¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет9/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
Экономикалық тәуекел – 
қарастырылып отырған қызмет 
түрлерінен алынатын пайда мен зиянның қатынасымен анықталады. 
Техникалық жүйелердің қауіпсіздігінің экономикалық мүмкіндігін 
арттыру шексіз болмайды. Техникалық жүйелердің қауіпсіздігін шексіз 
арттыру өндірістің әлеуметтік ортасына зиянын тигізеді, яғни, арнайы 
киімдер, медициналық қызмет және тағы басқа қызметтерге жетіспеуі 
мүмкін.
 
Техникалық тәуекелді болдырмайтын қондырғыларға шығын 
көп жұмсалған жағдайда, әлеуметтік шығында артады. Техникалық және 
әлеуметтік ортада арасындағы инвестиция оптималды болған кезде 
сомалық тәуекел минималды болады. Бұл жағдайды мүмкін болатын 
тәуекелді таңдағанда ескерген дұрыс. Жалпы дүниежүзілік стандарттар 
бойынша техникалық қауіптерден орынды тәуекел 10
-7
– 10
-6
(1 адамға 
бір жылдағы өлімге әкеліп соққан жағдайлар) тең деп қабылданады. Бұл 
шама кәсіпорындарда өрт, радиациялық қауіпсіздіктің орынды деңгейін 
анықтау үшін қабылданады.
 
Қауіпсіздік және тәуекел ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты 
ұғымдар. Тәуекелді қауіпсіздік бойынша сараптамасы халықтың
аймақтың және қоршаған ортаның объектілер қауіпсіздігінің шамалау 
ықтималдылығы, сонымен қатар жарылыс, өрт, химиялық және 
радиациялық объектілердегі қауіпсіздігін бір деңгейде ұстау және 
сақтау. 
ХХІ ғасырда адамға, қоғамға, мемлекетке және техносферада 
реттелетін және басқарылатын барлық адамзат өркениетке тиетін 
тәуекел мен зардаптың мөлшерін төмендету ең басты мәселе болып 
отыр. Техногенді сфераның жалпы қауіптілік дәрежесінің артуы екі 
бірін-бірі толықтыратын және бәсекелесетін түрдегі қауіпсіздіктің 
техногенді сферасындағы – техногенді және технологиялық негізде даму 
керек. 
Техногенді қауіпсіздіктің жоғарылауы және қамтылуы техногенді 
апаттар мен қопарылыс болған кезде техногендік сфераның жылдам 
дамуы немесе дәрежесінің сақталуы болу керек. Техногенді апаттар мен 
қопарылыстардың өздігінен төмендеуі екі немесе оданда көп кері 
әсерлердің болмауын талап етеді – үздіксіз жыл сайын апаттық және 
қопарылыстық жағдайлардың жоғарылау ықтималдылығы (3-10 %) және 
бір уақытта жыл сайын апаттар мен қопарылыстардың шығынының 


16 
артуы (2-6 %). Тіпті ішкі өнім 3-5 % артқанның өзінде бұл көрсеткіштер 
еліміздің экономикалық тұрғыда өсуіне кедергі келтіреді. 
Технологиялық қауіпсіздіктің өсуі мен қамтылуы рационалды және 
мемлекеттік реттеудің шекті технологияның жылдам дамуын, 
технологиялық саябақтың жаңаруы мен өсуін, еліміздің азаматтық және 
қорғаныс кешендеріне өндірістік өнім көлемін арттыруды талап етеді. 
Техногенді қауіптіліктің өсуі өндірістік ортаның қауіпті және 
зиянды факторлардың өсуімен бірге жүреді. Қазіргі заманғы техникалық 
қондырғылар энергияға қанық және автоматтандырылған. Бірақ осыған 
қарамастан адам өндірісті жүргізеді, басқарады және техникалық 
жүйелер мен технологиялық үдерістерді басқарады.
Практикалық мақсатта еңбек жағдайларын бағалау және еңбек 
қауіпсіздігін жобалау ұжымдарында ықтимал көрсеткіштерін қолдану 
ыңғайсыз, сол себепті өндірістің әртүрлі қауіпті және зиянды 
факторлардың адамға кері әсер ету көрсеткіштері ЕҚСЖ белгілі 
стандарттарымен (еңбек қауіпсіздігінің стандарт жүйесі), гигиеналық 
және санитарлы нормалармен, еңбекті қорғау және басқада нормативті-
хұқықтық акті ережелерінің нормативті мәндерімен анықталады: 

Жұмыс аумағындағы кеңістікте зиянды заттардың шекті мөлшерлік 
концентрациясы (ШМК), мг/м. Мысалы адамдар тұрақты болатын 
ғимараттағы көміртек оксидінің ШМК 20 мг/м тең болады; 

Жұмыс орнындағы (энергетикалық факторлар, сәулелер, токтар және 
тағы басқалары) фактордың шекті жіберілетін дәреже (ШЖД). 
Мысалы цехтағы ШЖД дыбыс дәрежесі 80 дБа тең; 

Технологиялық үдерістердің, микроклиматтардың параметрлерінің 
шектік мәндері (диапазон). Мысалы ауырлығы орташа жұмыс істелу 
кезіндегі жылдың суық периодында тұрақты жұмыс орнында 15 
басталып 21
0
С температура болу керек; 

Жұмыс орнында сақталатын материалдардың және заттардың шекті 
жіберілетін саны. Мысалы, жұмыс орнындағы жеңіл тұтанатын 
сұйықтықтардың мөлшері ауыспалы нормадан аспау керек; 

Қауіпті объектіге дейін қауіпсіздіктің минималды қашықтығы 
(қозалатын жүк немесе қондырғы бөлшегі, электромагнитті немесе 
басқада алаң көздері). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет