¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Шуыл түрлері мен оларды бағалау



Pdf көрінісі
бет23/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
2.4.2. Шуыл түрлері мен оларды бағалау 
Шуыл
– жалықтырғыш және жағымсыз дыбыс ретінде 
қабылданатын жиілігі мен интенсивтілігі әртүрлі дыбыстардың 
жиынтығы. 
Өндірістік шуылды келесі белгілер бойынша классификациялайды: 
пайда болу табиғаты, спектр сипаты, шуыл деңгейлерінің уақыт және 
жиілік аралығында таралуы бойынша. 
Пайда болу табиғаты
бойынша өндірістік шуыл соққылық
механикалық және аэродинамикалық болып бөлінеді. 
Соққылық шуыл
штамптау, шегелеу және соғу кезінде, механикалық шуыл машиналар 
мен механизмдер жұмысы кезінде пайда болады. 
Аэродинамикалық 
шуыл
құрылғылар, құбырлар, турбиналар, желдеткіштер жұмысы 
кезінде болады. 
Химиялық өнеркәсіпте механикалық және аэродинамикалық шуыл 
кең таралған. 
Спектр сипаты бойынша
шуылдар кең қуысты және жіңішке 
қуысты болады. 
Шуыл сирек бір жиіліктен тұрады, көбінесе оған жиіліктер үйлесімі 
кіреді. Олар кең қуысты (жиіліктердің кең диапазонынан тұрады) және 
жіңішке қуысты немесе тональды (бірнеше жиіліктен ғана тұрады) 
болады. Шуылдың жиілікті құрамы 
спектр
деп аталады. 


48 
Шуылдардың жиілікті құрамын қабылдаудың физиологиялық 
ерекшелігі есту қабілеті жиіліктің абсолютті емес, салыстырмалы 
артуын сезеді: тербелістер жиілігінің екі есе артуы дыбыстық октава деп 
аталатын белгілі бір шамасына артуы ретінде қабылданады. Сәйкесінше, 
октава – жоғарғы шек төменгі шектен екі есе көп болатын жиіліктер 
диапазоны. 
Шуылды гигиеналық бағалау кезінде оның интенсивтілігі (күші) 
мен құрамына кіретін дыбыстардың спектрлі (жиілікті) құрамын 
өлшейді. 
Шуылдың таралуы дыбыстық толқын көмегімен жүзеге асады және 
энергия тасымалдануымен қатар жүреді.
Уақыт бірлігіне бет бірлігі арқылы берілетін дыбыстық энергия 
дыбыс интенсивтілігі (I) деп аталады және 1м
2
-ге шаққандағы ваттпен 
(Вт) өрнектеледі. Ауруды сезіну шегіне сәйкес дыбыс интенсивтілігі 
1000 Гц жиілікте 10

Вт/м
2
-ге тең, ал естілу шегіне сәйкес дыбыс 
интенсивтілігі 10
-12 
Вт/м
2
-ге тең. Бірақ мұндай шамаларды тәжірибе 
жүзінде қолдану ыңғайсыз, өйткені естілетін интенсивтілік мәндерінің 
диапазоны өте үлкен. Сонымен қатар дыбыстық энергияның 10 есе 
артуы немесе шуылдың интенсивтілігін өлшеу үшін логарифмді мән 
қолданылады, ол бел (Б) немесе децибел (дБ) деп аталады. Бастапқы мән 
0 ретінде дыбыстық энергияның естуге шекті мәні 10
-12 
Вт/м

алынады. 
Ол 10 есе артқанда (10
-11 
Вт/м
2
-ге дейін) дыбыс екі есе жоғары дауысты 
қабылданып, оның интенсивтілігі 1Б болады. Бірақ есту қабілеті 
дауыстың күшеюін ғана емес, оның азаюын да қабылдайды, сондықтан 
өлшеулер кезінде белдан 10 есе төмен бірлікті, яғни децибелді 
қолданады. Сөйтіп, абсолютті мәнді емес, дыбыс интенсивтілігінің 
деңгейін бағалайды. Ол келесі формуламен есептеледі: 
L
I
=10lg(I/I
0

Мұндағы I – таралушы дыбыстық толқындағы дыбыс 
интенсивтілігі, Вт/м
2
; I
0
=10
-12 
Вт/м
2
– төменгі шек, яғни есту шегіне 
сәйкес келетін дыбыстық энергия мәні. 
Дыбыстық толқын әуе кеңістігінде таралғанда дыбыстық өрістің 
әрбір 
нүктесінде 
кезектесіп 
сығылу 
және 
ток 
разрядталу 
деформациялары жүреді. Атмосфералық қысым мен дыбыстық өрістің 
берілген нүктесіне қысым арасындағы айырым дыбыстық қысым (р) деп 
аталады. Адам құлағы дыбыстық қысымы р=2-10
5
шуылды қабылдайды. 
Дыбыс интенсивтілігінің деңгейі дыбыстық қысыммен келесі 
арақатынаспен байланысты: 
L
р 
= 20lg(р/р
0
), 


49 
Мұндағы, р – дыбыстық қысым, Па; р

- шекті дыбыстық қысым, ол 
2·10
5
– не тең. 
2.8 сурет. Дыбысқа сәйкес қисықтар
Децибел шкаласын қолданудың кемшіліктері бар: дыбысты бұл 
шкала бойынша бағалау дауыс туралы толық мәлімет бере алмайды. 
Бұл әр түрлі жиілікті, бірақ бірдей күшті дыбыстар есту қабілетіне 
бірдей дауысты болып естілмейтіндігіне байланысты. Сондықтан 
шуылды физиологиялық бағалау үшін, әр түрлі жиіліктегі дыбыстарды 
есту мүшесінің субьективті сезу қабілетіне байланысты зерттеу 
нәтижелерінен алынған дауыс қисықтарын пайдаланады (2.8 сурет).
Дауыс деңгейін фонда өлшейді. Қандай да бір дыбыстың дауысын 
1000 Гц жиілігі бар – эталонды дыбыспен (2.8 сурет) салыстыра отырып 
анықтауға болады. 1000 Гц жиілікте дауыс деңгейі дыбыс деңгейіне тең 
деп алынады. 
Жиіліктері бойынша шуылдар төмен жиілікті (20-350 Гц), орташа 
жиілікті (500-1000 Гц) және жоғары жиілікті (800 Гц) болып бөлінеді. 
Төменгі жиілікті шуылдарға, мысалы, желдеткіш шуылы, мотор дүрілі 
жатады. Машиналар, станоктар шуылы орташа жиілікті шуылдар болып 
табылады. Ал, сыңғырлағыш, қыжылдағыш, ызылдағыш дыбыстар 
жоғары жиілікті шуылдарға жатады. 


50 
Уақыттың сипаттамалары бойынша шуылдар тұрақты (дыбыс 
деңгейі 8 сағаттық жұмыс кезінде 5 дБ-дан аз өзгереді) және тұрақсыз (5 
дБ-дан артық өзгереді) болып бөлінеді. 
Тұрақсыз шуыл уақыт аралығында өзгеретін шуыл, дыбыс деңгейі 
сатылы түрде 5 дБ-ға өзгеретін үзілмелі шуыл (дыбыс деңгейі тұрақты 
болатын интервалдар ұзақтығы 1с) және әрқайсысының ұзақтығы 1с бір 
немесе бірнеше дыбыстық сигналдан тұратын импульсті шуыл болып 
бөлінеді. Импульсті шуыл ағзаға ең жағымсыз әсер тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет