Микробиологиялыќ зертхана


Тышқандардың лимфа түйіндерінен жасушаларды бөліп алу



Pdf көрінісі
бет112/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Тышқандардың лимфа түйіндерінен жасушаларды бөліп алу.
Тышқанды эфирмен жансыздандырғаннан кейін, ұшаны арнайы
препаровальды үстелге арқасымен бекітіп, құрсақ аумағын спиртпен
өңдейді. Құрсақтың ақ жол сызығының бойымен кесінді жасап, теріні
жан жағына керіп, арнайы инелермен бекітеді де, бүкіл денені теріден
жалаңаштайды. 
Сілекей безі орналасқан аумақтан жақ асты лимфа түйіндерін тауып
алу қажет. Лимфа түйіндері бұршақ пішінді, көлемі 2-3 мм және ақшыл-
жылтыр түсті болып келеді. Лимфа түйіндерін пинцет және қайшының
көмегімен ұлпалардан ажыратып алып, салқын стерильді ортасы бар
Петри шынысына салады.
Иық буыны астында терінің ішкі жағында қолтық асты лимфа түйіні
орналасқан. Пинцеттің көмегімен лимфа түйінін ажыратып алып, Петри
шынысына орналастырады.
98


Сонымен қатар артқы аяқтың терісінің ішкі беткейінде орналасқан
оң жақ және сол жақ шап лимфа түйіндерін пинцетпен босатып алып,
оларды да Петри шынысына салады. Артқы аяқтың тізе буынында тізе
асты лимфа түйіндерін пинцетпен сыдырып, Петри шынысына
орналастырады.
Шажырқай лимфа түйіндері ішекті бойлай орналасқан. Сондықтан
құрсақ қуысын жарып, шажырқайдың лимфа түйіндерін пинцетпен
ішектерден ажыратып, Петри шынысына салады.
Лимфа түйіндерді дәнекер ұлпалардан тазартып салқын ортада
гомогенизациялайды. Сонан соң 4 қабатты капронды фильтрдің
көмегімен сүзіп, Горяев камерасында санайды. Бір тышқаннан Т- және
В-лимфоциттерді құрайтын 50 млн-ға жуық лимфа түйіндерінің
жасушаларын алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   277




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет