«Наука и образование в современных реалиях»


ӘР ТҤРЛІ ЖАСТАҒЫ КҤРЕСШІ СТУДЕНТТЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет43/143
Дата19.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#132450
түріСборник
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143
Байланысты:
6-.-
семинар 1, титулка, Аиоп лабка3 2, ХАТТАМА
ӘР ТҤРЛІ ЖАСТАҒЫ КҤРЕСШІ СТУДЕНТТЕРДІҢ 
ҚОРҒАНЫСТЫҚ ҚИМЫЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІНІҢ 
ТИІМДІЛІГІН САЛЫСТЫР ОТЫРЫП ДАМЫТУ
доцент Елшиев Б.Т. 
студент Тӛлен А.Б. 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
В данной научной статье описывается развитие умения сравнивать 
эффективность защитных действий и приемов у студентов-борцов 
разного возраста 
Спорттық жетістіктердің жоғарғы деңгейге ӛсуі спорттық ҧйымдарға 
ҥлкен мақсат қойып, спортшыларды жаңаша дайындауды талап етеді. Кӛп 
жылдық спорттық дайындық – спортшылар даярлығының ҧйымдық 
сипатын, тәсілдерді, амалдарының, міндеттерінің алмасып отыруын 
қамтамасыз етіп отыратын тҧтас педагогикалық жҥйе. Ӛз кезегінде 
спортшыларды даярлау дене сапасын тәрбиелеу мен қимыл біліктілігін, 
машық пен дайындықты қалыптастырудың оқыту ҥрдісінде тиімді ҥйлесуіне 
жалпы дене дайындығы (ЖДД) мен арнайы дене дайындығы (АДД) 
қҧралдарының ӛсуіне, жҥктемелерді бірте-бірте арттыру ҥрдісін қатаң 
сақтауға, дене сапаларының дамуын жастық кезеңде қолайлы болатын 
уақыттар негізінде дамытуға негізделген.
Спорттық ізбасарларды даярлау жҥйесінің ҧйымдық қҧрылысы 
спорттық оқу орындарының қызметіне негізделген. Спорттық ізбасарларды 
даярлау жҥйесінің негізгі буындары спорттық бағытта білім беру мекемелері 
оның ішінде, балалар мен жасӛспірімдер спорттық мектептері,
мамандандырылған балалар-жасӛспірімдер спорттық мектептері, жоғарғы 
спорттық мектептері, орта арнаулы оқу орындары, олимпиадалық резерв 
мектептері болып табылады. 
Спорттық іріктеу мен бағыттау мәселесі әлдеқашан ӛз алдына ғылым 
болып саналады. Балалар мен жасӛспірімдердің мҥмкіндіктерін болжай келе 
бапкер алдына талантты тҧлғаларды іздестіру міндетін қояды. Спорттық 
болжауды жетілдіру мәселесі қазіргі таңда ӛз еліміздің де шетелдің де 
мамандары тарапынан ҥлкен проблемалар ретінде қарастырылып отыр.
Қазіргі кезде жинақталған кӛптеген мағлҧматтарға қарамастан, 
талантты спортшыларды іріктеу мен спорттық бағыттау мәселесі әлі 
шешімін тапқан жоқ.


129 
Спорт мектептеріндегі «спорттық» балаларды іріктеудің ғылыми 
негізделген тәсілдері, сонымен бірге, олардың нәтижелерін болжау 
спортшылардың қазіргі дайындық жҥйесінде жаңадан спортқа келгеннен 
бастап халықаралық деңгейдегі спорт шеберлеріне дейінгі ӛсу, ізденіс пен 
даму кезеңдерін басынан ӛткізуде.
Отандық ғалымдардың маңызды ізденістерінің бірі – спорттық 
іріктеудің теориялық негіздерін жасау, кәсіби маңызды қасиеттердің ӛсу 
сипатын, жетілдіру және спорттан кеткен адамның орнын басу 
мҥмкіндіктерін табу болып саналады.
Кез келген адам кәсіби суретші, музыкант, спортшы бола алмайтынын 
тәжірибе ҥнемі дәлелдеп отыр. Ӛйткені мҧндай кәсіптерге қоғам қойған 
талап ӛте қатаң, ал сәтті қызмет етудің алғышарттары ретінде табиғи 
қасиеттер негізгі кӛрсеткіш болып табылады. Осыдан белгілі бір кәсіпте 
мысалы, спортта спорттық әрекетіне қатысты дарында адамдарды іздеудің 
толық қамтылған қҧралы ретінде іріктеу жҥйесін ғылыми негіздеу және 
ҥнемі жетілдіру мҧқтаждығы туады.
Дайындықтың әрбір кезеңінде іріктеудің неғҧрлым ақпараттық жағын 
іздестіру маңызды және спорттық жарамдылықты бағалауға кешенді тҥрде 
кірісу қазіргі уақыт талабы болып табылады.
Спортқа жаңадан келген баланың мҥмкіндіктерін анықтау ҥшін дене 
сапасы дамуының алғашқы деңгейін білумен қатар оқыту ҥрдісіндегі 
қалыптасқан кӛзқарастарды да ӛзгерту қажет болады.
Балаларға берілетін жҥктеменің кӛлемі мен қарқындылығын анықтау, 
жаттықтыруды әртҥрлі амалдар мен тәсілдерді қолдану арқылы
педагогикалық жаңа жолды іздестіруді қажет етеді. Белгілі бір сапа мен 
дене қабілеттердің дамуы ҥшін қолайлы мезгілдерді ӛткізіп алмау маңызды
болып табылады.
 
Қазақстан елі болашақта әлемдегі спорты дамыған елдер қатарына 
енуге арналған ҥлкен жҧмыстар атқаруда, оған дәлел ретінде елімізде ӛтіп 
жатқан және болашақта ӛтетін ҥлкен жарыстарды атауға болады. Оларға 
2011 жылы қысқы Азия ойындарын ӛткізу қҧқына ие болуы еліміздің спорт 
саласында танымал ел қатарына енуінің бір кӛрінісі болып табылады. 
Сонымен қатар, ҚР туризм және спорт министірлігінің 2009-2010 жылдарға 
арналған Стартегиялық жоспарында кӛрсеткендей бҧқаралық және 
балалар мен жасӛспірімдер спортының нашар дамуы, қазіргі заманғы 
талаптарға жауап беретін ғылыми базаның болмауы, спорт саласында білікті 
мамандардың жетіспеуі кедергі болып отырғандығы кӛрсетіледі. 
Жоғары 
шеберлік 
спортында 
республиканың 
жетекші 
жаттықтырушыларының кӛпшілігі орта жаста, ал олардың орнын толық 
ауыстыратын мамандар жоқ. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жалпы 
білім беру мектептерінде 25 %-ның дене шынықтыру мҧғалімдері жоқ, 
балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептерінің оқытушылық қҧрамының 30 
% - ның арнаулы білімдері болмауы, жҧмыстың сапалы болуына кері әсер 
етуде деп кӛрсетеді .


130 
Спорт саласы жоғары бәсекелі болып табылады және оқу-жаттығу 
ҥрдісін ҧйымдастыру, спортшылардың дене-кҥш мҥмкіндіктерін арттыру, 
оларды оңалту және қалпына келтіру әдістемелерін жетілдіру негізгі 
проблемалар болып табылады.
Қазіргі спорт мектептеріндегі Кеңес Одағы кезіндегі Бҥкілодақтық 
дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983–85 жылдары әзірлеген 
бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жҧмыс істеп келеді. Қазақстан 
ӛзінің ғылыми базасын қҧрмай, бҥгінде заманауи ғылыми әдістемелерсіз 
қалып отыр. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт 
тҥрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мҥмкін болмай отыр, ал ол 
спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың 
жҥйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр» деп қазіргі балалар 
мен жасӛспірімдер спортындағы кемшіліктерді кӛрсетеді. Жоғары дәрежелі 
спортшы дайындау кӛп жылға созылатын, ҥлкен ҧйымдастырушылық 
жҧмысты қажет ететін тҧтас педагогикалық жҥйе. Ӛз кезегінде спортшыны 
даярлау алдымен спорт тҥріне қабілеті бар адамды іріктеуден басталады.
Спорттық шеберлікті арттыру мақсатында дайындықтың әр кезеңіне 
арналған оқу-жаттығу сабақтары ӛткізіліп жарыстар кҥнтізбесі жасалады. 
Спортшы ізбасарларды даярлау білім беру мекемелері және спорттық 
мектептерде, клубтарда, спорттық колледждерде, спорттық интернаттарда 
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» заңына сәйкес 
іске асырылады. 
Осы заңның 21-бабында спортшы ізбасарларын даярлау тарауында, 
спорт резервін даярлау оқу-жаттығу ҥрдісі кезеңінде оқу-жаттығу бағдар-
ламаларының және оқу жоспарларының негізінде жҥзеге асырылады.
Оқу-жаттығу ҥрдісі спортшыларды даярлаудың мынадай кӛпжылдық 
кезеңдеріне бӛлінеді: 
1) спорттық-сауықтыру; 
2) бастапқы даярлық; 
3) оқу-жаттығу; 
4) спорт шеберлігін жетілдіру; 
5) жоғары спорт шеберлігі. 
Оқу-жаттығу ҥрдісін ҧйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық іс-
шараларды ӛткізуді, спортшыларға медициналық қызмет кӛрсетуді, оларды 
тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларға бару жолын, 
сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт қҧрал-сайманымен және 
жабдығымен қамтамасыз етуді қамтиды. 
Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ҧйымдарында және 
балалар-жасӛспірімдер спорт ҧйымдарында жҥргізіледі» деп кӛрсетілген . 
Қазақстан балуандары басқа спорт тҥрлерімен салыстырғанда 
олимпиадалық ойындарда жҥлделі орындарды алу жағынан алда келе 
жатқанымен шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі, қҧрама сапында әр 
салмақ дәрежесі бойынша дарынды ізбасарлардың аз болуы байқалады
әсіресе ауыр салмақ балуандары қатарында. Осы кемшіліктердің бір себебі 


131 
ретінде біз спорттық мектептердегі дарынды балаларды табу, іріктеу 
жҧмыстарының жан-жақты болмауы деп білеміз.
Жоғарыда 
кӛрсетілген 
Мемлекеттiк 
бағдарлама 
«Қазақстан 
Республикасында бҧқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға 
арналған мемлекеттiк бағдарламасының» қисынды жалғасы болып 
табылады, оны iске асыру дене шынықтыру-спорттық ҧйымдарының және 
республиканың жергiлiктi атқарушы органдарының бҧқаралық спортты 
дамытуға, салауатты ӛмiр салты қағидаларын қалыптастыруға, халықаралық 
дәрежедегi спортшыларды және спорт резервiн даярлауға назар аударуына 
мҥмкiндiк бердi. 
Бағдарламаны iске 
асыру 
нәтижесiнде, республикада 
дене 
шынықтырумен және спортпен шҧғылданушылар саны 24,1 пайызға ӛстi, 
бҧқаралық дене шынықтыру-спорттық іс-шараларын ӛткiзудiң саны едәуiр 
артты, қалалық спартакиадаларды, оқушылардың спартакиадасын және 
студенттiк универсиадаларды ӛткiзу қайта қолға алынды. Балалар мен 
жасӛспiрiмдер спорт мектептерiн, олимпиада резервi желiсi мектептерiн 
қысқарту тоқтатылды. Қазiргi уақытта, республикада 425 спорт мектебi 
жҧмыс iстейдi, оларда 404421 мың балалармен жасӛспiрiмдер 
шҧғылданады.
Барлық спорттық кҥрес тҥрлерінің ҚР спортшыларының арасындағы 
орташа пайыздық кӛрсеткіші 6,5 % тең, ал жаттықтырушы бапкерлер 
кӛрсеткіші 6,4 % тең екендігі белгілі болды. 
Сонымен бiрге, спорт базаларының жағдайы, республикадағы мектеп 
жасындағы балалардың 7 пайызына ғана сабақтар ҧйымдастыруды 
қамтамасыз ету мҥмкiндiгi бар. Балалар-жасӛспiрiмдер спорт мектебi 
желiсiнiң жеткiлiксiз дамытылуы, жоғары бiлiктi жаттықтырушы-
оқытушылардың 
тапшылығы 
халықтың 
әсiресе, 
балалар 
мен 
жасӛспiрiмдердің дене жаттығуларымен шҧғылдануға сҧранысын толық 
қанағаттандырмайды 
әсіресе 
ауылдық 
жерлерде. Сапалы 
қҧрал-
жабдықтармен жарақтандырылған қазiргi заманғы спорт объектiлерiнiң, 
олимпиадалық 
даярлық 
орталықтарының 
және 
спорт 
резервi 
орталықтарының болмауы елдегi спорт резервiн даярлау мен спорт 
шеберлiгiн арттыруды тежеп отыр. 
Дене шынықтыруды және спортты одан әрi дамыту, спорт резервi мен 
халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау халықаралық спорт 
ҧйымдарының жылдам ӛзгерiп жатқан талаптарын ескере отырып, оқу 
жаттығу ҥрдісін және бҧқаралық дене шынықтыруды ҧйымдастыруда жаңа 
кӛзқарасты талап етедi. 
Қазақстанда қазір 425 спорт мектептері жҧмыс жасайды, жаттығу 
сабағына қатысатын балалар саны 404421, олармен 7717 жаттықтырушы 
жҧмыс атқарады. Республикада дене тәрбиесі және спорт саласында 
кӛптеген пайдалы шаралар қолға алынып келе жатқандығымен қатар, 
спорттық мектептердегі атқарылып жатқан жҧмыстардың тиімділігін 
арттыру мақсатында, жаңа ғылыми-әдістемелік ҧсыныстарды кӛптеп енгізу 
қажеттігі туралы Қазақстан Республикасының туризм және спорт 


132 
министрлігінің Бейжін ( Қытай 2008 ) олимпиадасынан кейінгі қорытынды 
есебінде айтылды . 
Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесі мен спорттың 
әлеуметтік-экономикалық қайтарымын зерттеген п.ғ.к., профессор М.Н. 
Кошаевтың еңбегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы 60
эксперттің жауаптарында дене шынықтыру және спорттың әлеуметтік 
экономикалық жағдайының тӛмендігіне келесі факторлардың әсер 
ететіндігін кӛрсетеді: 
1.
Дене шынықтыру және спорт саласының статусының тӛмендігі; 
2.
Осы саланың ғылыми-әдістемелік тҧрғыдан нашар қамтамасыз 
етілуі; 
3.
Қазақстан Республикасы боынша спорттық кешендер мен қҧрал 
жабдықтардың жетіспеуін кӛрсетеді [40]. 
Осы факторлардың ішінде бізге маңыздысы спорт мектептеріндегі 
жҧмыстардың ғылыми әдістемелік тҧрғыдан нашар қамтамасыз етілуі.
Ресейлік зерттеушілер В.Н. Попов, А.С. Захаров, С.П. Малютин, Е.А. 
Фурманов Қиыр Шығыстағы дене тәрбиесі және спорт мәселесінің дамуын
зерттей келе спорт мектептеріндегі іріктеу жҧмыстарының болашағы туралы 
ӛз пікірлерін тӛмендегідей тҧжырымдайды. Омскі қаласындағы дене 
шынықтыру институтында осы мәселеге байланысты 1965 жылдан бастап 
зерттеу жҧмыстары жҥргізіліп арнайы Консепция қабылданғандығын онда 
әрбір жаттығушы жеке мҥмкіндігін ескере отырып, ең тиімді деген дене 
тәрбиесі амалдарын ҧсынуға мҥмкіндік туғандығын, ондағы басты мәселе 
спорттық қабілеттілікті бағалау және жасӛспірімді жекелеген спорт 
тҥрлеріне іріктеудің мәселелерін қарастырған. Осы зерттеулер нәтежиелерін 
спорттық мектептерде қолдану ізбасарлар даярлауда маңызды екендігін 
кӛрсетеді . 
И.А. 
Афанасьеваның 
«Таэквондошыларды 
жаттықтырудағы 
генетикалық ерекшеліктерін ескереотырып оларды спорттық іріктеу» атты
еңбегінде спорттың ҥлкен жетістіктерін сараптау спорттық іріктеудің 
тиімділігі мен сәтті кӛрсетілімдерін болжау қазіргі талаптарға сай емес 
екенін кӛрсетеді. Ресей спортшылары нәтижелерінің болжамы 40-60% ғана 
орындалады. «Мҧндай жағдайда жаттықтырушылар мен спортшылардың 
еңбектері далаға жҧмсалып, дене тәрбиесінің қоғамдағы әлеуметтік 
мақсатын тӛмендетеді, тіпті кей жағдайда спортшыларда патологиялық 
қҧбылыстардың пайда болуына әкеледі» деп кӛрсетеді.
Сонымен қатар, қоғамның қазіргі даму кезеңінде спорттық 
жаттықтырудың теориясы мен әдістемесінде сәтті қолдануға болатын 
генетикалық зерттеулер қолға алынып жатыр. Алайда, спорттың жекпе-жек 
тәжірибесінде, оның ішінде спорттық кҥреске іріктеу кезінде генетикалық 
факторлар аз ескеріледі. Тҧқым қуалаушылықтың адам ағзаның дамуына, 
жетілуіне және қызмет етуіне ықпалы әсіресе жастық шақта білінеді. Тіпті 
ол спорттық әрекеттің қайсыбірінде болса да іріктеудің алғашқы
кезеңдерінде зор маңызға ие деп тҧжырымдайды. 


133 
О.П. Юшков, В.П. Сердюк «Еркін кҥрестегі алғашқы оқыту» атты 
еңбектерінде
«
Сауалнамалық сҧрақтарды талдау кӛрсеткендей, ҥйірмеге 
қабылданатын балалардың жас шамасы 10 мен 12 жас аралығында. Бҧл 
спорт мектепбі бағдарламасы ҧсынғаннан едәуір тӛмен жас. 
Жаңадан келгендерді топтарға жинақтауда жаттықтырушылар бҧрын 
акробатикамен, спорттық гимнастикамен, спорттық ойынмен айналысқан 
балаларды алғысы келеді. Жаттықтырушылардың бір бӛлігі (11%) ҥйірмеге 
бҧрын спортпен айналыспаған, былайша айтқанда таза балаларды алады. 
Олар бҧл амалдарын былай тҥсіндіреді. Басқа ҥйірмеден келген балалар 
қиындық тҥсіп, қиналғанда қайтадан басқа ҥйірмелерге қашып кетеді» деп 
кӛрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет