Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



бет6/6
Дата12.03.2018
өлшемі0,73 Mb.
#39095
1   2   3   4   5   6

  • 9-сынып:

    Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

    Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

    Оқыту мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті

    1-тоқсан

    1-бөлім: Мәңгілік Ел- мұратым



    Тыңдалымжәнеайтылым

    9.1.1.1 - мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;

    9.1.3.1 - тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;



    Оқылым

    9.2.2.1 - қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

    9.2.5.1 - мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;



    Жазылым

    9.3.2.1 - мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

    9.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу;



    Әдеби тіл нормасы

    9.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;

    2-бөлім: Жаһандану мәселелері


    Тыңдалым және айтылым

    9.1.2.1 - қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас,монография, мақала, Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;

    Оқылым

    9.2.1.1 - тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;

    9.2.3.1- мақала, аннотация, презентация, тұжырымдамалар, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;



    Жазылым

    9.3.1.1 - жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;

    Әдеби тіл нормасы

    9.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;

    2-тоқсан

    3-бөлім: Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО -2017

    Тыңдалым және айтылым

    9.1.4.1 - мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

    Оқылым

    9.2.1.1 -тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу.

    9.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;



    Жазылым

    9.3.6.1 - жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау;

    Әдеби тіл нормасы

    9.4.4.3 - лексикалық стилистика заңдылықтарын дұрыс қолдану;

    4-бөлім: Адам құқығы мен бостандығы

    Тыңдалым және айтылым

    9.1.6.1 - қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау;


    Оқылым

    9.2.6.1 - белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу;

    Жазылым

    9.3.1.1 - жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;

    9.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;



    Әдеби тіл нормасы

    9.4.4.1 - құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу;

    9.4.4.2 - салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру;



    3-тоқсан

    5-бөлім: Отбасы және демографиялық өзгеріс

    Тыңдалым және айтылым

    9.1.2.1 - қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас,монография, мақала, Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;

    9.1.4.1 - мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;



    Оқылым

    9.2.6.1 - белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу,

    Жазылым

    9.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу;

    Әдеби тіл нормасы

    9.4.4.3 - сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану;

    6-бөлім: Биотехнология және гендік инженерия келешегі

    Тыңдалым және айтылым

    9.1.1.1 - мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;

    9.1.3.1 - тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;



    Оқылым

    9.2.4.1 - әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

    Жазылым

    9.3.4.1 - эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу;

    (аргументативті эссе



    Әдеби тіл нормасы

    9.4.4.3 - сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану;

    9.4.4.1 - аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану;



    7-бөлім: Бұқаралық ақпарат құралдары

    Тыңдалым және айтылым

    9.1.6.1 - қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау;

    Оқылым

    9.2.6.1 - белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу;

    9.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;



    Жазылым

    9.3.2.1 - мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

    Әдеби тіл нормасы

    9.4.4.4 - аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану;

    4- тоқсан

    8-бөлім:Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік

    Тыңдалым және айтылым

    9.1.6.1 - қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау;

    Оқылым

    9.2.1.1 - тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;

    9.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;



    Жазылым

    9.3.2.1 - мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

    9.3.6.1 - жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау;



    Әдеби тіл нормасы

    9.4.5.1 - құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану;

    9-бөлім. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

    Тыңдалым және айтылым

    9.1.3.1 - тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;

    Оқылым

    9.2.6.1 - белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу;

    Жазылым

    9.3.4.1 - эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу;

    (аргументативті эссе)



    Әдеби тіл нормасы

    9.4.5.1 - құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет