Нанотехнологиялар


-ТАРАУ ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ СЕНСОРЛАР



Pdf көрінісі
бет89/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
9-ТАРАУ
ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ СЕНСОРЛАР
Техастықтар сиыр, шляпа немесе жеке автомобиль үлкейген 
болған сайын жақсы деп ойлайды. Алайда электроникаға келгенде 
бәрі керісінше: олар барлық кішкене, жылдам және арзан заттарды 
жақсы көреді. Электрониканың барлық жаңа құрылғылары әрқашан 
тұтынушы талаптарына сай болу үшін технологиялар барлық 
шешімдердің инновациялық потенциалдарын қарастыру керек.
Мур заңы
Гордон Мур (ОоМоп Мооге) Іпіеі компаниясын құрардан 3 жыл 
бұрын электронды сызбалардың компоненттерінің тығыздығы әр 18 
ай сайын екі еселеніп отыратынын байқаған. Егер осындай тенденция 
жалғасатын болса, онда олардың тығыздығы бір сызбада 50 компо- 
ненттен 65 мыңға дейін артатынын 1975 ж. айтқан болатын. Бұл тен­
денция сақталды және Мур заңы деп аталынатын болды. 9.1-суретте 
соңғы жылдардағы осы тенденция графигі көрсетілген.
Техникалық өрлеумен қатар экономикалық дамудың да Мур 
заңына сәйкес тенденциясы байқалады. Себебі, күрделі электрондық 
сызбаларды өндіру құны жыл сай екі еселенеді. 2005 ж. күрделі элек­
тронды сызбаның әдеттегі компоненті микропроцессордың мөлшері 
130 нм болған. Іпіеі компаниясы компоненттерінің шамасы шамамен 
65 нм болатын, яғни ені 300 атом тізбегінен тұратын микропроцессор- 
лар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр.
Компоненттердің кішіреюі баяуламайды, алайда, мысалы, ком­
понент мөлшері атом мөлшеріне тең болған кезде шекті мәннің 
өте жақын уақытта алынатыны анық болып отыр. Егер осы шекті 
мәнге қол жеткізілсе, онда адамзат баласы кванттық есептеулер жа- 
сап үйренеді. Бұл жетістікке мамандар бұған 2010 жылы-ақ қол 
жеткізіледі десе, басқалары - 2020-2030 жж. бұрын емес деп жо- 
рамалдап отыр. Болашақта компьютерлердің ұсақ компоненттері 
субатомдық бөлшектерден жасалуы мүмкін.
Қалай болғанда да, жетістіктерге қол жеткізу үшін инженер-


лер наноқұрылымдарды, мысалы, нанотүтікшелерді сымдар ретінде 
қолданып үйрену керек.
Бағдарламалалық қамтамасыз ету жеке бір сұрақ болып отыр. 
Оның қандай болатыны және аса жылдам компьютерлерге қалай 
жүктелетіні де белгісіз.
9.1-сурет. Айналмалы компоненттердің Мур заңына сәйкес өсуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   172




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет