Микроорганизмдер экологиясы. Микроэкология



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі59,55 Kb.
#91981
1   2   3
Байланысты:
Сембек Жанат Микроорганизмдер экологиясы
Осимдикт. коргаймыз, Осимдикт. коргаймыз, Сембек Жанат Микроорганизмдер экологиясы

Микроорганизмдердің орналасуы микроошақты сипатқа ие, олар органикалық және минералды гелдерде (үйір) шоғыр не колониялар түрінде жиналады. Табиғи жағдайда көптеген микроорганизмдер адгезивті түрде болады. Микроорганизмдер адгезиясын былай жіктейді: а) субстрат бетіне адгезиялану; б) микроорганизмдер клеткасы арасындағы коагрегация; в) планктонды және жабысқан клеткалар арасындағы коадгезия.

  • Су ерекше қасиеттерімен сипатталады: ▪ жылу сыйымдылығы жоғары; жылу өткізгіші төмен; ▪термотұрақты емператураға тәуелділігі аномальді, максималды тығыздығы 3,94 0С болады; полярлы қосылыстар (СО2, минералды тұздар) суда жақсы ериді;
  • Ұсақ организмдердің қозғалуына судың тұтқырлығы да әсер етеді. Ол пуаза (пз) және сантипуазамен (спз) өлшенеді. Судың тұтқырлығы салыстырмалы түрде төмен болады, яғни 100С ол 1,31 спз тең. Судың тұтқырлығы температура жоғарылаған сайын төмендейді де, ал тұздылығы көп болған сайын жоғарылайды. Су тұтқырлығының өзгеруі организмдердің қозғалыс жылдамдығына әсер етеді.

Су қабаттарында тіршілік ететін микроорганизмдерді планктондар деп атайды. Олар құрамы бойынша жіктеледі: Фитопланктон (балдырлар) Бактериопланктон Зоопланктон
Э. Науман су пленкасының бетінде (0-2 см) тіршілік ететін микроорганизмдерді нейстон деп атады. Көптеген микроорганизмдер әр түрлі субстрат беттерінде колонизациялайды: Эпилиптон (тастар мен үнгірлерде) Эпифитон (су өсімдіктерінде) Эпизоотон (жануарлар денесінде) Перифитон (жасанды заттарда)
Микроорганизмдердің көпшілігі жабық бөлмелер ауасында болады, ондағы микроб тығыздығы бөлменің уақтылы тазаланып жиналуына, жарықтану деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына, желдету жиілігіне және т.б. байланысты болады. Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен бірге жүргізіледі. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені өңдеу қолданылады.

Санитарлық микробиология –қоршаған ортаның микрофлорасын (микробиота) және оның адам организміне зиянды әсерін зерттейтін ғылым. Санитарлық-микробиологиялық зерттеудің нысандары: су, ауа, топырақ және қоршаған ортаның басқа нысандары, азық-түлік өнімдері, ас әзірлейтін бөліктердің құрал-жабдықтары және т.б..


Ішек таяқшасы бактерияларының тобы (ІТБТ) ұғымы –тәжірибелік (санитарлық-бактериологиялық және экологиялық) мағынада, бірақ таксономиялық емес. Бұл топқа Esherichia, Citrobacter, Enterobacter, Serratia, Klebsiella туыстарының микроорганизмдері жатады
Ішек таяқшасы бактерияларының тобы (ІТБТ) – бұл грам оң, спора түбейтін, 37±0,5 °С температурада 24-48 сағат ішінде қышқыл мен газды түзе отырып, глюкоза мен лактозаны ыдырататын, оксидазалы белсенділігі жоқ қысқа таяқшалылар. Көрсеткіштердің тағы бір түрі жалпы колиформалы бактериялар (ЖКБ) – бұл грам теріс, оксидаза теріс таяқшалар, Эндо қоректік ортасында лактозаны 48 сағат ішінде 37 °С температурада ыдыратады.
СКМО-ның бірінші тобының құрамына жатады: • ішек таяқшасы бактерияларының тобы (ІТБТ); • энтерококкалар; • протей; • сульфит-редукциялаушы клостридиялар; • термофильдер, ішек бактериофагтары, сальмонеллалар; • бактероидтар, бифидо- және лактобактериялар; • көкіріңді таяқша; • кандида; • ацинетобактер. Екінші топқа стрептококкалар мен стафилококкалар жатады. Үшінші топқа: • протеолиттер; • аммонификаторлар мен нитрификаторлар; • аэромоностар мен бделловибриондар; • споралы микроорганизмдер; • саңырауқұлақтар мен актиномицеттер; • целлюлозобактериялар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет