Не сертификаттау


II Халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын қолдану. Стандарттау әдістері



бет9/77
Дата20.06.2020
өлшемі234,42 Kb.
#74118
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77
Байланысты:
Стандарттау және оку куралы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
II Халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын қолдану. Стандарттау әдістері.
Халықаралық стандарт- стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт (Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 9 қарашасындағы «Техникалық реттеу туралы» Заңы).

Халықаралық стандарттар құрамындағы адамдардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ақпараттың құндылығы арқасында елдер арасындағы сауданы кеңейтуге арналған негізгі құжаттар болып табылады.

Халықаралық стандарттаудың басты идеясы болып жасалып қойған ұлттық стандарттардың негізінде халықаралық стандарттар әзірлеп, оларды ұлттық деңгейде жүзеге асыру табылады. Сондықтан да халықаралық ұйымдардың техникалық комитеттері бар ұлттық стандарттарға әсер ету үшін кеңестер дайындады. Алғашқы кеңестер («Өнеркәсіптік өлшемдер үшін стандартты анықтамалық температуралар») 1951 жылы пайда болды, ал 1957 жылы ИСО-ның онжылдығында барлығы 57 кеңестер болды. Бірақ, осыған қарамастан кәсіпорындар оларға тәуелсіз халықаралық стандарттар ретінде жүгіне алмады. Осыған байланысты, халықаралық стандарттарды қабылдауға бағдар алған жұмысты қайта құру басталды.

Стандарттау саласындағы негізгі жүйе құратын беделді халықаралық ұйымдар:

- Халықаралық стандарттау ұйымы, ИСО (International Organization for Standardization, ISO) – әлемнің 169 елін[1]біріктіретін халықаралық стандарттау ұйымы. ИСО басты мақсаты – халықаралық сауданы дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін халықаралық стандарттар жасау. ИСО стандарты – ИСО мүше-комитеттері арасындағы келісім нәтижесі, оның өзін жеке қолдануға болады немесе әр түрлі елдердің ұлттық стандарттарына енгізу арқылы қолдануға болады.

Халықаралық әлектро-техникалық комиссия, МӘК (International Electrotechnical Comission, IEC) – әлектрлік, әлектрондық және соған байланысты технологияларды стандарттайтын халықаралық коммерциялық емес ұйым. МӘК ұлттық стандарттау қызметтерінің өкілдерінен құралған, қазіргі кезде оның құрамына 76 аса елкіреді. Ұйымның басты мақсаты – әлектротехника және радиотехника саласында халықаралық стандарттар мен басқа да құжаттар әзірлеу арқылы стандарттау және соған байланысты мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

Халықаралық әлектр байланысы одағы МСӘ (International Telecommunication Union, ITU) – телекоммуникация және радио саласындағы кеңестерді анықтайтын және радио радиожиіліктерін халықаралық пайдалану (радиожиіліктерді бағыттары боййынша және елдерге бөлу) мәселелерін реттейтін халықаралық үкіметаралық ұйым. МСӘ құрамына 193 елжәне салалар мен (ғылыми-өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік және жеке меншік байланыс операторлары, радиомен хабар беретін компаниялар, аймақтық және халықаралық ұйымдар) қауымдастықтардан 700 аса мүшелер кіреді. Стандарттар, (МСӘ анықтамасы бойынша нақтырақ айтсақ міндетті түрде емес болып табылады, бірақ кең қолдау табады, себебі байланыс желілері арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетеді жәнепровайдерлерге дүние жүзі бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Стандарттау бойынша жұмыстарды техникалық комитеттер орындайды, сонымен қатар белгілі бір мәселелерді шешу үшін техникалық комитет аясында подкомитет немесе жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

Осы ұйымдаржың мақсаты халықаралық тауар алмасуды жеңілдету үшін, сонымен қатар интеллектуалдық, ғылыми, техникалық және әкономикалық қызмет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін әлемдік ауқымда стандарттаудың дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Стандарттаудың әлемдік ауқымда дамуын айқындайтын негізгі факторлар болып табылатындар:

- нарықтың жаһандануы;

- өнеркәсіптік техникалық интеграцияның күшеюі;

- техникалық прогрестің жылдамдауы;

- әлемдік сауда көлемдерінің өсуі;

- бәсекелестіктің өсуі;

- өнімнің жаңалану циклының қысқаруы;

- қызмет саласында жалпы ұлттық өнімнің өсуі;

- қоршаған ортаны қорғаумен байланысты аспектілердің көбеюі;

- өнімді қолданудан зиян шегу тәуекелінің төмендеуі.

Сонымен қатар, стандарттауды дамытудың басты стартегиялық бағыттарына келесілер жатқызылды:

- әкономиканың әр түрлі салаларында стандарттардың қажеттілігіне талдау жасау;

- басым бағыттарды анықтау;

- тұтынушыларды тиімдірек қанағаттандыру;

- жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланыстарды кеңейту;

- қызмет саласындағы стандарттаудың дамуы;

- ақпараттық технологияларды қолданудың кеңеюі.

Қазіргі таңда «ғасырдың жаһандық мәселелерін» шешудегі ИСО/МӘК -ң маңыздылығын артық бағалау қиын. Көптеген елдердің гылыми-техникалық тәжірибесін жинақтаған стандарттар халықаралық тауар алмасудың нысаны болып табылатын өнімге құрамдас бөліктердің алмастырушылығын қоса алғанда қойылатын талаптардың талаптардың бірегейлігін, өнім сапасынын сынау және бағалаудың бірегей тәсілдерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Халықаралық стандарттар ұлттық деңгейде кең таралған және оны өнім дайындаушылар, сауда ұйымдары, сынақ зертханалары, мемлекеттік органдар басқа да мүдделі тараптар қолданады. Бұл стандарттар әдетте жетекші өнеркәсіптік мекемелердің, тұтынушылардың, ғылыми-зерттеу мекемелердің және реттеуші органдардың озық тәжірибесін әлемдік ауқымда қамтып көрсетеді және көптеген елдердегі жалпы талаптарды қамтиды, олар саудадағы техникалық кедергілерді жоюдағы маңызды талаптардың бірі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет