Наурыз барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды



Дата02.03.2023
өлшемі12,43 Kb.
#170832
Байланысты:
Наурыз
сынып сагат хд

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Мен отбасыммен бірге Наурыз күні қаланың орталық алаңында өткізілетін іс-шараларды тамашалаймын. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары (қыз қуу, бәйге, көкпар)ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет