Миология бұлшық еттер Бас пен мойын бұлшық еттері Тұлға бұлшық еттері Қол және аяқ бұлшық еттері



бет13/13
Дата06.06.2023
өлшемі2,02 Mb.
#178357
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Миология
гуль, 1603883862 1

Алдыңғы еттер-асық жіліктің алдыңғы, бармақ және басбармақ жазатын ұзын еттер, бұлар асық жілікпен шыбықтың алдыңғы бетінен, басталып табан бақайшақтарға бекиді. Артқы еттер үшбасты табан еті тақымасты, аяқ бармақтарын бүгетін ұзын еттер , олар ортан жіліктің төменгі арт жағынан басталып негізгі өкше сүйек бұдырына бекиді. Латериальды еттер шыбықты ұзын және қысқа еттер – шыбық сүегінен басталып табан сүйегіне бекиді. аяқ басының еттері үш бөлікке бөлінеді:медиальды-басбармақты қозғалтатын еттер-аппаратын және әкелетін басбармақ еттері, аяқ бармақтарын жазатын қысқа еттер. Латериальды-аяқ бармақтарын бүгетін қысқа ет, табанның орта бөлігінің еттеріне-табанның шаршы еті, бармақтарды бүгетін қысқа еттер жатады.

Аяқ еттердің шандырлы жапқыштары ішкі, сыртқы деп бөлінеді. Кейбір шандырлар жапырақшалары біренеше еттерді жекелей орап жатады. Табан бетінде сіңірлі табан жапқышы болады.Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті-жиырлығыштық. Әрбір тітіркендіргішке бұлшықеттерге қысқару, жуандау арқылы жауап қайырады, соңынан қайта қалпына келеді. Бұлшықеттерге әсер ететін тітіргендіргіштер- жылу,суық,электр тогы, химиялық заттар. Осылардың барлығына бұлшықеттер жиырылу арқылы жауап қайтарады. Дене ьұлшықеттерді тітіркендіру орталық жүйке жүйесінен берілетін жүйке қозу толқынының қатысуымен болады. бұлшықеттер жиырылғанда энергия жұмсалады. Бұлшықеттердің жұмысын жүйке жүйесі басқарады.

Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті - жиырылғыштық. Әрбір тітіркендіргішке бұлшықеттер қысқару, жуандау арқылы жауап қайырады, соңынан қайта қалпына келеді. Бұлшықеттерге әсер ететін тітіркендіргіштер - жылу, суық, әлектр тоғы, химиялық заттар. Осылардың барлығына бұлшықеттер жиырылу арқылы жауап қайтарады. Денеде бұлшықеттерді тітіркендіру орталық жүйке жүйесінен берілетін жүйке қозу толқынының қатысумен болады. Бұлшықеттер жиырылғанда энергия жұмсалады. Бұлшықеттердің жұмысын жүйке жүйесі басқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет