Молекулалы-кинетикалық теория және термодинамика. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары


Молекулалардың массасы массасы мен өлшемі



бет2/3
Дата13.03.2023
өлшемі20,39 Kb.
#172073
1   2   3
Байланысты:
1-3
8767d319-3704-11e3-a987-f6d299da70eeВоз пс-3, О у жылында 0111000-«Негізгі орта білім беру» маманды ы 0111093-, О у жылында 0111000-«Негізгі орта білім беру» маманды ы 0111093-, 10-сынып-1904-нұсқа, сож, №1 тапсырма, Силлабус Денсаулықты нығайту, 2, 8
Молекулалардың массасы массасы мен өлшемі.

Молекулалардың негізгі сипаттамаларының бірі олардың өлшемі мен массасы болып табылады.
Молекулалар мен атомдардың өлшемдері өте кіші болғандыөтан оларды тек салыстыру жолымен ғана көрсетуге болады.
Молекулалар өлшемін бағалау үшін неміс физигі В Рентген мен ағылшын физигі Д.Релей тәжірибе жүргізді.
Молекулалардың өлшемі өте кіші болғандықтан, олардың саны кез келген денеде өте көп болады. Мысалы 1см3 ауада қалыпты атмосфералық қысым мен 00 С температура кезінде 2,7 *1019 молекулалар болады. Массасы 1г су тамшысындағы молекулалардың жуық саны – 3,7*1022.
Макраскопиялық денелердегі молекулалар саны сияқты үлкен сандарды немесе молекула массасы сияқты өте аз сандарды тәжірибеде пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан қолайлы болу үшін атомдардың саны мен массаларын көрсеткенде олардың салыстырмалы мәнін пайдадану қабылданған.
Халықаралық келісімге сай барлық молекулалардың массаларын көміртек атомы массасының 1/12 бөлігімен салыстырады.

Заттардың Мr салыстырмалы массасы деп берілген заттың молекуласының m0 массасының көміртек атомының m0 C массасының 1/12 бөлігіне қатынасын айтады.


Барлық химиялық элементтердің атомдарының салыстырмалы массалары Д.И Менделеевтің периодтық кестесінде көрсетілген.
Егер зат атомдардан есем молекулалардан тұрса онда оның салыстырмалы молекулалық массасы молекуланы түзуші элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының қосындысына тең. Мысалы, Н2 О судың салыстырмалы молекулалық массасы мынаған тең: (1*2+16=18).
Кейбір есептерді шешу үшін берілген денедегі барлық молекулалар мен атомдардың санын білу маңызды. Берілген денедегі барлық атомдар мен молекулалардың салыстырмалы саны зат мөлшері деп ататын физикалық шамамен сипатталады.
Заттың n мөлшері деп берілген денедегі N молекулалар санының 12г көміртектегі NA атомдар санына қатынасын айтады.
NA – Авагадро тұрақтысы. Оны 1811 жылы итальян физигі әрі химигі А. Авагадро анықтаған соның құрметіне осылай аталған. NA = 6,02*1023 моль -1
Зат мөлшерінің бірлігіне 1 моль алынған.
Моль — 12г көміртекте қанша атом болса, сонша бөлшектері бар заттың мөлшері.
Салыстырмалы молекулалық массамен қатар физика мен химияда М молярлық масса ұғымы кеңінен пайдаданылады.
Молярлық масса деп 1 моль мөлшерінде алынған заттардың массасын айтады. Өлшем бірлігі 1 кг/моль.
M=m0 NA
Заттардың молярлық массасы мен оның салыстырмалы молекулалық массасы өзара байланысты. Заттардың молярлық массасының граммен өрнектелген сандық мәні осы заттардың салыстырмалы молекулалық массасына тең.
Зат мөлшері, зат массасы және молярлық масса арасында мынадай байланыс бар:
m=m0 N= m0 n NA =nM
денедегі молекула санын зат массасы мен молярлық масса арқылы табуға болады:
N=NA



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет