Мшб психологиялық педагогикалық дифференцианалды диагностикалауда психодиагностикалық нәтижелерді жинақтау мен талдау



Дата24.10.2022
өлшемі17,16 Kb.
#154708
Байланысты:
дифференциялау мшб
зияты зақымдалған

Тапсырма:


МШБ психологиялық педагогикалық дифференцианалды диагностикалауда психодиагностикалық нәтижелерді жинақтау мен талдау
Дифференциальды диагностика даму бұзылысының түрін анықтауға бағытталған. Дифференциальды диагностиканың қорытындысы бойынша баланы оқыту бағыты анықталады.
Дифференциальды диагностиканың міндеттері:
- Біріншілік және екіншілік кемістікті анықтау яғни бұзылыс құрылымын жүйелі талдау;
- Көру, есту, тірек-қимыл қозғалыс аппараты кемшіліктері бар балалардың психикалық дамуындағы ерекшеліктерін анықтау;
- Педагогикалық болжамды анықтау және негіздеу. Алынған мәліметтер негізінде білім беру мекемелерінің түрі, оқыту бағдарламасы, түзетушілік-педагогикалық процессті қалай ұйымдастыру керектігі анықталады.
Дифференциальды диагностика педагогикалық-медициналық-психологиялық кеңес (ПМПК) арқылы жүзеге асады.
Қазіргі таңда даму бұзылысының дифференциальды дигностикасымен байланысты мәселелер көп. Дамуында әртүрлі бұзылыстар бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бір-біріне ұқсас болып келеді. Мысалы: тіл кемістігі немесе оқуға үлгермеушілік бар аралық дамуында ауытқуы бар балаларда кездеседі. Бұл қазіргі кездегі арнайы психологияның салыстырмалы ғылыми зерттеулерінің жеткіліксіздігімен түсінідіріледі.
Келесі мәселе ПМПК-ның тәжірибелеік жұмысымен байланысты. Бүгінгі таңда ұйымдастырылуға байланысты көптеген мәселелер шешілмеген. Олар үнемі жұмыс жасайтын диагностикалық мекемелер жүйесін дамыту, мамандармен қамтамасыз ету, және әдіснамалық, терминологиялық мәселелер. Әдснамалық мәселелерге баланы психодигностикалық тексеруде қорытыныдысын сандық сапалық талдау қажет сенімді және нәтижелі әдістемелерді өңдеу болып табылад. Ал, терминологиялық мәселелерде ең маңыздысы психологиялық-педагогикалық және медициналық терминологияны нақты айқындау.
Дамуында ауытқуы бар балаларды психологиялық-педагогикалық терең тексерудің мақсаты - диагностиканың қорытындысының негізінде түзету бағдарламасын жасау. Мұндай тексеру уақытты қажет етеді және негізінен білім беру мекемелерінде, кейде кеңес беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл тексерудің міндеті әртүрлі және әртүрлі жас кезеңдеріне арналған.
- Балаланың жеке психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
- Оқыту мен дамытуға арналған түзету бағдарламасын дайындау;
- Баланы тәрбиелеу жағдайын және отбасылық қарым-қатынасын анықтау;
- Оқудағы қиыншылықтарға әкеп соқытыратын жағдайларды анықтау және көмек көрсету;
- Жасөспірімдерді кәсіпке бағдарлау және кәсіби кеңес беру.
- Әлеуметтік эмоциональды жағдайдағы мәселелерді шешу
Бұл міндеттерді шешуде психологиялық диагностиканың әдістерін пайдалану (эксперимент, тест, жобалық әдістемелер) өте маңызды.
Даму бұзылысының психологиялық-педагогикалық диагностикасының негізгі міндеттері:
- Балалардағы даму бұзылысын ерте анықтау;
- Даму бұзылысының сипатын және себебін анықтау;
- Дамуында ауытқуы бар балалардың жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
- Оқыту мен дамытуға арналған бағдарламалар даярдау;
Психологиялық-педагогикалық диагностика грек сөзден (грек -жан диагностика-анықтау, танып білу қабілеті деген ұғымды білдіреді. Психодиагностика тұлғаның жекелей психикалық ерекшеліктерін өлшеп анықтайтын әдістерді қарастыратын психологияның бір саласы.
Психодиагностика әрі теориялық, әрі тәжірибелік ғылым. Тәжірибелік психодиагностикамен айналысатын психологтың кәсіптік қызметінің күрделі де жауапты саласы.
Психодиагностика негізгі міндеттері:
1. Психодиагностика-бұл психология ғылымының саласы ол адамның жеке психологиялық ерекшеліктерінің зерттеу, яғни психологиялық диагноз қою, тексеру әдістерін аңықтау, әзірлеуін білдіреді.
Курста негізгі екі міндеттер топтары шешіледі:
Бірінші топқа теориялық тапсырмалары жатады, яғни психологиялық құбылыстарға сандық және сапалық баға берудің мүмкіндіктерін белгілеу; ғылыми зерттеудегі әдіснамалық қағидаларының психодиагностика құралдарымен сәйкестігін анықтау; психодиагностика тексеруді нәтижелерінің нақтылы негізделуін белгілеу.
Екінші топқа тәжірибелік тапсырмалар жатады, психодиагностикалық тексеруді ұйымдастыру; нақты әдістер мен іскерліктерді игеру, оларды беймдеу және өзгерту, дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық ерекшеліктеріне сәйкес аталған тапсырмалар бойынша курста 2-тарау көрсетілген; психодиагностиканың жалпы және теориялық проблемалары және психодиагностиканы зерттеуде нақты әдістер қолдану. Психодиагностика -психология ғылым бір саласы ретінде эксперименталды психология, психофизика және дифференциалды психологиямен байланысады. Психодиагностика бүгінгі таңда адам өмірлеріңде әртүрлі салаларында; білім
беруде, медицинада, спортта, дефектологияда, өнеркәсіпте, отбасы кеңестеріндеарналған тестерді қарастырды. Бұны жүргізудің бірнеше кезеңдері бар; дайындық кезең; сұрақ-жауап, анкета, тест, әдістемелерді жүргізу; ұйымдастыру кезең; тестік әдістемелерді жүргізу, алынған деректерді өңдеп анализдеу, педагогикалық нұсқау
беру, диагностика нәтижесі бойынша диаграмма жасау, алынған деректерді талдау және қорытындау. Кәсіпорындарында білім беру мекемелерінде психодиагностика материалдың физикалық электронды зерттеу әдістері қолданылады.
Психодиагностикаң даму тарихы 20 ғасырдың, әр түрлі зерттеулерге байланысты жүрді. Еуропа елдердің клиникаларында дәрігер психиатрлары бойында әр түрлі ауытқулары бар науқас адамдары мен жүйелі зкрттеулер жүріп, нәтижелерін талдап,
анализдеп қағаз бетіне түсірді. Сол зерттеулер психодиагностика
бақылау, сауалнама, құжат талдау сияқты зерттеулер әдістері дами бастады.
Дамуында ауытқуы бар баланы әлеуметтік бейімдеу, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелі болуы баланың даму мүмкіндігі мен қабілетін дұрыс бағалауға байланысты болады. Бұл міндетті даму бұзылысының кешенді психодиагностикасы шешеді. Ол арнайы оқытуды, түзету педагогикалық және психологиялық көмек көрсетуді қамамасыз ететін шаралар жүйесінде алғашқы және маңызды кезеңдердің бірі болып саналады. Даму бұзылысының психодиагностикасы ғана дамуында ауытқуы бар балаға оның психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес жеке психологиялық педагогикалық қолдауды қамтамыз ету, оңтайлы педагогикалық маршрут (бағдар) анықтау мүмкіндігін береді.

Даму бұзылысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы - бұл дамуында ауытқуы бар баланың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтаумен айналысатын арнайы педагогика мен психологияның бір саласы.


Даму бұзылысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы «қалыпты даму» психодиагностикасынан бірнеше ерекшеліктері бойынша ажыратылады.


1. «Қалыпты даму» психодиагностикасы психологиялық болып табылады, яғни баланың жалпы дамуы мен жеке психологиялық функцияларының қалыптасуын зерттейді.


Даму бұзылысының психодиагностикасы екі бағытта жүргізіледі:


- Психологиялық бағыт - мұнда таным әрекеттерінің, сөйлеу тілінің, эмоциональды ерік-сезім сферасының дамуы мен тұлғалық дамуын диагностикалау жүргізіледі. Психодиагностикалық тексеру баланың психикалық даму деңгейі мен жасына сәйкес ұйымдастырылады. Дәл осы көрсеткіштер диагностикалық шараларды ұйымдастыру формасын, әдістемесін таңдау және нәтижесін талдауды анықтайды. Дамуында ауытқуы бар баланы психодиагностикалық тексерудің мақсаты - оңтайлы түзетушлік жұмыстарды анықтау мақсатында баланың психикалық әрекетінің бұзылу құрылымын айқындау.


- Педагогикалық бағыт - бұл білім алу, білік, дағды, білім қоры мен қоршаған орта туралы түсініктері, сапасының қалыптасуы. Оқу әрекетіне қажетті психикалық әрекеттерінің еріктілігі, жоспарлау және өзін-өзі бақылау, қызығушылық және т.б.жағдайларды зерттейді. Егер бала бірінші сыныпқа баруға дайындалып жатса, онда оның оқуға дайындығы (физикалық, психикалық, ақыл-ой) анықталады. Балалар мектепте оқитын болса, онда оқудағы қиындықтарының себептері анықталады. Педагог өзін қызықтырған мәліметтерді баламен және ата-анасымен тікелей әңгімелесу арқылы, тәрбиешілерден сұрау арқылы, баланың жұмысын талдау (суреттер, дәптер және т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған педагогикалқ тексеру арқылы алуға болады.


2. «Қалыпты дамудың» қазіргі психодиагностикасы нәтижелерді сандық бағалауды және бала дамуын төмен, орта және жоғары деп үш деңгейге бөлуді талап етеді. Даму бұзлысының психодиагностикасы нәтижелерді сапаның сандық талдау мен психология-педагогикалық диагноз тұжырымдамасында мыналар көрсетіледі:


- Даму бұзылысының педагогикалық категориясы


- Дамудағы жетіспеушіліктер. Түзетушілік педагогикалық жұмыс барысында міндетті түрде назар аудару қажет.


- Егер тексеру бала мектепке баратын шақта жүргізілсе, онда баланың оқуға дайындығы жалпы үлгідегі мектепте немесе арнайы мектепке оқитыны көрсетіледі.


3. «Қалыпты» психодиагонстикалық және даму бұзылсының психодиагностикасы әртүрлі теориялық әдіснамалық алғышарттармен негізделеді. Даму бұзылысының бір білім беру мекемелерінде тәрбиелеу мен білім беру процесіндегі, балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасындағы кемшіліктерді анықтау міндетін шешеді.


Қазіргі кезде скрининг - диагностиканы ұйымдастыру және өткізу әртүрлі жүргізіледі. Тәжірибеде скрининг - диагностиканы жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Мысалы: баланы оқыту мен тәрбиелеуде қиынышылықтар кездескен жағдайда педагогтар білім беру мекемесіндегі психологияға жүгінеді. Мұнда педагогтар баланың ерекшелігін анықтауды және мұндай баламен қандай жұмыс жасау керектігі туралы ұсыныс жасайды.


Басқа жағдайда ата-аналар психологқа баланы тәрбиелеудегі қиындықтар немесе баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктерді анықтау, оқу-тәрбиелік шараларды қалай өткізу керектігі туралы кеңес беру үшін жүгінеді. Мұндай жағдайлар балалар мектепке барар шағында жиі кездеседі. Бұл жас кезеңі мектепке даярлық кезеңі деп қарастырылады және ана-аталар баланың бойындағы психлогиялық немесе басқа да мәселелерді байқай бастайды. Сонымен дамуында ауытқуы бар балаларды анықтау арнайы ұйымдастырылған скрининг тексеру арқылы жүзеге асады. Скрининг - тексеру жеке немесе топпен жүргізілуі мүмкін. Бұл тәсілді дамуында ауытқуы бар балаларды анықтауда нәтижелі тәсіл деп айтуға болады. Бірақ бұл тәсіл қазіргі талаптарға сәйкес келе бермейтіндіктен жиі қолданылмайды.
Скринингте қолданылатын әдістемелер жиынтығы скрининг тексерудің міндеттерін шеше бермейді. Бұған себеп даму бұзлысын анықтайтын педагог-психологтың кәсіби даярлығы жеткіліксіз. Скрининг - диагностика әр баланың ерекшелігін жанж-жақты тексеріп, психологиялық педагогикалық көмекті қажет ететін балаларды осы көмекпен қамтамасыз ету мүмкіндігін бермейді. Скрининг - диагностиканың қазіргі жағдайды сипаттайтын мәселелер:

1. Балаларды тексеруде қолданалатын әдістемелердің көптігіне қарамастан скрининг - тексеруде пайдаланылатын диагностикалық құрал-сайманның ғылыми дәлелденуіне оны кемшіліктері кездеседі. Әсіресе бұл 3 жасқа дейінгі балаларды скрининг тексеруге қатысты жайт.


2. Скрининг диагностиканы жүргізуде критерийлер жүйесін өңдеу күрделі болып табылады.




3. Скрининг тексеруді жүргізудегі негізгі мәселелердің бірі - тексеріліп жатқан баланың тұлғалық ерекшелігімен эмоциональды жағдайы тапсырманы орындау сапасына баланың өз жетістіктерімен сәтсіздіктеріне байланысты әрекеті, көңіл-күйі және т.б. жағдайлар әсер етеді. Бұл скрининг - тексеру балаларда қажетті ақпаратты алуда қиындықтар туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет