Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)


Ұлттық халық ойындары мен спортының педагогикалық және этнопедагогикалық мәні



бет7/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ

5. Ұлттық халық ойындары мен спортының педагогикалық және этнопедагогикалық мәні.
6. Балуандық өнердің даму тарихы.


7. Қазақ күресі туралы жалпы мағлумат. (мәселелі)
Дәріс мақсаты:
1.Қазақ күресінің шыққан тарихымен танысу.
2. Қазақ күресінің техникасымен танысу.
3. Қазақ күресінің жалпы ережелерімен танысу.
Қазақ күресі- көптеген тәсілдер,әдістер жасап орындалатын күрес.Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі.Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.
Қазақ халқының ерте кезде қалыптасқан спорт ойындарының бірі-қазақша күрес. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлелерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар.
Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек түрлері бойынша жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізіледі. Бұрын қазақша күрес "Күш атасын танымайды" деген қағидамен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кезі де болған. Сондай-ақ күрестің белгілі бір жүйеге түскен белдесу ережесі де болмаған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол женіске жеткен. Жиын –тойларда ғана күш сынысып қоймай , кім жеңеді деп егеске түскен екі палуан кездескен жерде ат үстінен түсе қалып, белдесе кететін болған Шолақ, Битабар т.б. осындай алып палуандар еді.
Қазан төңкерісіне деін ас беру, қыз ұзату, күзем алу, наурыз сияқты жиын-тойларда белдесу күресі өтетін жерге арнайы текемет төселіп, палуандар күресуге шыққанда аяқтарына мәсі киіп, беліне екі-үш қабат белбеу байлаған.
Төреші күресуге шыққан палуандарды бір қолды астынан, бір қолды айқастыра ұстатып белдестіреді.Қазақша күрксте қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  • қарсыласын жамбасқа салып жығу;

  • іштен шалып жығу;

  • сырттан шалып жығу;

  • қарсыласын қырқа шалып жығу;

Рұқсат етілмейтін әдістер:

  • Қарсыласын ұруға;

  • Тамақтан, саусақтан, құлақтан ұстауға болмайды

  • Лақтырған кезде қарсыласын жерге басымен түсіруге рұқсат етілмейді.

Белдесу барысында жеңіске жеткен палуан орнында қалады. Егер ол өзімен белдесуге шыққан жаңа палуанмен күресуден бас тартып, басқамен күресемін десе, онда оған рұқсат етіледі. Бірақ соңында барлық кездесуде де жауырыны жерге тимеуі керек.
Жалпы белдесу барысында қарсыластырдың біреуі жығылып, жауырыны жерге тисе қарсыласы оның басынан аттап кетсе, ол жеңілген болып есептелінеді. Егер де қарсыластың біреуі әдіс қолданғанда, екіншісі оған қарсы әрекет жасап, екеуі бірдей құлап түссе, онда бұл белдесуді " итжығыс " деп атайды. Мұндайда төреші оларды қайта күрестіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет