Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет14/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476
Құралұлы Бекбол Слайд Сүт өнімдері, Қазақ тілі БЖБ 11 класс, EndoskopicheskayaKhirurgiya 2015 04 076
Тоғыз беру
қазақтың байырғы тұрмыс-салтына байланысты
қалыптасқан сөз тіркесі. Әуелде
 тоғыз беру
тіркесі тоғыз затқа қатысты
пайда болғаны еш күмән туғызбайды. Әсіресе бұрынғы жыр-өлеңдерде,
22


ертегі, аңыз-әңгімелерден тоғыз беру салтының әр қилы жағдайларын
кездестіріп отырамыз. Тіпті қазақтың байырғы салт-дәстүрінде
тоғыздың «араласпайтын» жері жоқ тәрізді. Бірақ
 тоғыз берудің 
өз жолы
өз жүйесі бар.
Тоғыз
қадірлі қонаққа, сыйлы кісіге сый-құрмет жолымен беріледі.
Апалар, мұны ешкім көрмес пайда,
Ойланбай іс қылсақ осындайда.
Бір тоғыз
 сәлемдеме бердіңіз-ақ
Келген адам сый-сияпат жолы қайда? 
(«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»).
Тоғыз
жол-жоралғы жөнімен беріледі. Соның бір мысалы мына
тәрізді:
«Бастығы Сүйіндік, Байсалдар болып: «Азаға салғаным»,
«қосқаным»,»аруағына арнағаным» деп шеттерінен қос ат, інген,
жамбы, тай тұяқ, қой тұяқ сияқты бұйымдар атасты. Сөйтіп, кеңес
аяғында підиясының өзі талай тоғыз болып саналады» 
(М.Әуезов).
Сондай-ақ, үйлену салтында тоғыз беру жоралғысы болған. Алайда
тоғызды кез келген тұста емес, күйеу бұрын барған кезде 
«құрмаласқан
құда болдық»
деп атайды.
Тоғыз берудің
тағы бір жолы қызды жігіт
құдалық жолмен емес, алып қашқан жағдайда жігіт жағы айып-анжы
ретінде 
үш тоғыздың
бірін атайтын болған.
Тоғыз
айып-анжыға беріледі (құн төлеу, әр түрлі айып төлеу).
Тоғыз
бас бәйгеге тігіледі (ат жарыс, балуан күрес, сүре айтыс т. б.).
Тоғыз берудің
байырғы шарты бойынша «тоғыздың» құрамында
тоғыз түрлі зат болуы қажет. Осымен байланысты «тоғыз» үш топқа
бөлінеді.
Бас тоғыз.
Түйе бастаған тоғыз түйе, құлынды бие, қос ат; жамбы,
жағалы киім, тұтас құндыз, қылыш т. б. 
Бас тоғызды кейде қасқа тоғыз
деп атайды 
(С.Мұқанов).
Орта тоғыз.
Бие бастаған тоғыз мал және әр түрлі бұйымдар.
Аяқ тоғыз.
Бұзаулы сиыр бастаған тоғыз тайынша, қозылы қой және
басқа бұйымдар.
Әр тоғыз өз ішінде екі топқа бөлінеді:
Жанды тоғыз
немесе
тірі
тоғыз
(түйе, бие, бұзаулы сиыр, қозылы қой т. б.) «жансыз» тоғыз
немесе «өлі» тоғыз (жамбы, кілем, ішік, т, б.). 
Тоғыз берудің
салты
бойынша «жанды» тоғыз төртеу болса, «жансызы» бесеу болу шарт.
Тоғыздың ішінде
бас жақсы
дегені болады.
Бас жақсысына
қарап,
әдетте
түйе бастаған тоғыз, жамбы бастаған тоғыз, бие бастаған
23


тоғыз
деп отырады, яғни қандай тоғыз аталғанын әрі арай сұрамай-ақ
бас жақсыға
қарап ажыратады.
 Тоғыздың толымды түрін
беру, әрине,
бай мен бағыланның ісі. Тіпті олар дүбірлі той өткізіп, бас бәйгеге
тігілер 
тоғыздың бас жақсысына
жасау жиһазымен киіз үй жасайтын
болған. Киіз үйдің бұл түрі 
өлі отау
деп аталады.
Тігіпті бас бәйгеге елу бие,
Өлі отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе,
Жабулы қара нарға қалы кілем,
Аты озған болды бір зор олжаға ие 
(Нұрқан Ахметбекұлы).
Л.Будагов сөздігінде тоғыздың құрамына бір немесе екі «жетім»,
«жесір» (бұл сөз бұрын «құл», «күң» дегенді білдірген) атайтынын айта
келіп, кедейлердің беретін тоғызы әлдеқайда жұпыны екендігін
көрсетеді
12
.
Сондай-ақ, тоғыздың құрамына енетін «жанды» мен «жансыз»
үйлесімді болу жағы да ескеріледі. Мысалы, бұзаулы сиыр бастаған
жанды тоғызға жансыздан
қалы кілем
немесе 
алмас қылыш
атау
үйлесімсіз. Қара нарға жансыздан
 қалы кілем, құлынды биеге
жансыздан
тұтас құндыз жарасады
дейді. Ауыз әдебиетінен өзіміз көп естіп
жүрген
 қалы кілем, қара нар 
фразеологизмі осындай салтқа байланысты
айтылса керек.
Үйлену тойы, шілдекүзет, т.б. той-томалақтарда ауылдың алты ауызы
айтылып, меймандар өз кезегінде қонақ кәдесін жасайды. Осындайда
ойын-сауықтың ажары – қайым айтысқа да кезек келеді. Жеңгесі қайын
сіңлісін, апасы сіңлісін ілестіріп, не дос құрбы-қыздар жұптасып алып
қонақ әріптестерімен айтысады. Жеңілген жақ «тоғыз тартуым» деп
торғын орамалдың шетіне күміс жүзік (не күміс теңге) түйіп
жеңгендерге сый-құрмет көрсетеді. Бұл тарту –
тоғыздың
нақ өзі
болмаса да, кәдесі. 
«Орамал тонға жарамайды, жолға жарайды»
деген
сөз орамы осындай орайда қалыптасса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет