Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы


Жетісу өңіріндегі күйшілік дәстүрі



бет80/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Жетісу өңіріндегі күйшілік дәстүрі. Қазақ ұлттық аспапты музыкасындағы ерекше сарынды күйшілік мектептердің бірі Жетісу- күйлері.

Жетісу күйлері көбінесе көлемі шағындау келіп, эпикалық сипаттағы тарихи оқиғалармен ұштасып жатады. Ежелгі ертегі, аңыз, әңгімелерге негізделген бүл күйлер көне наным-сенімдегі әдет-ғұрыптарға құрылатыны байқалады. Түркі тектес халықтарға ортақ, "Мұңлық-зарлық", "Көрұлы" сияқты эпос дастандарды суреттейтін "Аққу", "Жетім бала", "Аңшылық", "Бөрілі қыз", "Қамбархан", "Көрұлы Сұлтан" күйлері қазақ музыкасының байырғы түрлеріне жататыны анық.

Осы өңір күйлерін құрылымы мен мазмұнына орай төмендегідей салаға бөлуге болады:

1) аңыз-әңгімелерді арқау еткен эпикалық күйлер;

2) әдет ғұрыптық, жоқтау күйлер;

3) күйлердегі жанрлық, аттас күйлер;

4) батырлар мен ірі тұлғаларға арналған арнау күйлер;

5) автордың өз басынан кешкен оқиғаларды суретейтін, өмірбаяндыц күйлер.

Жетісу күйлерінде "толғау" жанрындағы күйлер, яғни қобыз әуеніне ұқсас толғаулы сарын басым келеді. Осы өңірдегі көрнекті күйшілердің бәрінде дерлік "кертолғау" атты күйлер кездесетіні де содан.



Аспапты музыкадағы "Кеңес", "Бұлбұл", "Бозайғыр", "Қоңыр" сияқты өзіндік жанрға айналған күйлер тобына Жетісу күйшілері де айтарлықтай үлес қосқаны анық. Көпшілігі теріс бұрауда келетін Жетісу күйлерінің ең басты ерекшелігі деп, екі үлкен дәстүрдің шертпе мен төкпенің бір күйде қатар дамып, өрбуінде дер едік.

Жетісудің көрнекті күйшілері Байсерке Құлышұлы, Қожеке Назарұлы, Сыбанқұл Қолбасұлы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет