Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет244/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер
67425079.a4, 67425079.a4
координативті 
қостілділік 
– екі тілді де тең дəрежеде білетіндер болу керек. Біздіңше, 
түпнұсқадан алшақ тепе-тең сəйкестігі аз, нəрсіз аудармалар 
суборди-
нативті қостілділіктен
– тек ана тілін ғана жақсы білетін аударма-
шылардан туады. Сондықтан аудармашы координативті қостілділікті 
меңгергенде ғана екі мəдениеттің қатар жарыса жүргендігімен үйлесім 
табады. Əсіресе, ұлттық болмыс лексикаларына қатысты тұрақты тір-
кестер мағынасын аударуға келмейтін тұста, мəтіндегі сөйлемдерді 
тастап кетуден гөрі, фонологиялық ерекшеліктерін толық сақтап, жалпы 
түсінігін беріп отырса оқушы білімі де толығып отырады. 
Аударма мəтіндерінің лингвистикалық ерекшеліктері жоғарыда 
талданған тек ұлттық болмыс лексикасының сипаттарымен анықтал-
майтындығы белгілі. Аударма тіліне қатысты лингвомəдениеттанымдық 
проблемалар күні бүгінге дейін қағыс қалып келеді. Біздіңше, бұл мəселе 
тек əдебиетшілер ғана илейтін терінің пұшпағы емес, көбінесе тілшілер-
мен иық тірестіре қарастыруды қажет етеді. Өйткені көркем шығарманың 
түрі де мазмұны да сайып келгенде тіл – сөз арқылы ғана танылады, 
қаңқасы қаланып өнер деген əлемге жолдама алады. Олай болса, сол 
əлемнің көркем суреті тілдік қандай бояулармен салынды, реңкі қандай, 
ұлттық нышан, ұлттық нақыштары қалай аударылып əрленген десек, 
тағы да сол ұлт тілінің құзіретіне сүйенеді. 
Қазақ мəдениетін танытатын əдеби аударма шығармаларының са-
палы деңгейі ұлттардың мəдениарлық қарым қатынасын сөз жоқ жаңа 
деңгейге көтереді. Қазіргі таңдағы мəдени қатысымда басқа ұлттың 
мəдени құндылығын қабылдап бағалаушылар үшін аударма ерекше 


244
мəртебеге ие. Өйткені екі мəдениеттің «диалогы» жеткізіледі. «При та-
кой диалогической встрече двух культур они не сливаются и не сме-
щиваются, каждая сохраняет свое единство и открытую целостность, 
но они взаимно обогащаются» [Бахтин М.М.,1986, 355]. Олай болса, 
фразеологизмдерді аударудағы екі мəдениет диалогы өзге ұлттардың 
этноменталдық ерекшеліктерін білуге, түсінуге мүмкіндік береді. 


245


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   248




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет