Н. А. Маженова экономикалық теория


 Нарықтық шаруашылық  тауар өндірісінің



Pdf көрінісі
бет31/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

 
4.5. Нарықтық шаруашылық  тауар өндірісінің  
       дамуы жоғары сатысы ретінде. Нарықтың  
       сипатты белгілері 
 
Біздің  елімізде  бизнес  жүйесінің  құрылуын  қалыптастыру 
үшін,  олардың  экономикалық  тәуелсіздігін  қамтамасыз  ету 
керек.  Бұл  тек  нарықтық  экономика  бар  жағдайда  ғана  болуы 
мүмкін.  
«Нарықтық  экономиканың»  құраушы  кілттік  элементі 
болып  нарық  табылады.  Нарықтың  ең  қарапайым  анықтамасы 
мынадай,  нарық  сұраныс  пен  ұсыныстың  қосындысы.  Нарық 
туралы  басқа  анықтама  келтірейік.  Нарық  -  бұл  адамдар 
арасындағы 
қоғамдық 
байланыстардың 
формасы, 
яғни 
тауарларды екі жақты сату-сатып алудан құралады. Сұраныс пен  
ұсыныстың  қосындысы  берілген  анықтамада    дараланып  тұр, 
сондықтан  нарықты экономикалық  қатынастар  сферасы  ретінде 
қарастыруға мүмкіндік берді.  
Енді, келесілерді атап өтеміз.  
Біріншіден,  нарық  –  бұл  экономикалық  субъектілердің 
арасындағы қатынастар сферасы.  
Екіншіден,  нарық  -  бұл  нарықтық  экономиканың  элементі 
ғана  болып  табылады,  оған  қосымша    жататындар  тауардың 


Экономикалық теория 
 
53 
өндіріс сферасы, бөлу, тұтыну және экономиканы программалау 
мен реттеу. 
Нарық белгілеріне сипаттама береміз: 
Біріншіден,  қазіргі  замандағы  нарық    тұтынушы  нарығы 
болып  табылады.  Нарықтың  мұндай  жағдайы  сатушыларға 
қарағанда  өнімді  тұтынушылардың  басымдылық  жағдайын 
анықтайды,  яғни    “тұтынушылар  диктаты”    “өндірушілер 
диктатына” қарама-қарсы.  
Нарықтың екінші міндетті белгісі болып оның бәсекелестік 
сипаты табылады. Бұл дегеніміз бизнес жүйесінде әрбір субъект 
басқа барлық субъектілерге бәсекелес  ретінде бола алады.  
Қазіргі  заманғы  нарықтың  үшінші  белгісі  –  интеграция  
(қосылу)  негізінде  субъектілер  арасындағы  қатынастарды 
тұрақтандыру.    Бұл  субъектілердің  іскерлік  қатынастарда 
экономиканы  монополизациялауға  қарсы  іс-әрекетке  мүдделі 
екенін білдіреді, олардың мүддесі экономиканы монополизация-
лаумен емес, интеграциясымен (қосылуымен) байланысты. 
Нарықтық  жүйе,  жекеменшіктің  үстемділігімен,  еңбектің 
қоғамдық 
бөлінуімен, 
ақшаның 
көмегімен 
жүргізілетін 
айырбастық қатынастың кеңірек дамуымен сипатталады. 
Нарық 
жүйесі 
аралас 
меншікпен, 
алға 
басқан 
технологиямен,  мемлекеттің    қатынасуымен    негізінде  дамиды.  
Кәсіпкерлік  тірліктің  ынталандырушы  ретінде  үлкен  пайда алу, 
шығындарды төмендету болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет