Молдрахым Іңкәр Тойбазарқызы спиС 2 курс Психология соөЖ 1


Өзгертілген және жасырылған тарих



бет21/22
Дата05.02.2022
өлшемі43,16 Kb.
#130810
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Молдрахым Іңкәр ПСИХОЛОГИЯ 1 ДӘРІС СРС СРСП

Өзгертілген және жасырылған тарих
Белгілі адамдардың беделін қорғау үшін қайсыбір деректердің әдейі жасырылатын немесе бұрмаланатын жағдайлары да кездеседі. Мысалы, Зигмунд Фрейд- тің алғашқы биографы Эрнест Джонс Фрейдтің кокаинге құмар екенін әдейі жасырған. Ол хаттарының бірінде былай дейді: «Фрейдтің кокаинді мөлшерден тыс қолданғаны өтірік емес. Бірақ мен оны (кітапта) көрсеткен жоқпын» (Isbister, 1985, p. 35). Фрейд туралы тарауда (13-тарау) біз кейінгі табылған деректер арқылы оның кокаинді Джонс көрсеткісі келген уақыттан да ұзақ қолданғанына көз жеткіземіз.
Психоаналитик Карл Юнгтің хаттары жарыққа шыққан кезде автордың өзі және оның еңбегі туралы мейлінше жақсы көзқарас қалыптастыру жағы басты назарда болған. Бұған қоса, Юнгтің өмірбаянын оның өзі емес, сенімді көмекшісі жазғаны да анықталып отыр. Юнгтің сөздері «оның отбасы мүшелері мен ізбасарлары қалағандай өзгертіліп... жағымсыз материалдар, әлбетте, түсіп қалған» (Noll, 1997, p. xiii).
Осыған ұқсас жағдай гештальт-психологияның негізін қалаушылардың бірі –Вольфганг Келлердің (12-тарау) өмірі мен қызметіне де қатысты болып отыр. Келлердің өмірбаянын баспаға дайындаған маман оның жағымды бейнесін қалыптастыру үшін материалдарды әбден сұрыптаған. Зерттеушінің жазуынша: «Осы қағаздарды оқыған кезде бұл құжаттар Келлерді жағымды жағынан көрсету үшін мұқият сұрыпталған деген ой пайда болды. Мұнда Келлерді мадақтайтын сөздер ғана келтірілген». Деректермен жұмыс істейтін тарихшылар тарихи материалдардың шынайы құндылығын анықтау кезіндегі басты қиыншылық – кітапты құрас- тыратын адамның материалды біржақты беруі екенін айтады (Ley, 1990, p. 197).
Тарихи деректердің бұрмалануына қатысушылардың маңызды оқиғаларға байланысты іс-әрекеттері де әсер етуі мүмкін. Адамдар өзін-өзі қорғау немесе қоғамдағы беделін күшейту үшін жалған деректерді саналы һәм бейсаналы түрде құрастыруы мүмкін. Мысалы, Фрейд өзін медициналық және психиатриялық мекемелер жек көретін азапталушы, қиялилығы үшін қуғындалған бейшара етіп көрсеткенді жақсы көретін. Фрейдтің алғашқы биографы Эрнест Джонс оның осы бейнесін өз еңбектерінде тіпті қалыңдата түсті (Jones, 1953, 1955, 1957).
Ал кейінгі табылған деректерде Фрейдтің бейнесі мүлде басқа қырынан көрінді. Шынтуайтында, оның жұмыстары көзі тірісінде мүлде ескерусіз қалған емес. Орта жастағы Фрейдтің идеялары жас зияткерлер буынына қатты әсер етті. Оның емдеу тәжірибесі қарыштап дамып, өзі атақты тұлғаға айналды. Өзі жөнінде нашар түсінік қалыптастырған – Фрейдтің өзі. Өмірбаяншылар оның сол жалған бейнесін тасқа бастырған соң, Фрейдтің ғұмырнамасы ондаған жылдар бойы шындықтан мүлде алшақтап кетті.
Бұл – тарихи материалдарды сараптау кезінде ғалымдар тап болатын қиындықтардың бір мысалы. Жалпы адамның өмірі мен қызметіне қатысты деректерді айқындайтын мәліметтерге немесе құжаттарға сенуге бола ма? Жағымды немесе жағымсыз бейне қалыптастыру үшін деректер қасақана бұрмаланған емес пе? Бұл жайында тағы бір биограф былай дейді: «Бір адамның болмысын зерттеген сайын ол туралы жазылған барлық жазбалар мен естеліктердің ойдан құрастырылғанына еш күмәнім қалмады. Бұра тарту барда, атаққұмарлық пен сезім араласқан, я болмаса жай ғана қарапайым дәлдік сақталмаған жерде абсолют шындық та өмір сүрмейді» (Morris, quoted in Adelman, 1996, p. 28).
Фрейд оны тіпті өткір айтады: «Өмірбаянды жазатын адам өзінің түсінбеген дүниесін жасыру үшін жалғандыққа, бірдеңені жасырып қалуға, екіжүзділік пен әсірелеуге жақын тұрады. Өмірбаянның шынайы шықпайтыны да содан» (quoted in Cohen, 2012, p. 7).
Құпия сақталған тарихи деректердің бір мысалы – Зигмунд Фрейд. Фрейд қайтыс болған 1939 жылдан кейін оның еңбектері мен жазған хаттарының жария болмағаны кемде-кем. 2011 жылы қаншама жылдар бойы құпия сақталған – Фрейдтің өзі үйленгісі келген әйелге жазған 1500 хатының бірінші томы жарық көрді (Bollack, 2011). Фрейдтің 153 қораптан тұратын жеке құжаттар жинағы Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасында тұр. Фрейдтің өсиеті бойынша бұл құжаттардың біразы белгілі бір
уақытқа дейін құпия сақталмақ. Мұның бәрі Фрейдтің пациенттері мен олардың отбасыларының жеке өмірін, сондай-ақ Фрейдтің өзі мен оның ұрпақтарының абыройын қорғаудан туындап отыр.
Фрейдтің үлкен ұлынан алған хаттарының бірі 2032 жылға дейін құпия сақталса, жиенімен жазысқан хаты 2050 жылға дейін жарияланбайды. Фрейдтің ұстаздарының бірі жазған хат тіпті 2116 жылға дейін құпия сақталады дейді. Ол кезде Фрейдтің қайтыс болғанына шамамен 177 жыл болатынын ескерсек, соншалықты ұзақ рұқсат берілмейтіндей, онда маңызды не бар екен деп, еріксіз қайран қаласың. Ал қызы Анна мен жеңгесіне жазған хаттары сияқты кейбір дүниелері қашан жария болатыны мүлдем белгісіз. Психологтер аталмыш архивтік құжаттардың Фрейд пен оның қызметін танып-білуге қаншалықты көмектесетінін білмейді. Қалай болған күнде де, тарихи деректер толық қолжетімді болмайынша, психология тарихындағы ең маңызды тұлғалардың бірі турасындағы біздің таным-түсінігіміз дүдәмал болып қала беретіні даусыз.
Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап АПҚ жоғары білім алатындар мен факультеттерде оқытушы қызметін атқаратындардың арасында этникалық азшылық өкілдерінің санын көбейтуге айтарлықтай күш салып бақты. Алайда, бұл қарекеттерге қарамастан, доктор дәрежесі бар афроамерикалықтар мен испан тілді америкалықтардың психология ғылымындағы саны бәрібір аз болып қала берді.
Психология саласына маманданатын азшылық топтың студенттері ақ нәсілді студенттерге қарағанда өздерінің оқитын факультеттеріне, курстары мен оқулық- тарына қанағаттанбады. Сондағы бір студенттің бұл туралы: «Бізге ғылыммен айналысуға жағдай жасаңдаршы, түге!» – дегені бар-тын (Lott & Rogers, 2011, p. 209). АПҚ-да «Мәдениетті, этникалық қатыстылық пен нәсілді психология- лық зерттеу қоғамы» атты бөлімше құрылды. Ол «Мәдени алуантүрлілік пен этникалық азшылық психологиясы» (Cultural Diversity and Ethnic Minority Psychology) атты журнал шығарып отырады. Қара нәсілді психологтер қауымдастығы «Қара нәсілді психология журналын» (Journal of Black Psychology) басып шығарады. Азия–Америка психология қауымдастығы «Азия–Америка психология журналын» (Asian American Journal of Psychology), Ұлттық Латын психология қауым- дастығы «Латын психологиясы журналын» (Journal of Latina/o Psychology) басып шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет