Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері



бет14/24
Дата24.12.2021
өлшемі374 Kb.
#104755
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
музыкалық білім тарихы
гылыми жоба, гылыми жоба, курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс, курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс, лад, Matematikaly -sauattyly , 531535.pptx
5. Музыканы оқыту принциптері
Жоспары:

  1. Музыканы оқыту принциптері дидактикалық категория ретінде.

  2. Музыканы оқыту принциптерінің ерекшеліктері.

  3. Музыкалық білім беру принциптерінің бағыттылығы.

«Принцип» (латынша - principum) деген сөз негізгі, бастапқы деген мағынаны білдіреді, принцип – «жетекші идея, негізгі ереже, ғылымның заңдылықтарынан туындайтын іс-әрекет пен мінез-құлыққа қойылатын негізгі талап».

Музыканы оқыту принциптері дидактиканың категориясы ретінде музыканы оқытуды музыкалық таным логикасына сәйкес жүзеге асыруға көмектеседі. Олар музыканы оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формаларының негізін құрайтын бастапқы қағидалар ретінде түсіндіріледі. Музыканы оқытуда бүгінгі күнде қалыптасқан принциптер бір-бірімен өзара байланыста қарастырылады. Мәселен, ғылымилық принцип музыканы оқыту мазмұнының жүйелілігі мен бірізділігін қамтамасыз етеді; музыка мен өмірдің байланысы принципі музыканы оқытуда оқушылардың жас шамасын және жеке-дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады; қызығушылық, еліктеушілік принципін ұстану оқушылардың белсенділігін арттырады.

Музыканы оқытуда тәрбиелеудің, білім берудің, дамытудың бірлігі принципі. Музыкалық білім беру музыкалық білім, іскерлік, дағдыларды меңгерту ғана емес, оқушылардың әлеуметтік мінез-құлқының қалыптасуына негіз болатын адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, дене, еңбек тәрбиесі міндеттерінің жүзеге асырылуын көздейді. Білім мазмұнына енген музыкалық шығармаларды тыңдау, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесіне, құнды сапа-қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етсе, екінші жағынан, музыка өнері, музыка тілінің мәнді ерекшеліктері, құрылымы, заңдылықтары жөнінде білім береді, ал үшінші жағынан, психикалық процестердің белсендіреді, жеке типологиялық сапа-қасиеттерін дамытады.

Музыкалық білім беру – педагогиканың ең күрделі саласы. Музыка материалы, оның әсемділігі, айшылықтылығы тұтас тәрбие беру, оқыту, дамыту міндеттерінің ажырамас бірліктегі педагогикалық ықпал етудің құралы болып табылады.

Ғылымилық принципі музыканы оқыту жүйесін құру логикасының негізін құрайды. Оның басты талаптары – музыкалық білім мазмұнының қазіргі музыкалық білім беру ғылым деңгейіне сәйкестігі. Бұл принцип оқулықтар мен оқу бағдарламасында оқу материалдарын сұрыптауда көрініс алады, оқушыларда ғылыми танымның элементтерімен, әдіс-амалдарымен таныстыруды реттейді.

Музыканы оқытуда ғылымилық принципін ұстану қажеттілігі музыкалық білім беру мақсатына, мазмұнына, оқыту әдістеріне дидактикалық, музыкалық-эстетикалық, психо-педагогикалық тұрғыдан негіздеме беруге көмектеседі. Ғылымилық принципін ұстану – музыканы оқытуда музыка өнері жайлы түсініктерді, оқушылардың жас ерекшелік, танымдық мүмкіндіктерінің дамуы жөніндегі түсініктерді және оқыту процесін дамыту заңдылықтарына сәйкес жүзеге асыруды қамтамасыз етудің жолы. Музыканы оқытуда ғылымилық принцип ұстануда, яғни музыкалық білім мазмұнының қазіргі музыкалық білім беру ғылым деңгейіне сәйкестігі, оқушыларда ғылыми танымның жалпы әдістері туралы түсінік қалыптастыру; таным процестерінің даму заңдылықтарына сүйену басты талаптар болып есептелінеді.

Музыкамен өмірдің байланыс принципінің басты ерекшелігі оқушыларды музыка өнерінің адам өміріндегі, оның практикалық іс-әрекетіндегі маңызын санамен ұғынуға және меңгерген музыкалық білімдерін практикалық сипаттағы, өмірдің өзінен туындайтын міндеттерді шешуде қолдана білуге үйрету болып табылады. Музыканы оқытуды өмірмен байланыстыруда концерттерге қатысу, тыңдау, музыкалық шығармашылық және т.б. мәні зор. Белгілі бір музыкалық шығармаларды қабылдау процесінде оқушыларды тек оның музыкалық-поэтикалық мазмұнын есте сақтап қана қоймай, олардағы көркемдік образдардың музыкалық мәнерлігін өзінің бойындағы сапа-қасиеттерімен салыстыруға, сәйкестігін пайымдауға талпындыру керек.

Еліктеушілік принципі. А.Б.Кабалевский оқушылардың білімге деген жағымды қарым-қатынасын белсендіру құралы ретінде қызықтыру, еліктіру проблемасына ерекше мән бере қараған. Әрбір сабаққа немесе тәрбие шараларына дайындалу үшін ең алдымен пайдаланатын оқу материалын, оларды жеткізудің әдіс-тәсілдерін ойластырып, анықтап алған жөн. Балаларды қызықтырмайтын оқу материалы оларды еліктете алмайды. Мәселен, мұғалімнің музыкалық шығармалар, олардың шығу тарихы, композиторлар немесе музыкалық аспаптар, оларда ойнау тәсілдері, белгілі орындаушылар жайлы әңгімелері айшықты, көркем болған жағдайда балалардың танымдылық белсенділіктері артып, еліктеу пайда болады. Еліктеу – басқалардың ерекшеліктерін өзіне көшіру процесі. Ол балаларда еліктеудің мақсаты нақты да түсінікті болғанда және өз іс-қимылының практикалқ нәтижесін сезінгенде ғана пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет