Мусирова гулим бакытовна


Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары



бет2/5
Дата24.12.2021
өлшемі31,96 Kb.
#104699
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ИнклПР ШАЛАБАЕВА АҚБОТА МДО 3Ж2

2. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары;

Адам мен қоғамды дамыту үшін жағдай құратын әлеуметтік жүйе ретінде, білім берудегі жаңа құндылықтарды мойындау және тану, өз кезегінде инклюзивті білім берудің дамуына үлкен әсер етті. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау қалыпты балалармен бірлесіп оқыту идеясының дамуы – қазіргі күннің талабы. Бұл осындай балаларға білім беру жүйесін дамытудың заңды сатысы. Мүмкіндігі шектеулі әрбір баланың кез келген білім беру мекемесінде білім алу құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі және өзіне қажетті арнайы көмекті алу мүмкіндігі болуы керек.

Инклюзивті немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беретін орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үдерісін сипаттау үшін қолданылатын термин. Инклюзивті білім беру – жалпы білім беруді дамыту үдерісі, ол білім берудің барлығы үшін қолжетімділігін білдіреді. Инклюзивті білім беру оқушылар арасындағы айырмашылықтардың болуының мойындалуымен басталады. Оқытудағы инклюзивті тұғырды дамытуда, мұндай айырмашылықтар қолдау табады және білім беру үдерісінің негізі болып саналады.

Инклюзивті білім беру – бұл әрбір білім алушыға өзінің физикалық, интеллектуалды, әлеуметтік, экономикалық, тілдік және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, содан кейін ересектену кезеңіндегі балалға қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беретін, оның сегрегация және оқшаулану қаупін төмендететін, оқыту мен тәрбиенің (дамыту және әлеуметтендіру) жалпы үдерісіне енгізілу мүмкіндігі ұсынылатын білім. Инклюзивті білім берудің негізіне, балалардың кез келген дискриминациясына (кемсіту) жол бермейтін және барлық адамдарға теңдей қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай құратын идеология алынады. Инклюзивті тұғырлар мұндай балаларға оқытуда және жетістікке жетуде қолдау көрсетеді, бұл өз кезегінде балалардың жақсы өмір сүруі үшін мүмкіндіктерін арттырады.

Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы келесі үлгіде құрылады: барлық балалар өздерінің мәдени және әлеуметтік деңгейіне, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне, оқытуда алуан түрлі қажеттіліктері бар индивидуум болып саналуына қарамастан, бірыңғай мектептерге баруы қажет. Қазіргі кездегі нормативті-әдістемелік құжаттарда, мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытуды ұйымдастырудың, оларды баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан кез келген білім беру мекемелерінде оқытудың мүмкіндігі көрсетілген. Мұндай оқыту балаларды отбасы мен үйден ажыратпайды және олардың туыстарымен, жақындарымен, достарымен, дені сау қатарластармен тұрақты қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде балалардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі мен интеграциясындағы мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді. Ересектене отырып, балалар өзіндік ерекшеліктерін қабылдауды және басқа адамдардың ерекшеліктерін есепке алуды үйренеді. Әлеуметтік-философиялық мағынада, инклюзивті білім беру қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлескен болмыс формасын қамтиды, мұны қоғам және білім беру институттар жүйесі қолдайды және дамытады. Бұл контексте инклюзивті білім беру әрбір оқушының оқытудың орнын, тәсілін және тілін таңдау құқығы, мүмкіндігі шектеулі балаларды табысты оқыту мен дамытуға білім беру мекемесінде қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, оларды білім беру мекемесінің білім беру үдерісіне толыққанды ендіру ретінде қарастырылады. Инклюзивті білім беру барлық оқушыларға балабақшаның, мектептің, институттың ұжымының өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік береді, ол барлық білім алушылардың теңдігін қамтамасыз ету және олардың ұжым мен қоғамның барлық істеріне қатысуын ынталандыру қабілетіне ие болады.

Инклюзивті білім берудің негізіне келесі қағидалар алынады:

1. Барлық адамдардың құқықтарының теңдігі принципі (олардың даралығы мен ерекшеліктерін есепке алуды бір мезгілде сақтауда);

2. Дискриминацияның кез келген типіне жол бермеушілік, яғни мүмкіндігі шектеулі адамның білім алу құқығын және әлеуметтік өмірге қатысуын кез келген шектеуге жол бермеу;

3. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің барлық саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандырудың ерекше құқықтарын мойындау, атап айтсақ, білім беруде (оқытудың арнайы жағдайлары, әлеуметтік инфрақұрылымның объектілеріне қолжетімділік және т.б.);

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның оның табысты әлеуметтенуі үшін барлық қажетті жағдайлар мен қызметтерді ұсынудағы міндеттері;

5. Барлық балаларды жалпы білім беретін орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге қабылдаудың мүмкіндігі.

Аталған қағидаларды жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық ұжымдары, білім беру қауымдастықтары ата-аналардың қатысуымен құруы керек. Инклюзивті білім берудің өзара жақындасудың екіжақты үдерісі ретінде, екі әлеуметтік субъектінің қозғалысы мен кездесуі үдерісі ретінде байқалады:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты қатарластарымен, сонымен бірге ата-аналармен бірлесіп оқыту үдерісіне ендіру;

2. Жалпы білім берудің өзі, ол балаларды оқыту үдерісіне ендіру үшін қолайлы ұйымдастырушылық-функционалды, адамгершілік-психологиялық, басқа жағдайларды құруы қажет.

Инклюзивті тұғыр балалардың алуан түрлі білім алу қажеттіліктерін түсінуін және осы қажеттіліктерге сәйкес білім беру үдерісіне толық қатысу арқылы қызмет ұсынуды, қоғамдық қауымдастықты осы үдеріске баулуды және білім берудегі сегрегация мен дискриминацияны жоюды қамтиды. Қалыпты балалар үшін инклюзивті білім беру, қалыпты және инклюзивті сыныптың біреуін таңдау еркіндігін білдіреді, инклюзивті білім беруді таңдаған жағдайда, білім беру стандартында қарастырылған оқытудың сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді, оқушылардың инклюзивті білім беруде қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен ережелерді сақтауын білдіреді. Бұл жағдайда «инклюзивті қоғамға» өту жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік қатынастарды жаңа типіне өту жүзеге асады, онда балалардың арасындағы айырмашылықтар өзара байыту ресурстары ретінде қарастырылады.

Инклюзивті тұғырдың басымдылықтары:

- мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру үшін аса қолайлы жағдайлар құрылады;

- оқу және оқудан тыс іс-әрекетте дамуында әртүрлі ауытқулары бар балалармен аса тығыз өзара әрекеттестіктің мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі;

- педагогтардың біліктілігі артады;

- балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары құрастырылады және тәжірибеден өткізіледі;

- арнайы (коррекциялық), әлеуметтік және медициналық мекемелермен ынтымақтастық құрылады.

Білім берудің инклюзивті жүйесі өзгертуге қиын статикалық құрылым болып саналмайды, ол оқытудың жағдайларын балалардың жеке ерекшеліктеріне тұрақты бейімдеуге бағытталған динамикалық үдеріс болып табылады. Жалпы білім беретін орта мектепте, мүмкіндігі шектеулі баланы дені сау қатарластар ортасына ендіру үшін және әрі қарай оны табысты әлеуметтендіру үшін жағдайлар құрылып қоймайды, сонымен бірге, баланың әлеуетті мүмкіндіктерін ашу және дамыту үшін жағдай құрылады. Білім беру жүйесінің дамуында ауытқуы бар оқушыларды әлеуметтік-психологиялық реабилитациялау үшін үлкен мүмкіндіктері бар, ол өз кезегінде индивидуумды тұлға ретінде барыншы толық жүзеге асыру мақсатында, қабілеттерді ояту мен ашуға жетелейтін адамды іштей қайта құруға бағытталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет