Министірлігі


Курстың деңгейлік мазмұны



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата20.06.2020
өлшемі381,19 Kb.
#74130
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
КАЗ.ЯЗЫК

Курстың деңгейлік мазмұны 

 

Бағдарламаның  мазмұны  тіл  үйренушінің  қарым-қатынасқа  түсу 

салаларын  ескере  отырып,  сөйлеу  әрекетінің  4  қағидатына  (тыңдалым, 

оқылым,  айтылым,  жазылым)  негізделген  тіл  үйренушінің  мақсаты,  тілді 

қолдану  саласы,  коммуникативтік  жағдаяттар  құрылымдарына,  контекспен 

байланыстылығы тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметіне сай анықталады.  

Осы  ретте  жоғары  оқу  орындарына  арналған   типтік    бағдарлама  

халықаралық  стандарттарға  сай  болуы  –  бүгінгі  күннің  басты 

қажеттіліктерінің бірі. Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға 

сай  кәсіби   қазақ    тілін   өзге  тілді  аудиторияларда  оқыту  деңгейлік, 

коммуникативті-бағдарлы  оқыту  әдістемесіне  негізделеді.   Қазақ    тілін  

оқытудың  сапалық  деңгейін  арттыру  мақсатында  Тілдерді  меңгертудің 

халықаралық  стандарттарында  көрсетілген  тілді  меңгеру  деңгейлері 

басшылыққа алынады. 

Бағдарламаның  мазмұны  студенттердің  ғылыми-кәсіби  аясында,  қазақ 

тілін  ғылыми  іс-әрекет  тәсілі  ретінде  оқыту  мақсаттары  мен  міндеттері 

коммуникативті  қажеттілікпен  анықталады.  Тілдік  емес  жоғары  оқу 

орындарында  басқа  тілді  оқыту  B2+LSP,  LAP  еуропалық  деңгейде  үйрету 

болып  табылады.    Осы  кезеңдегі  дайындықтың  ерекшелігі  өндірістік  іс-

әрекетте  нақты  мамандық  саласы  бойынша  кәсіби  бағдарлы  қатынасты 

пайдалану  деңгейіндегі  (LSP,  LAP)  арнайы  мақсат  үшін  тілдерді  үйрену 

болып табылады.  






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет