«Хадиске»  ғана  сүйенеді  де,  тәңірі  туралы  оларда  айтылмаған  көлемде 
ойлауды күнә деп ұғады. Мүтәэкәллимшілер де «Құран» мен «Хадиске» 
сенеді,  бірақ  дін  үкім і н   орындауды  заманның,  тұрмыстың  өзгеруіне 
сәйкестендіргісі  келеді.  Және  бұлар  «Құран»  мен  «Хадистің»  тәңіріні 
тануын  кең  талқылауға,  тәңіріні  пайғамбар  айтты  деп  қана  емес,  өз 
ойларымен  тануға  тырысады.  Осыдан  ислам  философиясы  туып, 
тәңіріні,  дүниені  тану  туралы  жазылған  «Кәләм»,  «Ментик»  дейтін 
кітаптар  шыққан.  Мүтәқаддимшілер  бұл  екі  кітапты  оқудан  жұртты 
тыюға тырысқан, өз медреселерінде оқытпаған. 
Ислам  дініндегі  түрінде  айырма  бар  бұл  екі  ағым  мазмұнында  бір 
арнадан  бөлінбейді.  Абайдың  тілімен  айтқана,  екеуі  де  «Тағриф  алла 
өзгермейді».  Екеуінің  де  адам  баласына  үгіттейтін  рақаты  бұл 


 
50
дүниенікі  емес,  ақиреттікі.  Екеуі  де  адам  баласына  дүние  үшін  харекет 
істе  демейді,  ақирет  үшін  харекет  істе  дейді.  Бүкіл  ислам  дүниесінің 
тіршілікке  керекті  ғылым  таппай,  пайғамбар  заманының  сатысында 
қалган себебі де осында. 
Ислам  дінінің  Шығыс  елдеріне  тигізген  залалын,  бүкіл  ислам 
дініндегі  елдердің  ойшылдарының  ішінен  біздің  Шоқан  Уәлихановтан 
бұрын айтқан кісіні біз әзірге білмейміз жане жоқ қой деп ойлаймыз. 
«Қазандықтар,  османдықтар,  қырымдықтар  -  дейді  Шоқан,- 
«Құранға»,  исламға  құлай  табынам  деп,  өзінін,  ескі  халық  әдебиетінен 
айрылып  қалды.  Татарда  халық  поэзиясы  дейтін  жалғыз  шығарманың 
да  (Шоқан  атын  көрсетпеген.-  С.  М.)  мазмұны  діншілдік.  Олардың 
тілдерінің  де  тең  жарасы  -  араб  пен  парсы  сөздері.  Қалай  десең  де, 
бағынған  елдерге  құран  мен  өзінен  басқа  еш  нәрсені  ойлатпау 
мақсатына  Мұхаммед  жетуге  қалды.  Мұсылман  болған  түріктердің  бет 
алысы  біреу-ақ,  ол  -  діннің  Кұпиясына  ғана  сену,  өзге  харекеттерге 
олар барып тұрған топас». («Шығармалар жинағы», 1904 ж., 180 бет.) 
«Қазақтар,-  дейді  Шоқан,-  Россияға  қосылғанда  аты  мұсылман 
ғана  боп  сүннитке  (имам  ағызамға.-  С.  М.)  Қараушы  еді.  Мұсылман 
шариғатын  қазақтар  қолданбайтын.  Шариғатты  қолдану  шеткі  заңмен, 
өкімет  ынтасымен  (Россия  өкіметін  айтып  отыр.-  С.  М.)  қазақ  арасына 
кіріп  отыр.  1822  жылдың  заңы  шыққан  соң,  өкіметтің  қам- 
ҚОрлығымен,  ислам  қайран  қаларлықтай  өркендеді.  Қазір  барлық 
ауылда  молда  мен  медресе  -  мектеп  -  бар...  Қысқасы,  даланың  қазағы 
қазір 
діншілдік 
жағынан, 
Стамбулдағы 
Мәуләуи 
мәзһабының 
зікіршілерінен  бір  де  айнымайды...  Жырлар,  ескі  поэмалар,  ойын-
сауыққа әйелдердің араласулары әдеттен шығып барады» (1904 ж., 177-
199 беттер). 
Ислам  дінінің  осындай  залалынан  шошынған  Шоқан  сол  дінді 
қазақ  арасына  таратуға  себепші  боп  отырған  патша  өкіметін  былайша 
кінәлайды: 
«Ислам  орыстың  да,  басқа  христиан  дініндегі  елдердің  де 
өкіметіне  жәрдем  бере  алмайды.  Татардың  сатылғыш  діншілеріне 
сенудің  қажеті  жоқ...  Исламға  сенудің  залалы,  барлық  діндегі 
фантазимге  сенудің  залалындай,  халықтың  әлеуметтік  өркендеуіне 
залал екенін бұл арада қайталай беруді артық көрем» (196 бет). 
Россия  мұсылмандарының  ішінде,  исламның  негізін  байқамастан, 
тіршілікке  көзқарасын  біраз  өзгертем  бе  деп  тырысқан  адам  -  татардың 
дін ғалымы Шаһабуддин Мар- Жани. 
Біздің  ойымызша,  Маржанидің  туған  халқы  татардың  алдында 
адамгершілік  міндетін  өтеуде  екі  еңбегі  болған  сияқты:  біреуі  - 
татардың  тарихын  жасап,  ұлттық  санасезімін  көтеруге  тырысуы, 
екіншісі - татарды Европа біліміне, әсіресе орыс біліміне шақыруы. Бұл 
- оның жақсы істері. Бірақ сонымен қатар Маржаниде екі кемшілік бар. 


 
51
Біреуі  -  өз  заманындағы  татарлардың  тұрмысына  үңіле  қарамауы, 
қоғамдық 
қайшылықтарын 
ашпауы, 
қоғамдағы 
әділетсіздікпен 
күреспеуі,  философиялық,  практикалық  харекеттерінің  бәрін  өшкен 
өмірді шолуға, я діншілдік пікірін тереңдетуге жүмсауы. 
Екінші-орыс  мәдениетін  татар  халқы  меңгеру  керек  дегі 
түсінгенмен,  асса  Россия  мұсылмандарын,  қалса  татар  халқын 
панисламшылдыққа  жетектемек  болуы.  Бұл,  әрине,  татар  халқы  үшін 
де, басқа мұсылман дініндегі халықтар үшін де өте залалды пікір еді. 
Дінді  тануда  Маржанимен  пікірі  көп  мәселеде  қабысатын  Абай 
оның жаңағы көрсеткен екі қателігінен аулақ. Панисламшылдық пікірге 
Абай  -  жоламаған  кісі.  Абайдың  сүйеніші  -  Европаның,  оның  ішінде 
орыстың  гуманистерінің  көзқарасы.  Қазақ  халқының  тағдыры  туралы 
толғанған  Абай,  Шаһабуддинше,  халқының  алдындағы  міндетін, 
тарихын  таныту,  я  мұсылмандығын  күшейту  деп  қана  түсінбейді.  Абай 
өзінің  философиялық,  эстетикалық  және  практикалық  харекеттерінің 
бәрін  өзімен  замандас  адамдардың  тіршілігін  ұғуға,  содан  қорытынды 
шығаруға,  жақсысын  дәріптеп,  жаманын  сынау  арқылы  түзетуге, 
келешегіне  жарық  жол  сілтеуге  арнайды.  Бұған  кейінірек  ораламыз. 
Әзірше  Абайдың  дінге,  дүниеге  көзқарасы  туралы  аяқтайық.  Дін 
туралы жазған бір өлеңінде Абай: 
 
Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі, 
Өзіне құмар қылған оның әмірі, 
Халиққа мақлұқ ақылы жете алмайды, 
Оймен білген нәрсенің бәрі дәһрі,- 
 
дейді. «Дәһрі»- Европаша «атеист», қазақша «дінсіз» деген сөз. 
Ислам дінінде тәңіріге сенудің екі жолы бар: 
«Ислам  тәхқиқи  «-  тәңіріні  өз  басымен  ойлап  тану,  «иман 
тәһлили»-тәңіріні  елдің,  төңірегіндегілердің  сенуімен  тану.  Абай 
осының  екеуін  де  қолдамайды.  Өз  басымен  түсініп  барып  сенбеген 
«дүниелік»  істе  де,  «ақиреттік»  істі  де  Абай  қабылдамайды.  «Иман 
тәһлилидің»  тәңірісі  Абайға  тәңірі  емес,  себебі;  ол  -  өз  ақылына  ғана 
қонған  зат  пен  көріністі  қабылда  деп  үгіттейді.  «Иман  тәхқиқидің» 
тәңірісі  де  Абайдың  тәңірі  емес,  себебі  оның  үғуынша,  «оймен  білген 
нәрсенің бәрі дәһрілік»-дінсіздік. 
Исламның тәңіріге сенудің екі жолына да аяғын басқысы келмеген 
Абай: 
 
Өзгені ақыл ойға қондырады, 
Біле алмай бір тәңіріні болдырады. 
Талып ұйықтап көзіңді ашысымен 
Талпынып тағы да ойлап зор қылады,- 
 


 
52
деп,  ойлап-ойлап,  ойы  жетпеген  соң,  «ақылға  сыймас  ол  алла»  деген 
қорытындыға  келеді.  Барлығына  ақылы  жетпеген  алланы  Абай  ислам 
ғалымдарыныи, тануындай ғана танып қоймайды. Ол: 
 
Ақыл мен хауас барлығын 
Білмей дүр журек сезе дүр. 
Мүтәкәллимип мантиқин 
Бекер босқа езә дүр,- 
 
деп,  ислам  ғалымдарының  кәдімшілдері  (ескішілдері)  былай  тұрсын, 
кәләмшалары  мен  мантиқшыларының  (жаңашылдарының)  пікірін  де 
«босқа  езгендік»  деп  түсінеді.  Абайдың  осы  бір  ауыз  өлеңі  1940  жылға 
дейін оның шығармаларына кірмей, қолжазбада ғана сақталып келген. 
Абайдың  үғымында  ақылмен  де,  сезім  мүшелерімен  де  тәңіріні 
тану  мүмкін  емес.  Оның  ойынша,  тәңірінің  барлығын  «сезетін  жүрек 
қана». 
Осы  жүрекпен  ғана  сезетін  тәңіріге,  оның  «құлы»-  адамның 
бендешілік «қарызын» өтеу туралы Абай не пікір ұсынады? 
Исламда мұсылман болудың бес шарты бар: иман білу, намаз оқу, 
ораза тұту, зекет беру, қажыға бару. 
Бұл  құлшылықтарды  өтеуге  Абай  қарсы  емес.  Бірақ  ол 
ққлшылықтың  шартын  біліп  орындауды  тілейді.  Намаздың  шартын 
білмей оқыған ауылдың надан діншілерін «Абыралыға» деген өлеңінде: 
 
«Еннатайына кәлкәусар, 
Пошол дереу, күнәкәр». 
Аяғын ойлап айтқаны: 
«Әні-шаны күлаптар». 
Осы оқу мен намаздың 
Қай жерінде сауап бар? - 
 
деп сықақтайды. 
 
Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс, 
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс, -- 
 
дейді Абай. Бірақ ол: «Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс» дегенмен: 
 
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті 
Қылғанменен татымды бермес жеміс, - 
 
деп,  тәңіріге  ішкі  сенімі  берік  болғанмен  кісінің  дене  қимылымен  я 
малмен атқарған құлшылығын «татымды жеміс бермейді» деп ойлайды. 


 
53
Денемен  атқаратын  құлшылықты  бұлжытпай  орындайтын,  бірақ 
өз пайдасын ғана ойлап, басқаның пайдасын көздемейтін өз заманының 
діншілдеріне Абай қатты наразы. 
-  Молдалар  тұра  тұрсын,-  дейді  ол  «Отыз  сегізінші  сезінде»,- 
хүсусан  (арнап  айтқанда)  бұл  заманның  ишандарына  бек  сақ  болыңдар. 
Олар  фитнә  (бұзық)  ғалым,  бұлардан  залалдан  басқа  еш  нәрсе 
шықпайды.  Өздері  хүкім  шариғатты  таза  білмейді,  көбі  надан  болады. 
Онан  асып  өзін-өзі  әһіл  тариқат  (дінді  бастаушылар)  біліп  және  біреуді 
жеткізбек  дағауасын  қылады.  Бұл  іс  олардың  сыбағасы  емес.  Бұлардың 
жеткізбегі  мұхал  (мүмкін  емес).  Бұлар  адам  аздырушылар,  хаттә  дінге 
де  залалды.  Бұлардың  сүйенгені  надандар,  сөйлегені  жалған,  дәлелдері 
тасбығы мен шалмалары». Осы пікірін ол өлеңінде де қайталап: 
 
Кітапты молда теріс оқыр, 
Дағардай боп сәлдесі, 
Мал қумар көңілі бек соқыр, 
Бүркіттен кем бе жем жесі? - 
 
дейді.  Өзі  молда  да,  ишан  да  болмай  ишанға  қол  тапсыру  мен  софы 
болғысы келгендерді Абай: 
 
Кейбірі пірге қол берер, 
Іші - залым, сырты - абыз,- 
 
деп  тілдейді.  Абайдың  бұл  сөздері  ислам  дінінің  шариғатын  жақсы 
білмейтін  ишандарға,  молдаларға  ғана  арнап  айтқаны  дейін  десең,  дін 
туралы  жазған  бір  өлеңінде,  ол  бүкіл  ислам  дініндегі  барлық 
имамдарды (дін бастықтарын) былайша кінәлайды: 
 
Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, 
Хүснизән' мен иманды білді ойлаған, 
Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, 
Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған. 
 
Бұдан  шығатын  қорытынды:  имамдар  адамның  тәңіріге  сыртпен 
атқаратын құлшылығына көңілін бөлген де, ішін тазартуды ескермеген. 
Абайша,  іш  тазарту  деген  не?  Ішті  тазартудан  оның  қозғаған 
мақсаты не? 
Ислам молдаларынын, айтуында, «иман» деген - «құдай бір, құран 
шын, Мұхаммед пайғамбар рас» деп сену.  Абай бұл пікірге қарсы емес. 
Ол да: 
 
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ, 
Құран рас, алланың сөзі дүр ол,- 


 
54
 
дейді.  Бірақ  Абайша,  «иман»-  бұл  ғана  емес.  Ол  одан  әрі  кетеді  де, 
ислам молдаларынан бөлінеді. 
 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп 
Және хақ жолы осы деп - әділетті,- 
дейді ол. 
Молдалардың 
иманындағы 
үш 
шарт: 
құдайға, 
құранға, 
пайғамбарға  сену;  осы  үш  шартты  бекер  демейтін  Абайдың  одан  басқа 
және үш шарты бар: ол -  тәңірінің адамды сүюі, адамның тәңіріні сүюі, 
адамның адамды сүюі. 
 
Осы үш сүю болады иманы гүл, 
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл, 
Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ, 
Басты байла жолына, малың түгіл, - 
дейді ол. Оның ойынша: 
Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы, 
Екі дүние бұл тасдиқ хақтың досы. 
 
Адамға  адам  жәрдемші  болу  керек  деген  сөзді  ислам  дініндегілер 
де,  басқа  діндегілер  де  айтады.  Бірақ  «адамды  адам  сүю  діннен  тағат» 
дегенді ешбір діннің өкілі айтпайды. 
«Адамды  адам  сүю,  адамға  адам  жәрдемші  болу  -  тағат»  деу 
орыста  Лев  Толстой,  бізде  Абай  және  солар  сияқты,  адамды  дініне 
қарап  емес,  дәулетіне  қарап  емес,  шын  адамдық  әрекеттеріне  қарап 
жақсы  көретін  адамдар  дін  шеңберінен  шығатын  пікір  айтқан.  Бұл  - 
марксизмге шейінгі гуманизмнің ең биігі. 
Барлық  гуманистердің,  олардың  ішінде  Абайдың  «шын  адам»  деп 
ұғатындары  -  біреудің  еңбегін  жемей,  өз  еңбегімен  күн  көретіндер. 
Осындай еңбекші адамдарды гуманистер ұлтына, дініне қарамай, жақсы 
көреді.  Абайдың  еңбекшілер  мен  еңбекшіні  қанаушылар  туралы 
пікіріне  кейін  ораламыз.  Әзірге  оның  дін,  дүниеге  көзқарасы  туралы 
пікірімізді аяқтайық. 
 
Адамды сүй, алланың, хикметін сүй, 
Не қызык бар өмірде одан басқа, - 
 
дейтін  Абай  аллаға  не  құрмет  көрсетуді,  адамға  не  құрмет  көрсетуді 
ұсынады. 
Исламша,  алланы  сүюдің  белгісі  ораза  ұстау,  намаз  оқу,  бай  кісі 
болса, зекет беру, қажыға бару екенін, оларға  «руза, намаз, зекет,  хаж  - 


 
55
талассыз  іс»,  Абайдың  қарсы  болмайтынын  жоғарыда  айтқамыз.  Осы 
«талассыз  істерді»  орындау,  исламша  міндетті  де,  Абайша  міндетті 
емес. 
Бұл  мәселе  туралы  Абай  «Отыз  сегізінші  сөзінде»  былай  дейді: 
«Пенделіктің  (құдайға  құл  болудың)  толықтығы  әулиелікпен  болса, 
күллі  адам  тәркі  дүние  боп  (дүниеден  безіп),  һүу  деп  тағрифатқа  (дін 
жолына)  кірсе,  дүние  ойран  болса  керек.  Бұлай  болғанда,  малды  кім 
бағады?  Дұшпанды  кім  тоқтатады?  Киімдік  матаны  кім  тоқиды? 
Астықты  кім  егеді?  Дүниедегі  алланың  пендесі  үшін  жаратқан 
жаназаларын кім іздейді?» 
Өте  ашық  пікір.  Бұдан  шығатын  қорытынды:  адамның  дүниедегі 
міндеті  -  отанды  жаудан  қорғау,  мал  бағу  мен  егін  салу  сияқты 
шаруаны  өсіру,  фабрикаларда  киім  тоқу,  жер  астындағы  кендерді  іздеп 
тауып,  тіршілік  пайдасына  асыру.  Адамға  адамның  пайдасы  осыларды 
істегенде  ғана  тиеді,  осыларды  істеген  адам  баласы  өркендей  алады, 
жақсы  тұрмыс  жасай  алады,  табиғат  күшін  меңгере  алады,  табиғат 
байлығын керегіне жарата алады. 
Абайда,  «жақсылық,  жамандықты  жаратқан»  құдай,  бірақ  оны 
істететін  құдай  емес;  ауруды  жаратқан  құдай,  ауыртатын  құдай  емес; 
байлықты,  кедейлікті  жаратқан  құдай,  бірақ  бай  қылған,  кедей  қылған 
құдай емес. Олай болса, Абайдың ойынша жаман болу да, ауру болу да, 
кедей  болу  да,  табиғат  байлығын  ала  алмау  да  құдайдан  емес,  адамның 
өзінен. 
Жақсы  тұрмыс  жасау  еркі  өзінде  деп  ойлаған  әрбір  жеке  адамды 
Абай екіге бөліп былай дейді: 
 
Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі. 
«Мені» мен «менікінін,» мағынасы - екі. 
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, 
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі... 
Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес, 
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. 
«Мен» менен «менікінің» айрылғанын 
«Өлді» деп ат қойыпты өңшең білмес. 
 
Осы  арада  Абайдың  «мен»  және  «менікі»  деп  отырғанына  аз 
тоқтап  өтейік.  Онын,  «менікі»  деп  отырғаны  тән,  дене  екені,  тән 
өлгеннен  кейін  оның  жоғалатындығы  жаңағ
Ы  
мысалға  алған  өлеңде 
анық 
айтылған. 
Барлық 
діннің, 
оның 
ішінде 
ислам 
дінінің 
талқылауында  тән  өлгенмен,  әқирет  күнінде  қайтадан  түгелденіп,  бұл 
дүниедегі  қалпына  кеп,  ақиретте  жанға  тән  қайтадан  қосылады, 
қайтадан бұл дүниедегі қалпына келеді. Діннің бұл пікірін қолдауды біз 
Абайдың  ешбір  шығармасынан  еш  уақытта  ұшырата  алмаймыз.  Дене 
тіріле  ме,  жоқ  па?  деген  мәселені  ашық  қалдыратын  Абайдың  бұл 


 
56
мәселе  туралы  жалпы  сарынына  қарағанда,  «тірілмейді»  деген  жағы 
басым сияқты. Олай дейтін себебіміз: 
 
Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып аяғын көп шалдырған, 
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? - 
 
дейді  Абай.  Абайдың  терминінде:  сөз-«менікі»  емес,  «мен».  «Мен» 
деген  терминді  Абай  «ақыл  мен  жан»  деп  қос  қабат  мағынасында 
алғанмен, «жан» не деген сұраудың  жауабын да ашық қалдырып кетеді. 
Теологиялық  ұғымдағы  «жанды»  Абай  танымайтын  сияқты.  Абайдың 
«жаны»  метафизикалық  ұғымдағы  «жанға»  ұқсайды.  Екінші  сөзбен 
айтқанда,  «жан»-  көшіп-қонып  жүретін  материал  сымақтау  бірдеңе 
емес, денесіз қуаттан тұратын тәңірінің өзі барлығын дәлелдеуге денеге 
уақытша  берген  демі.  Дене  өлген  соң  жан  оған  қайтып  оралмайды, 
тәңірілік қуаттың бір бөлшегіне айналып кетеді. 
«Жан»  мәселесін  ашық  қалдыратын  Абай  «мен»  деген  терминдегі 
«ақыл  мен  жан»  деген  қосақтан  «жанды»  шығарып  тастап,  «ақылды» 
ғана  алады  да,  бұл  мәселе  туралы  пікір  айтқанда,  осы  «ақыл»  төңірегін 
көп шарлайды. Жаңағы өлеңінде оның: 
 
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - 
 
дейтіні  де  сондықтан.  «Сөз»-  Абайдың  ұғымында  «ақылдың»  бір 
көрінісі. Олай болатын болса, өлетін  не?  «Менікі», яғни дене; өлмейтін 
не?  «Мен»  ,  яғни  «ақыл»,  «ақыл»-  Абайдың  ұғымында,  адамның  ойы 
ғана  емес,  сол  ойдан  туған  іс  және  адамға  пайдалы  іс.  Олай  болса, 
«мен» өлмегенде, өлмейтін жан емес, іс. 
«Менің»,  яғни  адам  ісінің,  міндеті  адамға  пайда  келтіру  болса, 
«менікінің», яғни дененің міндеті ие? 
Бұл сұраудың жауабын Абай ашық беріп: 
 
Дененің барлық қуаты, 
Өнерге салар бар күшін, - 
 
дейді.  Өнер,  әрине,  дін  үшін  емес,  дүние  үшін,  адам  өркендеу  үшін 
керек.  Олай  болса,  Абайдың  пікірінен  туатын  логика  -  дене  де,  жан  да 
адамға,  адамның  өз  тұрмысын  өркендету  үшін,  өзіне  рақат  түрмыс 
жасау үшін қажетті құрал.  
 
Шырақтар, ынталарды «менікі де». 
Тән құмарын іздейсің күні-түн де. 


 
57
Әділет пен арлылық, махаббат пен 
Үй жолдасың қабірден әрі еткенде,- 
 
дейді  Абай.  Оның  бұл  сөзінен:  адам  тән  қызығын  іздемеу  керек,  екінші 
сөзбен  айтқанда,  тән  рақатына  керекті  дүние  жинамау  керек  деген 
мағына  шыға  ма?  Ондай  мағына  шықса,  жоғарыда  біз  мысалға  алған 
«адам табиғат байлығын меңгеру керек, егін егу керек сауда істеу керек 
кендерді  қазып  алу  керек  завод,  фабрикалар  салу  керек»  деген  сөздерді 
Абай неге айтады? 
Бұл  сұрауға  жауап  берердің  алдында,  Абайдың  «мені»  не  қызмет 
атқаруға керек екеніне тағы да оралайық. 
 
Жүректің барлық қуаты 
Махаббат қылса тәңірі үшін, - 
дейді  ол.  Жүректің  тәңірі  үшін  атқаратын  махаббаты,  Абайдың 
ойынша,  қандай  махаббат?  Бұл  сұраудың  жауабын  Абайдың  өзіне 
берейік. Оның айтатыны: 
 
Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, 
Харекет қыл, пайдасы кепке тисін, 
Көптің қамын әуелде тәңірі ойлаған, 
Мен сүйгенді суйді деп иең суйсін! 
 
Абайдың  ойынша,  «қабірден  әрі  өткенде»,  адамның  тәңірге 
апаратын  сыйы:  бұл  дүниеде  адамның  адамға  сіңірген  жақсылығы, 
адамның  арлы,  әділ,  мейірімді  болуы.  Абай  бұл  пікірін  тәңіріні 
танудың, діншілдіктің ең биік мұнарасы деп ойлап: 
 
Дін де осы, шын ойласаң тағат та осы, 
Екі дүние бұл тасдиқ-хақтың досы, - 
 
дейді.  Бірақ  дін  бе  осылай  деп  ойлау?  Меніңше,  «дін»  деген  сөзді, 
қазақша «сену» деген мағынада алсақ, бұл рас - дін, яғни сену. Ал «дін» 
сөздің  «діншілдік»  мағынасында,  яғни  тәңіріге  сену  мағынасында 
алсақ, Абайдың бұл пікірі діншілдік емес. 
Бірақ  Абай  осы  дұп-дұрыс  материалистік  қорытындысын  олай 
айналдырып,  бұлай  айналдырып,  өмір  бойы  аяғынан  тік  тұрғыза  алмай 
әуре  болады,  ол  адамның  дене  куаты  да,  жүрек  махаббаты  да  адам 
үшін, адамның тіршілігі үшін дей отырып: 
 
Адам ғапыл, дүниені дер «менікі», 
«Менікі» деп жүргеннің бәрі «оныкі» 
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, 
Сонда ойла, болады не сенікі? - 


 
58
 
деп,  дүние  тіршілігін  жақсылап  еткізуге  шақырған  адамына  Абай  тағы 
да  сұрау  беріп,  көңіліне  қобалжу  салады.  Бұл  -  мақсатсыз,  нысанасыз 
қобалжыту емес, нысаналы қобалжыту. 
 
Дүниеге дос, ақиретке бірдей болмас, 
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас, 
Дүниеге ынтық, мақшарға амалсыздың 
Иманын түгел деуге аузым бармас, - 
 
дейді ол. Оның «дүниеге дос» деп отырғаны кім? 
Барлық  шығармаларын  түгел  оқығанда,  Абайдың  «дүниеге  дос» 
дейтіндері  өзіне  тіршілік  жасауға  ғана  қажетті  дүние  (мал,  мүлік) 
жинағандар  емес,  я  өзгеге  жәрдем  беру  үшін  дүние  жинағандар  емес; 
Абайдың  «дүниеге  дос»  дейтіндері  -  өз  еңбегімен  күн  көрмейтін, 
біреудің  еңбегін  жеп  байитын,  тіршіліктегі  досы  адам  емес,  мал  болған 
қанаушы  адамдар.  Мұндай  адамдардың  дүниеге,  малға  достығын  Абай 
былай сөгеді: 
 
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа, 
Аларында шара жоқ алдамасқа, 
Табысына табынып қалтаң қағып, 
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа. 
Мал жияды мақтанын білдірмекке, 
Көзін шұқып малменен күйдірмекке, 
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар, 
Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке. 
 
Бұл  пікірін  Абай  «Отыз  сегізінші  сөзінде»  былайша  тереңдетеді: 
«Байлар  өзінде  жоқты  малмен  сатып  алады.  Көңілдері  көкте.  Көздері 
аспанда.  Адалдық,  арамдық,  ақыл,  ғылым,  еш  нәрсе  малдан  қымбат 
демейді.  Мал  болса,  құдай  тағаланы  да  параға  сатып  алам  дейді.  Оның 
діні,  құдайы,  халқы,  жұрты,  білімі,  ұяты,  ары,  жақыны  -  бәрі  мал». 
Абайдың  бұл  сөздері  өмір  құбылысын,  қоғамның,  таптың  жігін  жіті 
байқап,  айқын  қорытынды  жасай  білгендігін  дәлелдейді  де,  ұлы 
ойшылдардың, деңгейіне көтеріле білгендігін көрсетеді. 
Абайдың  үғымында,  тәңірі  адам  балаларын  «мен  артық»,  «мен 
кем»  демей,  теңдесіп,  бауырласып  тұру  үшін  жаратқан.  Ол  бір 
өлеңінде: 
 
Адам бір - боқ көтерген боқтын, қабы, 
Боқтан сасық боласын, өлсең тағы, - 
дейді. Сөйте түрып: 
Мені мен сен тең бе деп мақтанасың, 


 
59
Білімсіздік белгісі - ол баяғы,- 
 
деп,  «менің  жаратылысым  сенен  артық,  сен  кемсің»  деп  басқаны 
қорлаушыларға ұрсады. 
Білімсіз надандарды сөгіп жазған бір өлеңінде: 
 
«Білмейсің» десе, желөкпе 
Дейді «ол-дағы - тәңірі ісі. 
Бірімен-бірі бөлек пе, 
И
ЕМІҢ
 әділ бендесі? - 
 
деп, 
бойындағы 
кемшілігін 
«жаратылысымның 
кемшілігі» 
деп 
үғатыпдарды  сөгеді.  Солай  дей  отыра  Абай  ақылды  адам  мен  ақылсыз 
адамның  арасына  шек  қояды.  «Аз  ба,  көп  пе  адам  бір  түрлі  мақтаннан 
аман  болмағы  -  қиын  іс,  -  дейді  ол  «Жиырма  бірінші  сөзінде»,  -  сол 
мақтан  деген
  НӘР С ЕН ІҢ
,  мен  екі  түрлісін  байқадым:  біреуінің  атын 
үлкендік  деп  атаймын,  біреуін  мақтаншақтық  деймін.  Үлкендік  -  адам 
ішінен  өзін-өзі  бағалы  есеп  қылмақ,  мысалы,  надан  атанбастығын, 
жеңіл 
атанбастығын, 
мақтаншақ 
атанбастығын, 
әдепсіз, 
арсыз, 
байлаусыз,  пайдасыз.  (  ұрыншақ,  өсекші,  өтірікші,  алдамшы,  кеселді  - 
осындай  жарамсыз  қылықтардан  сақтанып,  сол  мінездерді  бойына 
қорлық 
біліп, 
өзін 
ондайлардан 
зор 
есептемек 
бұл 
мінез- 
ақылдылардын,  арлылардың,  артықтардын,  мінезі.  Олар  өзімді  жақсы 
демесе мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. 
Екінші  мақтаншақ  деген  біреуі:  демесін  демейді,  десін  дейді.  Бай 
десін,  батыр  десін,  қу  десін,  пысық  десін  әрдәйым,  не  түрлі  болса  да 
«десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді». 
Абай:  «амалмен  асқан  патшадан,  ақылмен  асқан  қара  артық»,  - 
деп  ақылсыздан  ақылдыны  жоғары  қояды.  Патша  болу  я  жоғарылы-
төменділі әкім болу, Абайдың үғымында, ақылдылықтан бола бермейді. 
Оның  байқауында,  әкім  болудың  екі  жолы  бар:  «Биік  мансап  -  биік 
жартас,  -  дейді  Абай,  -  ерінбей  еңбектеп  жылан  да  шығады,  екпіндеп 
ұшып қыран да шығады». 
Сондықтан  Абай  халыққа:  «Біреуді  патша  екен  деп,  ұлық  екен 
деп,  ақсақал  екен  деп  бағынба,  оның  біліміне,  ақылына  қарап  бағын, 
ақылдыны ғана құрметте», - дейді. 
 
Сөзіне қарап кісіні ал, 
Кісіге қарап сөз алма! - 
 
дейді  ол.  Адам  мен  адам  бірдей  тең  де  бауырлас  болу  керек  дегенде, 
Абай  анархистік  пікірге  бармайды.  Ол  -  елді  басқаратын  ақылшы  болу 
керек, өкімет болу керек деген пікірді қолдайды. 
 


 
60
Көп шуылдақ не табар, 
Билемесе бір кемел. 
Единица - жақсысы, 
Ерген елі бейне нөл, 
Единица нөлсіз-ақ 
Өз басындық болар сол. 
Единица кеткенде, 
Не болады өңкей нөл? 
 
Абайдың көп пен билеушіге көзқарасы осы. Бірақ ол: 
 
Единица нөлсіз-ақ, 
Өз басындық болар сол, - 
 
дегенде,  «өз  басындық»  деген  сөзді  бекерге  қолданбайды.  Өзі  ақылды 
болғанмен, 
К Ө П Т І  
басқарудың әдісін білмесе, Абайдың ойынша, адамның 
ел  билеуі  қиын.  Себебі:  Абай  көпті  «нөл»  деп  атағанмен,  ол  «нөлдер» 
санға 
қосылмайтын, 
мағынасы 
жоқ 
«нөлдер» 
емес. 
Абайдың 
ұғымындағы «нөлдердің» саны да, сапасы да бар. 
 
Көптін, бәрі көп деме, көп те бөлек 
Көп ит жеңіп, көк итті күнде жемек - 
 
дейді  Абай.  «Көк  итті  көп  ит  жеңеді»  деген  қазақтың  мақалы  бар.  Осы 
мақалды  өлеңіне  қолданып  отырған  Абайдың  да,  мақал  иесі  халықтың 
да  «көк  иті»  -  тура  мағынасын  алғанда  қасқыр,  бейнелі  мағынасын 
алғанда - ел бастығы, екінші сөзбен айтқанда - әкім. 
Халық  та,  халық  мақалын  қолданған  Абай  да  әкімнен  халық 
мықты  екенін,  халық  пен  әкім  таразыда  теңдескісі  келсе,  халық  жағы 
басып  кететінін  жақсы  түсінгенін  көреміз.  Көптің  күші  осындай 
болғанмен,  Абайдың  ойынша,  жеке  адам  көпке  сенбеу  керек  өзіне  сену 
керек. 
 
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, 
Әуре етеді ішіне қулық сақтап, 
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар 
Еңбегі мен акылың екі жақтап, - 
 
дейді  ол.  Еңбексіз,  ақылсыз  өзіне  сенген  өр  көкіректікті  Абай 
ұнатпайды. 
 
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, 
Құмарпаз боп мақтанды қуын кетпе, 
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, 


 
61
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе? 
 
Бойында  мақтанның  сенімі  болмай,  ақыл  мен  еңбектің  сенімі 
болған  адам,  Абайдың  ұғымында,  шын  адамның  үлгісі,  адамға  жақсы 
тіршілік  жасау  үшін  керекті  қажетінің  бәрі  осы  адамның  бойынан 
табылады. 
 
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек 
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. 
Таразы да, қазы да өз бойында, 
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек. 
 
Осындай  «таразы  да,  қазы  да  өз бойынан  табылатын»  «димдардші 
қүрылідн  қогам  жасаймын  деп  тырысқан  Абай  с  опдміі  «қылдіплардип 
қүралған  қоғам  жасала  қалған  күннің  очіпде  де  ел  басқарушысыз 
болмау  кереқ  бастаушы  «еди-  пнцасы»  болу  керек  деп  ойлайды. 
«Единицаға» ол: 
 
Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек? - 
деп бір өлеңінде сұрау қояды да: 
Жұрты сүйген нәрсені ол да сүймек! - 
 
деп  жауап  береді.  Егер  басқарушы  -  жұрты  сүйген  нәрсені  сүйіп, 
жұртының  ырқына  көніп  отырса,  жұрты  ақылды  боп,  басқарушыға 
қорқып  емес,  санамен  бағынып  отырса,  ол  елдін,  бейнесі,  Абайша, 
мынадай болмақ: 
 
Берекелі болса ел - 
Жағасы жайлау ол бір көл, 
Жапырағы жайқалып, 
Бұлғақтайды соқса жел. 
Жан-жағынан күркіреп, 
Құйып жатса аққан сел, 
Оның маңы өзгеден 
Өзгеше боп өсер тел. 
 
Бұндай «берекелі» елдің әкімін Абай былай бейнелейді: 
 
Елі жөнді болыстар 
Мақтанып жүр тарқылдап. 
Күлкісі жақсы қарқылдап, 
Үні бөлек сартылдап, 
Сөйлесе кетсе бір жерде, 
Ағыны қатты аңқылдап, 


 
62
Оязға кірсе, өзгеден 
Мейрі үстем жарқылдап. 
 
Бұл  сияқты  жалпыға  бірдей  «сыйлы»  әкім  де,  өзара  тату,  әкімін 
түгел  сүйетін  қоғам  да,  таптық  қайшылығы  күшті  Абай  заманында 
жоғын  біз  ғана  емес,  Абайдың  өзі  де  барлық  шығармаларымен 
дәлелдейді.  Абайдың  шығармаларына  қадала  қарасаң,  үнемі  көретінің 
қайшылығы  шиеленісіп  жатқан  қоғам  құрылысы.  Көпке  бірдей  өкімет 
жоқ, өкімет - қанаушы таптың құралы. Абай сықақтайтын бір болыс: 
 
Күштілерім сөз айтса, 
Бас изеймін шыбындап, 
Әлсіздің сөзін салғыртсып, 
Шала ұғамын қырындап, 
 
деп  мақтанады.  Ол  кезде  ауылдағы  әлді-кім?  Байлар.  «Күшті  жықпақ, 
бай жеңбек әуел бастан», - дейді Абайдың сөзі. Әлсіз - кім? Кедейлер. 
 
Алса да аяншақтау кедей сорлы, 
дейді Абай. 
 
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,- 
 
дейді Абай. Еңбек етпей, тентіреп байлардан тамақ асырағандарға: 
 
Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген, 
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа, - 
 
деп  ұрсады  Абай.  Сөзде  әділ  әкім  бар  деп,  берекелі  ел  бар  деп 
ойлайтын Абайдың іс жүзінде көретін әкімдері: 
 
Ел жамаған билер жоқ, 
Ел қыдырып сандалды. 
Астыртын барып жолығысқан, 
Ақша беріп жалғасқан, 
Ақысын әрең сол алды, 
Орыс сыяз қылдырса, 
Болыс елін қармайды, 
Қу старшын, аш билер, 
Аз жүрегін жалғайды. 
 
Осындай  әкімдер  басқарып  берекесі  кеткен  елдің  түрін  Абай 
былай суреттейді. 
 


 
63
Берекесі кеткен ел- 
Суы ашыған батпақ көл, 
Құс қаңқылдап, жағалап 
Шулай алмас жазғы төл. 
Оның суын ішкен мал 
Тышқақ тиіп, аспас бел. 
Кел деп оны кім жайлар 
Суы құрсын, ол бір - шөл. 
 
Жергілікті  өкімет  бастықтары  туралы  пікірі  осындай  Абайдың 
патша  жөніндегі,  өз  тұсындағы  жалпы  мемлекет  билеу  системасы 
жөніндегі көзқарасын ұғу қиындыққа түспейді. 
Мәселе  патшаны  я  министрлерді  сынауда  емес,  патшалықтың 
негізіне  құрылған  ел  билеу  системасын  сынауда.  Орыстың  атақты 
жазушысы  Гоголь  «Ревизорды»  жазып,  уездік  қаладағы  орыстың 
парақор,  мақтаншақ,  зорлықшыл  әкімдерін  сынаса  немесе  орыстың 
революцияшыл-демократ  жазушысы  Салтыков-Щедрин  «Губерниялық 
очерктерінде»  я  басқа  сол  сияқты  шығармаларында  орыстың  жергілікті 
зорлықшыл,  парақор,  ақымақ  әкімдерін  сынаса,  бүл  «кішкене» 
ұлықтарды  сынау  ғана  емес,  сол  кездегі  бүкіл  ел  билеу  системасын 
сынау.  Сондықтан  біз  Абайдың  елдегі  парақор  болыстар  мен  билерді,  я 
оларды  жақтаушы  уездік  губерниялық  әкімдері  сынауын  оның  бүкіл 
патша  өкіметінің  системасын  сынауы  деп  түсінуіміз  керек.  Болыстар 
мен  билердің  зорлығы,  парасы,  сол  кездегі  бүкіл  Россияда  болған 
саяси-шаруашылық  жағдайдан  туған.  Бұндай  хал  -  қазақ  аулында  ғана 
емес, Россияның ішінде, оған бағынған барлық ұлттардың қалаларында, 
деревняларында,  қыстақтарында  болған  хал.  Абай  өлерден  12  жыл 
бұрын  таққа  отырып,  Абай  өлгеннен  13  жыл  кейін  тақтан  құлаған 
Россия патшасы II  Николайдың сарайынан тараған зорлық-зомбылықты 
айтпағанда,  сол  сарайдың  айналасындағы  парақорлықтың  қалай 
өрбігенін,  біз  Григорий  Распутинге  я  сол  кездің  министрлеріне 
байланысты 
материалдардан 
жақсы 
білеміз. 
Оны 
бұл 
арада 
қайталаудың  қажеті  жоқ.  Заманындағы  қиянатшыл  өкімет  адамдарына 
Абай: 
 
Хош, қорықты елің, 
Қорқытқан сенің 
Өнерің қайсы, айтып бер! 
Ел аңдып сені, 
Сен аңдып оны, - 
Қылт еткізбей бағып көр! - 
 
деп ызаланады. Оларды түзеймін деп тырысқан Абай ол ойынан нәтиже 
шығара алмаған соң, қиянатшыларды ырқына көндіре алмаған соң: 


 
64
 
Бір кісі мыңға, 
Жөн кісі сұмға 
Әлі жетер заман жоқ. 
Қадірлі басым, 
Қайратты жасым, 
Айғаймен кетті, амал жоқ. 
Болмасқа болып қара тер, 
Қорлықпен өткен қу өмір! - 
 
деп  налиды.  Заманындағы  үстем  қанаушы  таптың  қүралы  -  өкімет 
туралы Абайдың ойы жеткен жері осы. 
Заманның  кемшілігін,  қиянатын  сынаған  Абай  сол  кемшілік  пен 
қиянаттарды туғызатын бір себеп бар деп ойлайды. Ол: 
 
Тамағы тоқтық, 
Жұмысы жоқтық 
Аздырар адам баласын, - 
 
деп қарайды. Еңбексіз тапқан байлықтың арты ұзаққа созылмауға тиісті 
екенін де Абай жорамалдайды: 
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, 
Қардың суы сықылды тез суалар. 
дейді Абай. Тағы бір өлеңінде: 
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбеқ 
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. 
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, 
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмеқ- 
дейді ол. 
Қаналудан  құтылу  үшін,  қаналушы  көпке  Абайдың  өз  тарапынан 
ұсынатын жолы: 
Еңбек қылсаң ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей. 
 
Абайдың  үғымында,  бір  адамның  қолынан  еңбек  атаулының  бәрі 
келе  бермейді.  Оның  ойынша,  еңбекпен  дәулет  жинағысы  келген  адам, 
қызықпай, еңбек майданында өзінің орнын білу керек. 
 
Әсемпаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болсаң, арқалан, 
Сен де - бір кірпіш дүниеге, 
Кетігін тап та, бар қалан, - 
 


 
65
дейді  ол.  Қоғам  жүмысында  өз  кетігін  тауып  қаланған  адамға  Абай  сол 
кетікті  толтырудың  өнерін  біл  дегенді,  қара  күшпен  емес,  біліммен 
меңгер дегенді ұсынады: 
 
Егіннің ебін, 
Сауданың тегін, 
Үйреніп, ойлап, мал ізде. 
Адал бол, бай тап, 
Адам бол, мал тап, 
Қуансаң қуан сол кезде. 
 
Елді  еңбекке  шақырған  уақытта  Абай  адам  әрекетінде  кездесетін 
теріс мінез, олқылықтарды ажуалаудан тартынбай: 
 
Азат басың болсын құл,- 
Қолдан келмес іске ұмтыл, - 
 
ДЕП  Ө
мір  сарайында  өзінің  қалануға  кетігін  таба  алмағандарды,  онеріп 
білмей 
өнімсіз 
еңбекпен 
шүғылданғандарды 
улы 
кекесінмен 
мысқылдайды. 
Өзінің  осындай  пікірлерін  айтқанда  Абайдың  ойы  -  жұрттың  бәрін 
еңбекке  жұмылдыру  арқылы,  өнімді  еңбек  атқару  арқылы
 
тегістеу,  күн 
көрісі  нашарларды  күн  көрісі  күштілермен  қатарластыру,  сөйтіп,  «мені 
мен  сен  тең  бе  деп  мақтануды»  қоғам  тіршілігінен  аластау.  Герберт 
Спенсердің  эволюциялық  теориясына  Абайдың  қабысатын  жері  осы 
арада. 
Бұл  үгітінен  іс  шықпайтынына  «Қараша,  желтоқсан  мен  сол  бір-
екі  ай»  дейтін  өлеңінде  Абайдың  өзі  де  мойындап,  қанша  сарылып 
еңбек  атқарғанмен,  қаналушы  кедейді  қанаушы  бай  мұратына 
жеткізбейтінін,  екеуінің  еш  уақытта  келісімге  келе  алмайтынын  көреді 
де: 
 
Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, 
Аңдыстырған екеуін кұдайым-ай! - 
 
деп налиды. 
Қанаушы  мен  қаналушылардың  халін  тексергенде,  Абайдың  ойы 
тоқырайтын тұйық осы. 
Абайдың  жалпы  қоғам  тұрмысындағы  қайшылықтарды  көруі,  ол 
қайшылықтардан  құтылу  үшін  қоғамға  не  жол  ұсынатындығы  туралы 
пікірімізді  осымен  доғарып,  енді  оның  қазақ  өміріне  қалай  қарағанын 
талқылаймыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет