Микробиологиялыќ зертхана


Ет, шұжық және ет тағамдарын



Pdf көрінісі
бет71/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Ет, шұжық және ет тағамдарын
санитарлық-бактериологиялық
зерттеу.
Етті микроскопиялық зерттеу барысында 2х1,5х2,5 см
көлеміндегі ет бөлшектерінен дайындалған жағындылардан
бактериялардың жалпы санын анықтайды. Жағындыларды Грам
тәсілімен бояп, микроскоппен тексереді. Зерттеу аланыңда бактерия
жасушасы 10-нан артық болмаған жағдайда ет балауса деп саналады. 
Шұжық және ет тағамдарын зерттеу жұмыстарын Мемлекеттік
стандарттарға сәйкес жүргізеді. Олардың құрамындағы микробтардың
жалпы санын анықтау, соның ішінде ішек таяқшалы бактериялар
тобының санитарлық көрсеткішіне, сальмонеллалар,
Proteus
туысының
бактериялары, коагулазаға позитивті стафилококкалар, листериялар
және сульфит түзуші клостридиялардың көрсеткіштеріне байланысты
жүргізіледі.
Зерттеуге алынған сынамалар 4 сағат аралығында тексерілуі қажет.
Сынамаларды тағамның беткейінен және терең аймақтарынан алады.
Тағамның терең аймақтарын зерттеу үшін сынамаларды алдын ала
спиртпен өңдеп, жалынмен қарып алады. Салмағы 20 г болатын
сынамаға 80 мл стерильді физиологиялық ертіндісін қосып, электрлік
гомогенизатормен араластырады.
1 г тағамдағы микроорганизмдердің жалпы санын анықтау үшін 0,1
және 0,01 г сынаманы Кохтың пластиналық әдісімен қоректік агарға
себінді жасайды. Себіндіні 48 сағат бойы термостатта ұстағаннан кейін
өскен колониялардың санын анықтайды. 
1 г тағамнан ішек таяқшалы бактериялар тобына жататын
микроорганизмдерді анықтау үшін сынамалардың суспензиясын
таңдаулы-дифференциалды қоректік орта болып табылатын Кода
ортасына (қоректік сорпа, сульфанол, лактоза және бромтимол көгі) 5
мл-ден себінді жасап, 18-20 сағат бойы термостатта инкубациялайды.
Лактозаға позитивті ішек таяқшалы бактериялар тобына жататын
микроорганизмдердің өсу кезінде бастапқы көк түсі қою-жасыл немесе
ашық-жасыл түске өзгереді. 
Сальмонеллаларды анықтау үшін зерттеуге 25 г ет тағамының
сынамасы алынады. Зерттеуге алынған сынамадан 100 мл арнайы
қоректік орталарға (Мюллер және Кауфман орталары) себінді жасап, 24
сағат бойы термостатта өсіреді. Өскен микроорганизмдерден таза
өсінділерді бөліп алады да, оларды бір-бірінен ажырату жұмыстарын
жүргізеді. 
59


Proteus
туысының бактерияларын Шукевич әдісі бойынша
анықтайды. Ол үшін 0,5 мл сынама суспензиясын қиғаш қатырылған
қоректік агарға сеуіп, 24 сағат термостатта өсерді. Протейлер болған
жағдайда олардың жайылып өсуі байқалады. Дайындалған жағындыдан
грам-теріс бактерияларды анықтап, олардың жылжымалылығы мен
бактерия өсінділерін идентификациялайды.
Коагулазаға позитивті стафилококкаларды анықтау үшін 0,2 мл
сынама суспензиясын сарыуызды-тұзды агар ортасына себеді. Себіндіні
бастапқыда 37°С-ге реттелген термостатта, сосын бөлме
температурасында инкубациялайды. Зерттеу барысында анықталған
стафилококкаларды басқа бактериялардан ажыратады.
Clostridium
туысына жататын спора түзуші анаэробты
бактерияларды анықтау үшін зерттеуге алынған сынаманың 1:10
қатынасындағы сұйылтымынан сульфитциклосерин (СЦС) және
Вильсон-Блер қоректік орталарына себінді жасап, 46°С температурада
12 сағат бойы инкубациялайды. Клостридиялар болған жағдайда
қоректік ортаның түсі қараяды. Оң нәтиже себінділер келесі реттілік
бойынша бағаланады: 10
1
сұйылтымдағы себіндіде – 1г тағам сынамада
10 бактерия жасушасы болады, ал 10
2
сұйылтымындағы себіндіде – 100
жасуша және т.с. болады.
Нормативке сәйкес келетін шұжық және еттен дайындалған
тағамдарда ішек таяқшалы бактериялар тобына жататын
микроорганизмдер (1 г тағамда), сальмонеллалар (25 г),
Proteus
туысының бактериялары және сульфит түзуші клостридиялар (0,1 г)
болмауы қажет, ал жалпы микробтардың саны 10
3
аспауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   277




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет