Н. А. Маженова экономикалық теория


 Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы



Pdf көрінісі
бет67/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

 
9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы 
 
Экономикалық  қатынастар  ауылшаруашылығында  олар 
өндіріс  факторларының  табиғи  өндірістің  ұдайы  өндірілмейтін 
себебі бойынша туындайтын ерекшелігімен ажыратылады. Олар 


Н. А. Маженова 
 
106 
жерді,  пайдалы  қазбаларды  және  жылжымайтын  мүлікті 
пайдаланудан пайда болады және ренттік деп аталады.  
Экономикалық рента – жалға алушымен жерді пайдаланғаны 
және табыс алғаны үшін жер иесіне төлейтін баға.  
Ауылшаруашылықтағы 
экономикалық 
қатынастардың 
ерекшелігі  олар  үш  тұлға:  жер  иесі,  жалға  алушы  және 
жалдамалы 
жұмысшы 
арасында 
туындайтындығында. 
Ауылшаруашылықтағы  ерекшелік  оның  маусымдылығында 
жатыр.  Жыл  басынан  бірте-бірте  шығындар  жұмсалады,  егінді 
бір  жылда  бір  рет  қана  алады.  Өндіріс  кезеңі  жұмыс  кезеңінен 
едәуір  көп  болады.  Ауылшаруашылық  техникасын  қолдану 
тиімділігінің төмендеуі орын алады, өндіріс шығындары артады. 
Сондықтан  азық-түлік  орташа  шамада  өнеркәсіп  өнімдерінен 
құны  бойынша  қымбат  болады.  Ауылшаруашылық  өндірісі 
ешқашан өнеркәсіпте орташа еңбектің қормен жарақтандырылуына 
да жете алмайды.  
Құнарлығы  мен  орналасу  орны  бойынша  жақсы  жерлер 
шектелген  болғандықтан,  шаруашылық  айналымға  жердің 
нашар учаскелері де тартылады. Қоғам экономикалық тұрғыдан 
оларсыз  қанағаттана  алмайды,  себебі  өнеркәсіп  үшін  шикізат 
керек,  ал  халық  үшін  азық-түлік  қажет.  Қоғам  өндірушілерге 
өндіріс  шығындарын  нашар  учаскелерінде  де  өтеуге  міндетті. 
Ауыл шаруашылығында өнім бағасы ең нашар учаскенің өндіріс 
жағдайлары  бойынша  қалыптасады.  Сондықтан,  жақсы  және 
орташа  жер  учаскелері  бар  жер  иелері,  бірдей  шығындар 
кезінде,  дифференциалдық  рента  1  деп  аталатын  қосымша 
табыс  алады.  Егер  де  жерді  жақсартса,  яғни  минералды 
тыңайтқыштарды  қосу,  суландыру  жүргізсе,  каналдар  құрса, 
батпақты құрғатса, өзге сөзбен айтсақ, жерге капитал салса, жер 
барынша құнарлы бола бастайды. Келешекте бұл  жер барынша 
құнарлы  болады  және  дифференциалды  рента  2  деп  аталатын 
қосымша табыс беретін болады.  
Жер  иелері  табыс  алу  (рента)  мақсатында  жерді  жалға 
беретіндіктен,  онда  олар  оны  алуға  тиіс.  Бірі  қалмай,  барлығы, 
соның ішінде нашар жер иесі де алуға тиіс. Тиісінше, рентаның 
экономикалық  негізі  жерге  жекеменшік  болып  табылады. 
Ауылшаруашылығында  жұмыс  күшінің  бірлігі  өнеркәсіпке 


Экономикалық теория 
 
107 
қарағанда, техниканың барынша аз саны ғана қызмет көрсетеді. 
Мұнан,  ауыл  шаруашылық  өнімінің  жоғары  құны  шығады. 
Рентаның бұл түрін бірі қалмай барлығы алады және абсолютті 
деп  аталады,  соның  ішінде  нашар  жер  учаскесі  де.  Сандық 
тұрғыда  ол  оңай  анықталынады.  Ауылшаруашылықтың  жалпы 
құнынан  (ол  жоғары)  оның  өндіріс  бағасы  (ол  кішігірім) 
шегеріледі.  
Жер  рентасы  табиғи  және  ұдайы  өндірілмейтін  өндіріс 
факторын  қолданудың  нәтижесі  болғандықтан,  мұндай  фактор 
болған  барлық  жерде  туындайды:  құрылыста,  өнеркәсіптің 
өңдеуші салаларында т.с.с. 
Жер  де  сатылады  және  сатып  алынады.  Негізінде,  жердің 
өзі  емес,  ол  алып  келетін  табыс  сатып  алынады.  Осыдан  шыға, 
жер бағасы келесі формуламен есептелінеді:  
 
R
n
 
       V
p
 = ----------- x 100%, 
Банк, % 
 
мұндағы –  V

– жер бағасы;  R

– жер рентасы.  
Пайыз  нормасынан  тәуелді  рентаны  есептеуі  жер,  оның 
ресурстары  немесе  оның  үстінде  жылжымайтын  мүліктер 
орналасқан  секілді  капиталдық  активтерді  дисконттаудың 
әртүрлілігін білдіреді.  
Рентаның  дисконтталған  мөлшері  белгілі  бір  кезеңге 
өндірістің  осы  факторларын  қолдану  туралы  келісім-шартты 
жасасу кезінде қажет.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет