Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі


Бірлігі жарасқан білім ордасы



бет3/3
Дата17.05.2023
өлшемі20,07 Kb.
#176981
1   2   3
Байланысты:
Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі.
Ұзақ, Ұзақ, 1525489834, 7777, академ.9сож, 1517121010, ENT IK Po temam Avtosokhranenny, transfer-receipt-13 12845819419, 1 е сабақ кестесі
Бірлігі жарасқан білім ордасы.

ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры. Сондықтан да жалпы білім беретін орта мектептерде білім алудың жолдары жан-жақты қарастырылған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында еліміздің болашақта бәсекеге қабілетті елдердің қатарында болуын мақсат етіп отырғаны баршамызға аян.


«Болашақ – жас ұрпақтың» қолында десек, сол жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беруде ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің ұстаздары аянбай еңбек етіп келеді. Мектеп оқушылары мен ұстаздардың пәндік олимпиадалар мен түрлі байқаулардан алған жүлделі орындары ұстаз еңбегінің жемісі деп білеміз.
Мектеп ұжымының ұйтқысы болып отырған Нұржауған Жанатауқызы алдыңғы басшылардың жолын жалғап, ұжым ынтымағын сақтап, белсенділігін арттырып отыр.
Нұржауған Жанатауқызы кішіпейілдігімен, ақкөңілдігімен көпшіліктің көңілінен шыққан жан. Сондай-ақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Маншук Ғарифуллақызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жұлдыз Төлегенқызы мен Әсел Маратқызы, аға тәлімгер Жанаргүл Мералықызы, әдлеуметтік педагог Айгерім Сайынқызы, психолог Нұрбану Садыққызы және мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Гүлсім Даутелқалиқызы сынды мектеп әкімшілігі де игілікті істердің бастамасын көтеріп, ұжым жұмысын алға жетелеп келеді.
2016-2017 оқу жылы біздің мектебіміз үшін ерекше жыл болды. Өйткені облыстық білім саласын бақылау департаментінің жоспарына сәйкес қараша айында аттестациядан жоғары деңгейде өтіп, аудан мектептері арасында «Үздік мектеп - 2016» атағын жеңіп алып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Оқушылардың интеллектуалдық танымын арттыру мақсатында оқу жылының басында дарынды оқушылармен жұмыс жоспары құрылған. Сол жоспарға сәйкес жұмыстар жасалынып, оқушылардың аудандық пән олимпиадасымен көптеген аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектеп мұғалімдерінің жекелеген оқушыларға жетекшілік ете отырып, оларға ізденіспен, шығармашылықпен жұмыстануға баулуларының нәтижесінде облыс, республика көлемінде оқушылардың жұмыстары таратылды.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, болашақ ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беруден еш аянбайтын ұжымның асар асуы әлі алда.

Жармуханбетова Улболсын Койжановна


ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені КММ-нің кітапханашысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет