Модуль 3 Антимикробтық заттар. Тақырыбы


Резорбтивті әсері аз уақытқа созылатын препараттар



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,97 Kb.
#96653
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
file-4586 (10)
file-4586 (10)
Резорбтивті әсері аз уақытқа созылатын препараттар. Стрептоцид. Ақ түсті, ыстық суда жеңіл еритін ұнтақ. Бұл топтың басқа препараттарын стрептоцидтің туындысы деп қарауға болады. Стрептококктарға, менингококктарға, пневмококктарға, эшерихтерге, газды гангрена қоздырғышына әсері жақсы; ал стафилококктарға әсері жоқ. Жақсы сіңеді, бүйректер арқылы бөлінеді. Соңғы кезде тиімділігі жақсы болғандықтан көбінесе жергілікті ұнтақ, май, линимент ретінде жиі қолданады. Сонымен қатар ауру қоздырғышының сезімталдығына қарай індетті және жұқпалы емес ауруларды емдеуге де қолдануға болады.
Стрептоцидтің оңай еритін түрі де бар. Әсері, қолданылуы жоғарыдағыдай.
Норсульфазол. Иіссіз, ақ түсті ұнтақ. Суда аз ериді, минералды қышқылдар мен сілтілерде жақсы ериді. Ас қорыту жүйесі арқылы жақсы сіңеді, терапевтикалық концентрациясы организмде 8-12 сағаттай сақталады. Өзгермеген түрінде зәр арқылы бөлінеді.
Катаралды бронхопневмонияда, плевритте, стрептококкты және стафилококкты сепсисте, эндометритте, некробактериозда, бұзаулардың диплококкты септицемиясында, эймериозда, құстардың пастереллезінде қолданады.
Норсульфазол тәрізді әсер ететін норсульфазол натрий, сульфазин, сульфадимезин, этазол, этазол-натрий препараттары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет