Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет70/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476
Құралұлы Бекбол Слайд Сүт өнімдері, Қазақ тілі БЖБ 11 класс, EndoskopicheskayaKhirurgiya 2015 04 076
Одан бері де жылжып жылдар өтті. Қазіргі аулымыз адам
танығысыз. Жасыл желек жамылған кең көшелер, мектеп, клуб – бәрі
де бар. Ауыл сыртындағы қара жолға асфальт төселген. Үстінен үйірлі
жылқы айдаса да шашауына шаң жұқпайды 
(«Қазақ әдебиеті», 1979, 12
қаңтар).
 Кеніште жиырмадан астам комсомол-жастар бригадасы бар.
Солардың дені – тарландар бәйгесінде шашауларын шаң шалмаған
шамшырақтар
( «Лениншіл жас», 1981, 19 маусым). Бұл жерде
авторлардың
шаша
сөзін дыбысталуы ұқсас, мағынасы мүлде басқа
шашау
сөзімен шатастырғаны айқын көрініп тұр.
Шаша
«ат тұяғының
үстін ала өсетін бір шоқ қылшық», ал
шашау
сөзі
шашау шығармады
«шетке шығармады» деген мағынаны білдіретін фразеологиялық
тіркестің тұрақты сыңары.
 Шаша
мен 
шашау
екеуі мүлде екі басқа сөз.
Сондай-ақ
қызғыштай қорғап
(дұрысы
қорып), хабарына кіріп
шықпады
(дұрысы
қаперіне), жер шала, бұлт ала
(дұрысы 
бұлт ала,
жер шола) 
т.б. тәрізді нормадан жөнсіз ауытқулар – фразеологизмдердің
114


құрамындағы лексемаларды өзге бір дыбысталуы ұқсас лексемасымен
шатастырудың салдары.
Алайда көркем шығарма тілінде кездесетін жекелеген сөз
селкеулерін сөз ету ұсақ-түйек нәрседей көрінуі де мүмкін. Дегенмен
мынадай бір мысал келтіре кетейік:
 Шағын алаңға шықтым, анадайдан
бір отар ақтылы қой шашырай жайылып келеді
(Ж.Мусин. Туған
үйдің түтіні. Повесть. «Жұлдыз», 1981, N 5, 58-6)
.
Әдетте
алалы қой
(фразеологизмның толық түрі:
 алалы жылқы, ақтылы қой)
есебіне сан
жетпейтін, мыңғырған қой деген мағынаны білдіреді. Олай болса,
бір
отар қойдың
есебіне сан жетпегені ме?
Тұрақты сөз орамдары әдетте контексте өзге сөздермен мағыналық
үйлесім бойынша байланысқа түседі. Мысалы,
қара құрымдай
деген
тұрақты тіркес «аса көп, құжынаған, сан жетпейді» дегенді білдіреді. Ал
осы фразеологизмді 
«Шаңқай түсте ауылға қарай бір топ атты-жаяу
қара құрымдай қантады»
(Жалын, 1980, № 3) деп қолдану сөздің
контекстегі мағына үйлесімін бұзады (
бір топ атты-жаяудың қара
құрымдай 
болмайтыны белгілі).
Әрине, осылайша бірер қате қолдану шығарманың көркемдік
сапасын ойсыратып кетеді деуден аулақпыз. Бірақ ғимарат келісті болса,
бір кірпіштің қисық түскенінде тұрған не бар деп, сөз селкеулігін елемей
кету мәдениетті сөзге лайық емес. Мүсіншінің негізгі құралы – мәрмәр,
ал суретшінікі – бояу. Алайда мәрмәрді мүсінші, бояуды суретші ғана
қолданса, тілді бүкіл халық болып қолданады. Оның үстіне соңғы
жылдарда 
құрыққа сырық жалғап
дегенді
сырыққа құрық жалғап
деп
инверсия жасау немесе
барар жер, басар тауым жоқ
деп аталатын
тұрақты тіркесті логикаға салып,
басар жерім, барар тауым жоқ
деп
өзгерту,
айрандай аптап
тәрізді тұрақты тіркестердің грамматикалық
тұлғасын
айранын аптап
деп орынсыз түрлендіру,
қапталдан салса,
төске озған
деп жаңсақ қолдану жиілей түсті.
Фразеологиялық сөз орамдарының лексикалық құрамын өзгертудің
контаминацияға жататын тағы бір типі бар. Екі түрлі
фразеологизмдердің кейбір сыңарларын эллипсиске ұшырату арқылы
бір бүтін жасап, тұрақты тіркестің мазмұнын кеңейте жұмсаудың көркем
шығарма тілінде небір сәтті үлгілері бар екені жоғарыдағы тарауда
айтылды. Контаминацияланған фразеологизмдердің мағынасы бір-
бірімен тоғысып, лексикалық құрамдары жымдасып жатуы керек. Ондай
115


болмаған жағдайда контаминация теріс қолданысқа айналады да,
нормадан жөнсіз ауытқуға жатады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет