Н. А. Маженова экономикалық теория


 Инфляцияның мәні, түрлері және себептері



Pdf көрінісі
бет98/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

 
13.2. Инфляцияның мәні, түрлері және себептері 
 
Инфляция  –  бұл  бағаның  жалпы  деңгейінің  тұрақты 
көтерілуі.  Сұраныстың  бұл  деңгейінде  ақшаның  нақты 
құндылығы 
олардың 
сатып 
алушылық 
қабілетімен 
анықталынады.  Ақшаның  сатып  алу  қабілеті  ақша  бірлігіне 
сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны.  
Инфляция – бұл екі жақты процесс. Бұл, бағаның өсуі және 
ақшаның  құнсыздануы.      Бағаның  деңгейін,  баға  индексі 
көмегімен анықтайды, нарықты қоржының құны пайызбен өсуі. 
Кері  инфляция  көрсеткіші  дефляция  деп  аталады,  яғни  баға 
деңгейінің  төмендеуі.  Инфляцияның  маңызды  себептерінің  бірі 
ақша  массасы  мен  оның  тауарлық  төлеу  арасындағы  тепе-
теңдіктің бұзылуы.  


Экономикалық теория 
 
151 
Халықаралық  практикада  бағаның  өсу  көлеміне  тәуелді 
түрде инфляция қарқынын үш деңгейге бөлу қалыптасқан: 
  Жылжымалы  инфляция,  бағаның  жылдық  орташа  өсу 
қарқыны  10%-дан  аспау  керек.  Бұл  халықтың  табысы  мен 
жұмысбастылығы 
өсуімен 
байланысты. 
Бұнда 
мемлекет 
ешқандай шара қолданбайды. 
  Секіртпелі  инфляция,  бағаның  жылдық  орташа  өсу 
қарқыны 10%-дан 200%, аралығында. Оның себебі бюджеттің тап-
шылығы мен ақша массасының  тауарға қарағанда артығымен өсуі. 
  Гиперинфляция – айына 50%-ға дейін, өте жоғары қарқынмен. 
Гиперинфляция    шаруашылық  механизмді  әлсіретеді,  себебі 
ақшадан  тауарға  қарай  ұмтылу  үрдісі  нығаяды,  бартерлік 
айырбасқа өту жүзеге асырылады.  
Инфляция жабық, ашық, жасырын болады.  
Жабық 
инфляция 
тұтынылатын 
тауар 
сапасының 
нашарлауымен  байланысты. Тауар  сапасының нашарлауы  оның 
қысқа  мерзімділігі  және  жиі  жөндеу  жұмыстарын  жасау 
тұтынушыны  сол  тауарды  жиі  сатып  алуға  мәжбүрлейді,  демек 
қажеттілікті қанағаттандыруға қалыпты тауар сапасы кезіндегіге 
қарағанда, көп ақша жұмсалады.  
Ашық инфляция бағаның өсуімен көрінеді. Ашық инфляция 
жиынтық  сұраныстың  артуымен  байланысты,  яғни  бағаның 
жалпы 
өсімі 
жүреді. 
Ашық 
нарықтық 
жүйеде 
орын 
алатындықтан ол ашық болады. Баға өсуі инвестицияның өсуіне 
алып  келеді,  өндіріс,  ұсыныс  өседі.  Ашық  инфляциямен 
күресуге болады, өйткені нарық механизмдері жұмыс істейді.  
Жасырын  инфляция  жабық  экономикалық  жүйелерде, 
жоспарлы экономикалы, мықты мемлекеттік реттеуі бар, жалпы 
бақылауға  және  нарықтық  механизмдерді  басуға  өтетін 
мемлекеттер  экономикасында  туындайды.  Мемлекет  бағаны 
бақылайды  және  оларды  тепе-теңдік  деңгейден  төмен  ұстайды. 
Нәтижесінде, экономикада тұрақты дефицит туындайды. Мысал 
ретінде 80-90 жылдардағы кеңес экономикасын келтіруге болады.  
Жасырын  инфляция  қоғамдағы  тауарлардың  жетіспеуімен 
көрінеді. 
Инфляцияның пайда болу себептері. Оларды шартты түрде 
сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы деп атайды.  


Н. А. Маженова 
 
152 
Сұраныс  инфляциясын  келесі  факторлар  туындатады. 
Бюджеттік  дефицит  инфляцияның  қуатты  факторы,  себебі 
мемлекеттегі ақша айналымына әсер етеді. Мемлекет құралдары 
бойынша  өмір  сүрмеген  кезде,  олар  ақша  эмиссиясын  жасауға 
мәжбүрлі болады. Сауда құрылымында экспортта арзан шикізат, 
материалдар,  энергия  тасымалдаушылар  басым  болса,  қымбат 
дайын  өнімді  импорттау  сыртқы  сауда  үшін  инфляцияның 
өсуіне алып келеді.  
Шығындар  инфляциясы  деп  атайтыны,  ол  өндіріс 
шығындарының өсуіне байланысты. Шығындар көбеюі мынадай 
болады:  жалақының  себепсіз  өсуі,  электрэнергияның,  шикізаттың 
тарифтері  өсуі.  Электрэнергияға,  жанар  майға  бағаның  өсуі 
тізбекті  реакциямен  барлық  бағаның  өсуіне  әкеледі.  Экономикада 
диспропорцияның  болуы,  кәсіпорындардың  монополизациясы 
әсер етеді. 
Инфляцияның салдары
1.  Табысты  қайта  бөлу,  кәсіпорын  монополистерге  қаржы 
құрылымындарына,  көлеңкелі  экономикаға,  фирма  басқармасы 
жалақыны  көбейтеді.  Сондықтан,    бюджеттік  сфера  қасірет 
шегеді. Әлеуметтік шиеленісу күшейеді. 
2.  Дұрыс  әлеуметтік-экономикалық  қатынастар  бұзылады. 
Ақша  өзінің  қызметтерін  атқармайды,  өндіріс  қысқарады, 
шаруашылық  байланыстары  үзіледі,  банкроттық  көбейеді, 
депрессия, қоғамдық саяси тәртіп бұзу өседі және т.б. 
3. Азаматтардың жеке жинағы құнсызданады.  
4.  Салықтар  мемлекеттік  жалғыз  табыс  көзі  болғандықтан,  
олар үнемі өседі.  
5.  Төлемеу  борышкерлердің  пайдасына  жұмыс  істейді. 
Қарызға  ақша  беру  тиімсіз  бола  бастайды.  Несиелік  жүйенің 
дағдарысы орын алады.  
Инфляциядан  барынша  көп  зардап  шегетін  зейнеткерлер, 
себебі  зейнетақы  мөлшері  заңды  түрде  тіркелген,  одан  кейін 
студенттер, сонымен қатар бюджет  сферасының жұмысшылары 
зардап шегеді.  
Инфляция  және  жұмыссыздықтың  арасында  тұрақты  өзара 
кері  байланыс  болады.  Инфляцияның  өсуі,  жұмыссыздықтың 
азаюымен  қоса  жүреді,  және  керісінше.  Сондықтан,  экономикада 


Экономикалық теория 
 
153 
не  жұмыссыздық,  не  инфляция  тууы  мүмкін.  Бұл  тәуелділікті 
ағылшын  экономисі  А.Филлипстің  қисық  сызығынан    көруге 
болады.  
 
 
 
1.22-сурет. Филлипс қисығы 
 
Қаншаға  инфляция  дәрежесі  жоғары  болса,  соншаға 
жұмыссыздар  үлесі  төмен.  Мемлекеттің  араласуы  жиынтық 
сұранысты  көбейтіп  отырып,  жұмыссыздықтың  дәрежесін 
төмендете  алады.  Осы  жағдайда  пайда  болатын  еңбек 
нарығындағы  күйзеліс жалақыны, бағаның инфляциялық өсуіне 
әкеледі. 
Өндірістің  терең  құлдырауы,  яғни  экономикалық  өсімнің 
тоқтатуы  стагнация  деп  аталады.  Инфляцияның  стагнациямен 
қатар жүруі стагфляция деп аталады. 
Қазақстандағы  1991  жылғы  ашық  инфляция  1992-1994 
жылдары  гиперинфляцияға  өсіп  кетті.  Елімізде  ұлттық  валюта 
кіргізгеннен  кейін  реттеудің  ақша-несие  құралдарын  пайдалануға 
мүмкіндік туды. Инфляцияның деңгейі  қысқарды. 1995 жылы – 
60,5%-ға  дейін,  1996  жылы  28,7%-ға  дейін.    1992-1994  жылғы 
инфляцияның  өсуі  еліміздегі  ақша  массасының  өсуімен, 
бюджеттегі тапшылыққа байланысты болды. 2002 жылғы инфляция 


Н. А. Маженова 
 
154 
5,8%  құрастырды.  ҚР  экономикасында  әрбір  ойластырылмаған 
шаралар, инфляциядағы тепе-теңділікті бұзуы мүмкін.  
Қазақстанда жоспарлы экономиканың нарықтық экономикаға 
өзгеру  үрдісі  терең  экономикалық  дағдарыстың  еңсеруімен 
ілесіп  жүрді.  Тұтынушылық  баға  индексі  1992  жылы  3006%, 
1993  жылы  2266%  құрады.  Инфляцияның  айлық  қарқындары 
30% шектен асты, ал 1993 жылдың қараша айында 55% деңгейге 
жетті.  
ҚР  Ұлттық  Банкімен  жүргізілген  қатаң  монетарлы  саясаты 
арқасында жағдайды өзгерте алды және инфляция тұрақты түрде 
айына  18-19%  деңгейінде  тұрды.  1997  жылы  инфляцияның 
қарапайым  деңгейін  сипаттайтын  тұтынушылық  баға  индексі 
11,2 құрады; 2000 жылы – 9,8%; 2001 – 6,4%.  
ҚР  өтпелі  кезеңдегі  инфляцияның  негізгі  себептеріне 
келесілерді жатқызуға болады:  
-  ұлттық  экономикада  өндірістің  құлдырауынан  тауарлы 
дефицит;  
-  өндірілетін  өнімнің  жоғары  энергияны,  материалды, 
еңбекті көп қажетсінуі;  

өзінің 
тауарларына 
бағаны 
арттыратын 
тауар 
өндірушілердің монополиясы;  
-  мембюджеттің  дефициті,  оны  жабу  үшін  мемлекет  ақша 
қағаздарын шығарады;  
- басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстың әсері.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет