Микробиологиялыќ зертхана


Жасанды қоректік орталар және олардың компоненттері



Pdf көрінісі
бет33/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Жасанды қоректік орталар және олардың компоненттері. 
Еттің
суы көптеген қоректік орталардың негізгі компоненті болып саналады.
Ол жылқы немесе қара малдың сапалы еттерінен дайындалады. Сүйек,
сіңір, фасция және майлары алынып тасталады. Кәрі малдың етін
қоректік ортаны дайындауға қолданбау керек. Етті еттартқыштан
өткізіп, өлшейді, сонан соң оған ағын суының екі есе мөлшерін құяды
да, 18-24 сағатқа салқын жерде қалдырады. Фаршты сығып алып, еттің
28


экстрактын 30-40 минут әлсіз отта қайнатады. Мақталы дәке сүзгіштен
экстракты өткізгеннен соң, қайта қағаз сүзгішпен сүзеді де, бастапқы
мөлшеріне ағын суын құю арқылы келтіреді. Ет суын шыны сауыттарға
құйып 120ºС-та 30 минут стерильдейді.
Ет суын дайындау процесін жеделдету үшін фаршқа екі есе
мөлшерде ағын суын қосады да, бір сағат бойы 50ºС-де қыздырады.
Пайда болған массаны екі қабатталған дәкемен сүзіп, етті сығып,
алынған сұйықтықты 30 минут қайнатады. Ұйып қалған белоктарды
мақталы-дәкеден, сонан соң сүзгіш қағаздан өткізу арқылы бөліп алады.
Фильтратқа оның бастапқы мөлшеріне дейін ағын суын қосып, шыны
сауыттарға, шыны түтіктерге құйып, 120ºС-де 30 минут стерильдейді.
Дайын ет суының рН мөлшері 6,8-6,5 шамасында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   277




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет