Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы



Pdf көрінісі
бет22/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы
11-10 22, 2 топ-6, Презентация (1)
Еріктік амалды талдау 
Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын 
күрделі процесс екендігін жақсы көруге болады. Адамның еркі алдына мақсат 
қоюдан басталады. Мәселен, орта мекткепті бітіретін оқушының арнаулы оқу 
орнына түсетін талабы бар дейік. Оқушының бұл мақсатты қоюына оның 
мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) болады. Кез-келген адамнан 
«сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны 
түсінікті. 
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін,
жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы – тілек немесе ниет деп 
атайды. 
Т і л е к –
келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. 
Мәселен, «газетке 
мақала жазсам», «өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем» т.б. 
деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір 
қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни 
оның жоспары сызылмаған. Дегенмен осы секілді тілектерде еріктік амалға 
тән талғамалылық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет 


етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, 
қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады. 
«Тілектің алдын-артын тексеріп үйренген адам балалықта ебдейсіз, 
еркеліктен, 
қияңқылықтан, 
есейгенде 
есерліктен 
аман 
болмақшы» 
(М.Жұмабаев). Соңғы жағдай ғана адамның тілегін нақтылы кесімді түрге 
келтіреді. «Жақсы ниет жарым ырыс» деп халық тегін айтпаған. 
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейін, әрекеттің 
орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде 
өзіне «Не істеу керек?» деп сауал қоятын болса, әрекетті жоспарлау үстінде 
«Қалай істеу керек?» , «Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?» деген
сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, 
айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сыр-сипатын, оны 
жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келді 
дейік. Ол алдымен бұған қандай материал жарайтындығын, оны қайдан алуға 
болатындығын , қандай құрал-сайман керектігін, жұмыстың көлемін т.б. 
топшылап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жаса- күрделі 
процесс. Ол адамның белгілі білімін. өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын 
қажет етеді. 
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін 
адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді
. Қ а л а у
– мақсаттың 
айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. 
Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете 
алмайды. Өйткені бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай, қайшы келіп 
отырады.Бұл арада оған осы екі мамандықтың біреуін таңдау қажет. Ал осы 
мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайқақтайды, 
бұлардың қайсысын қалауын білмей, әуре- сарсаңға түседі. Міне, осындай 
жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны 
психологияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет