Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет6/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2
термин Ж З хариплери, 2022 халык аралык конф, 2022 халык аралык конф EO

March 2016
Mathematics
М А Т Е М А Т И К А
Математиканы оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер
Сулейменова Сауле Абилтаевна, математика пәнінің мұғалімі
№ 3 мектеп-интернаты (Қызылорда облысы, Қазақстан)
М
атематикалық ұғымдарды дамыту мен оларды 
оқушылардың меңгеруін қамтамасыз ету мектеп 
математикасын оқытудың басты міндеттерінің бірі болып 
табылады. Бұл міндет мектеп математика курсының басты 
ұғымдарын саналы және баянды түрде таразылауды, 
соның негізінде көптеген дидактикалық міндеттерді ше-
шуге болатын математикалық ұғымдарды меңгеруді 
қамтамасыз етуді, оларды оқушыларға оқытып-үйретудің 
тиімді жолдарын анықтауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан На-
зарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: 
өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауында еге-
мендік алған мемлекетіміз, экономикалық, әлеуметтік 
және саяси өркендеуі үшін алдымен отандық білімнің 
дамуын, білім беру ұйымдарында педагог қызметкер-
лердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында 
ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылу ке-
ректігін айта келе, әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің 
басымдығы адам капиталын дамытуға кең ауқымды ин-
вестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған 
бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық 
сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек 
деп атап көрсетті.
Бүгінгі таңда математика қоғам өмірінде үлкен рөл 
атқаратыны мәлім. Математика — адамның ақыл-
ойын, сана-сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын бір-
ден-бір құрал. Сондықтан да математиканы дамыта 
оқыту күн тәртібінде ең бірінші тұрған мәселе. Қазіргі 
уақытта Интеллектуалдық мектептер желісі белсенді 
дамытылуда. Олардың тәжірибесі біртіндеп бүкіл орта 
білім беру жүйесіне таратылуда. Озық технологияларды 
алға бастыру үшін орта білім беруге электронды оқыту 
енгізілуде.
Дамыған әлемде инновациялардың үлкен бөлігі және 
университеттер жанындағы коммерцияландыру офистері 
жұмыстарының нәтижелері университеттік ғылымға ти-
есілі. Оның үстіне жастарды кәсіпкерлікке, инноваци-
ялық менеджментке дәл осы университеттерде оқытады, 
ал ол өз зерттеулерінің нәтижелерінен қаржылай пайда 
тапқысы келетін кез келген ғалым үшін қажет.
Оқытуды технолизациялау идеясы жаңа идея емес. 
«Ұлы дидактика» еңбегінде Я. А. Коменский оқытуды тех-
нолизациялау керектігі туралы сол кездің өзінде айтқан. 
Ол «дидактикалық машина үшін: 1) қойылған мақсат
2) сол мақсатқа жететін құрал; 3) мақсатқа жеткізбей 
қоймайтын, сол құралдарды қолдану ережелерін табу 
керек», — деді.
Математиканы оқыту үдерісінде өтілетін сабақтың 
мазмұнына, түріне байланысты дәстүрлі оқыту әдістері 
де және инновациялық оқыту әдістері де қолданылатыны 
мәлім.
Дәстүрлі технологияның артықшылығы: оқушылардың 
күрделі материалды түсінуіне ыңғайлы, оқу-тәрбие 
үдерісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі тех-
нологияның кемшіліктері: оқу үдерісінде жекелеу және 
саралауға мүмкіндік жоқ, оқушылардың ойлау мүмкіндігін 
дамытуы төмен. Сондықтан, барлық қолданылып жүрген 
оқыту технологияларынан, дамытып оқыту технология-
ларының артықшылығы мол деп есептейміз. Денсаулық 
сақтау технологиясын оқыту технологияларының барлық 
түрлерімен біріктіріп (интегралдап) қолдану керек.
Қазіргі ғылым мен техниканың, өндіріс техно-
логиясының қарқынды дамуы, экономиканы көте-
рудің күрделі мәселелерін шешу кезеңінде мектеп-
тегі оқыту оқушыларды белгілі бір білім қорымен 
қаруландырумен шектелмеуі тиіс. Олар алған білім-
дерін өз беттерімен әрі қарай кеңейтіп, тереңдетіп әртүрлі 
және жаңа жағдайларға қолдана алатындай жоғарғы 
деңгейдегі ойлау қызметін дамытуға қол жеткізу керек. 
Басқа ғылымдар саласы сияқты математикалық жалпы 
білім ұғымдардан, ережелерден, заңдардан және басқа-
лардан тұрады. Ал мұның барлығы мектепте оқу үрдісінде 
дамытылады.
Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту 
маңызды. Бұл орайда қосымша білім берудің интерактивті 
түрлерін дамыту қажет. Интерактивті оқыту дегеніміз — 
оқушылар мен мұғалім түсіністік қарым-қатынаста өзара 
білімдерімен, тәжрибелерімен алмасу және талдау жұ-
мысы. Интерактивті оқыту әдісімен жүргізілетін сабақты 
жүргізу кезеңдері: I — проблеманы айқындау; II — ин-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет