Негізгі тапсырмалар: Жамбыл облысындағы жартастағы таңбаларға мінездеме және Жамбыл облысы территориясындағы жарғабақ тастардағы таңбалардың зерттелуі. Тақырыптың өзектілігі



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі216,5 Kb.
#93589
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
петроглифтер
document, петроглифтер

Тақырыптың тарихнамасы


Петроглифтер туралы ілімнің даму тарихы да ерте кезеңге барады. ХІ ғасырда өмір сүрген белгілі оқымысты әл-Бируни қимақтар елінде, жергілікті тұрғындар табынатын жұмбақ суреттер бар екендігін айтқан.1 Жартастағы бедерлер ортағасырлық саяхатшыларға, зерттешілерге де белгілі болған. ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ф. Страленберг, Д. Мессершмидт, И. Гмелин, Г. Миллер секілді ғалымдар Қазақстан жеріндегі петроглифтер, жазулар жайлы азда болса айтып кеткен. Біршама уақыттан кейін ресейлік және батыс-европалық П. Рычков, В. Радлов, П. Паллас сында басқа да көптеген ғалымдар еңбектенген. Әсіресе, Орыс Географиялық қоғамының Батыс –Сібір бөлімі мен Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің қазақстан жеріндегі көне мәдениет ескерткштерін зерттеуде еңбегі зор еді. Аталған ұйымдарда қызмет еткен А. Адрианов, В. Каллаур, И. Пославский сияқты белсенді ғалымдардың осы петроглифтерді зерттедегі жүргізген жұмыстары, бейнелері тек суреттеумен шектелсе де, айрықша деп айтуға тұрарлық.
Кеңестік дәуірде С. Черников Э. Марғұлан, А. Максимова, А. Медоев, М. Қадырбаев т.б. көптеген археологтар петроглифтердің зерттелуіне үлкен үлес қосып, ілімді ілгерілетті.
Материалдар сипаты,хронология, стиль сюжеттер және де жартас бейнелері де ерте өмір сүрген адамдардың рухани дүниесін бізге жеткізетін дерек көзі екендігі археология ғылымында толығымен орнықты. Петроглифтердің жасалу техникасына, семантикасына, уақытына көңіл бөлініп, аталмыш мәдени ескерткіштерді зерттеуде өзіндік бір жүйе қалыптастырылады. Қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері барлық ғылым салалары өзіндік бір арнаға түсіп дамуда. Археология да кенже қалған жоқ. 1993 жылдан бастап қатарынан бірнеше жыл ЮНЕСКО-ның «Орталық Азия петроглифтерінің жиынтығы» бағдарламасы бойынша халықаралық қазақ –француз археологиялық экспедициясы елеулі істер атқарғаны көшілікке мәлім. 197 жылдан бері петроглифтермен айналысып жүрген З. Самашев, одан кейін Ж. Жетібаев сында археологтардың жеткен жетістіктері өте қуантарлық. Жылма-жыл әр жерден осы көне мәдениет туындалары ашылып игі істер жалғасын табуда.
Қазақстан петроглифтері орналасуымен, жас мөлшері, жасалу техникасы мен көлемі бойынша әр қилы. Ең ертедегі петроглифтер қайсы жерден табылды, ол қандай деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Әлемдік деңгейде ашылған Кап үңгірендегі суреттер палеолит, Зараут-камар мезолит дәуірлеріне жатқызылып жүр. Бірақ бұл дәуірлерге қатысты петролифтер қазіргі Қазіргі Қазақстан жерінен табылмай отыр. Кап үңгіріндегі мамонт, мүйізтұмсық суреттері, сөз жоқ, палеолит кезіне жатады. Себебі олар кейінгі дәуірлерде жойылып кеткен еді. Кезінде белгілі ғалым А.Г.Медоев солтүстік балқаш маңының орталық бөлігінде табылған бейнелердің (адам, хайуанат, символдық белгі) мазмұнын, стилін алғашқы қоғамдық деп тұжырымдаған еді. Ол Тесіктас пен Қараүңгір тацларындағы тас бедерлері эпипалеолит соңы мен неолит басына тән екендігін айта кеп, еліміздің жерінен табылған көне мәдениет ескерткіштерін (петроглифтерді) әлі-ақ болашықта палеолитке жатқызуға мүмкіндік туарына сенген еді.
Жартас суреттерінің басым көпшілігін б.э.д. ІІ-І мыңжылдықтардың шеберлері қалдырған. Орталық Азия мен Қазақстанның көне мәденетін зерттеген атақты ғалымдарымыз С.И. Руденко, М.П. Грязнов, А.Н. Бернштам және С.П. Толстовтар қазақ ою-өрнегінің ерте дүниедегі осы көшпелі тайпалар өнерімен, Орталық Азияның көне мәдениетімен генетикалық айқын байланысы бар екенін атап көрсеткен болатын. Ұлттық ою-өрнек, бір жағынан, петроглифтер тәрізді ертедәуірлерде қалыптасып, өсімдік. Жануар бедерлері ретінде көрінеді де, сан ғасырлар бойы жаңа айшықтармен толыға түседі. Халықтардың тағдырларының тоғысуының нәтижесінде жаңа бедер, нақышпен көркейіп отырған. Осы жерде айта кететін бірер сөз Арпаөзен таңбалы тастары хақында. Ол 1970 жылдары М.Қадырбаев, 1980 ж. З.Самашев сынды археологтар басшылығымен зертелген болатын. Қаратудың Келіншектеу жотасындағы бұл жерден табылған қос атты жауынгерлік арбалар белгілі бір этникалық топтардың, дәлірек айтсақ, ундіарийлықтардың мифтік және діни-әдеп ғұрыптарының біршама әсер еткендігін және миграциялық қозғалыстың бағыттары атылмыш аймақтан өткендігін дәлелдейді. Арбалар соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға қолданылғаны ертеден-ақ мәлім. Доңғалаққа қарап тұрып, оның ежелгі тайпалық бірлестіктер үшін қандай эволюциялық даму әкелгендігін байқаймыз. Қаратау петроглифтерді А.Г. Максимова сақ заманына дейінгі, сақ және түрік уақытына жатқызады. Мәдениет әр уақытта толығып, жалғасын тауып отырған. Ертіс маңайындағы жартас бейнелерін 1971-1983 жылдар аралығындағы зерттеген З.Самашев осы өңірден жартас бейнелерінің 70-тен аса тобын тапқан. Оның ғылыми еңбегінде хронология, синхронизация мәселелері, семантика мен интерпретация кеңнен сөз болды. Алғаш рет әр заман суреттері ажыратылып көрсетеледі. Автор бақсылық, эпостық, этнографиялық мағлұматтарға сүйенеді де, жартас бейнелерін жасаушылардың дүниетанымының кейбір жақтарына үңіледі.Голоцен кезінде Қазақстанның көп жері қуаңшылыққа болғандықтан, аталған жануарлар жоғалып кетеді де, кейінгі дәуірлердегі адамдарға беймәлім еді. Яғни, тур-өгіздері жоғалмай тұрып жартасқа түскен. Түлкілі тауындағы (солтүстік-шығыс Балқаш маңы) осы тур-өгіздердің бейнесінің бетіндегі шөгінділерді тау ешкілеріндегі татпен салыстыра келе, А. Медоев олардың бәрі бір кездікі деп түйген. . Жалпы алғанда, тас дәуірі суреттерімен шұғылданған А. Медоевтың археологияда өзіндік бір орны бар. Тесіктас пен қараүңгір тауларынан табылған тұрақтарда (эпипалеолит-неолит) сол заманға сай келетін көптеген құралдар: кіші қырғыштар, дротик және садақ ұштар, қыстырма қалақшалар, нуклеустер, т.б. артефактылар кездесетіндігін де айтқан. Ол тастағы ою-өрнектерді зерттегенде, тас ғасырының мәдениеті мен халықьық өнердің басқа да салаларын бір-бірімен тығыз байланыстырып отыратын еді. Оның «Гравюры на скалах» атты толымды кітабында ас ғасыры суретшілерінің еңбегі кейінгі кезеңдерді қамтып келеді.
І Жамбыл облысы территориясындағы жарғабақ тастардағы
таңбалардың зерттелуі.
Петроглифтарды жазуларды зерттеу Қазақстанда кешірек 70 ж. XIXғ жайлап Қазақстанның Оңтүстік аудандарында Ресейдің түпкілікті қосылуы Түркістандық генерал губернатордың білімі бұған қоса Сырдария мен Семиреченская облысында, ол кешірек-Нарынқол, Кульджи өңірлері.
Көптеген мәліметтер Семиречье ауданынан құнды тасқа жазылған жазулар табылды. Көруге ыңғайлы тазалап қыруды қажет етпейтін және көптеген қазбалар шығыстың оқымыстылары және осы мәдениетті сүюшілерді таңдандырды. Ежелгі заттарды жинаушы орменталист Гантусов осы өңірді зерттеуді бастады. 1879ж Талдықорған облысынан табылған жазулары туралы мақала жазды, кешірек ол Қызыл-Ағаш және Қапал өңірлерінен петроглифтардың шағын тобын құрды. 1884 Тамғалытас өңірінен Никольский және Фишердің экспедициялық зерттеулерінен тасқа жазылған жазулартуралы мәлім болды. Нәтижесінде осы жазбаларды Пентусов қайта қарады. Кешірек оның жазбалары аудармасымен Позднеевтің жазулары деген мақала жазды. [1]
Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде алғашқы рет петроглифтер туралы мәлімет табылған. Оларды ХVІІІ ғасырдан бастап Д.Мессершмидтам, Ф.Страленберган, Н.ГМелиным, Г.Миллером және тағы басқа ғалымдар зерттеген.
Қазақстанның оңтүстіктегі петроглифтердің зерттелуі кейінірек басталған. Дәлірек айтқанда ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары. Сол кезде Қазақстанның оңтүстігі түгелдей Ресейдің құрамына кірген. Содан бастап Түркестан генерал, губерниясы орнатылды. Оған Сырдария, Жетісу облыстары, кейінірек Нарын, Құлжа жерлері кірген.
Осы аталған жерлерден ең көп петроглифтер туралы алынған мәліметтер Жетісу жері еді. 1879 жылы Н.Н.Пантусовтың жүргізілген зерттеулері Талдықорған облысында гравировкалар туралы алғашқы мақала берген. Кейінірек ол Қызыл ағаш және Қапал жерлерінен жаңа петроглифтердің топтарын ашты. 1984 жылы Тамғалыстандағы А.Никольский және Г.В.Фишер экспедициясындағы ғалымдар тасқа салынған суреттерді үңгірлерден тапқан. Кейінірек осы суреттерді академик В.Позднеев зерттеп, олардың мағынасын және аудармасын түсіндірді.
Н.Н.Пантусов Жетісудағы және Солтүстік Қырғызстандағы петроглифтерді зерттеу жүргізген кезінде, ол Тайғақ жерлерді, Қапшағайдың оңтүстік бөлігін, Қараеспе, Жалпақ және Қора, Көксу өзендерінің жағалауында тасқа салынған суреттерді зерттеген екен. В.А.Каллаур және М.А.Кирхлюф археологтардың зерттеуінде Бесарықтағы Қаратау жоталарында тастан жасалынған қару-жарақтар және тасқа салынған суреттер табылды. Н.Пославский сол табылған заттар туралы мақала жасады.[2] Мақалада Бесарықтағы петроглифтер туралы мәлімет терең берілмеген. Мақала бойынша Бесарықтағы суреттердің екі тобы бар. Бірінші үңгірдің кірер бөлігінде жартастың шығыс бөлігінде. Сол жерде ешкілер мен түйелердің бейнелері ойып салынған. Екіншісі 9 км. жоғары орналасқан Күйкентай жартаста. 1904 жылы Л.А.Коморов Боралдай жерлерінде ойылып
салынған (гравировка) суреттер мен жазулар тапқан. Сол жерде аттардың, арқарлардың суреттері және аң аулау туралы сурет бар.
1926 жылы атақты археолог В.А.Городцов Торғай облысында табылған суреттерге мақала жазған. Бірақ В.А.Городцов Торғай облысында болмаған. Ол жерлерді зерттемеген. Ол Н.С.Воронец және М.М.Пригоровский берген хабар арқылы мақала жазды. В.А.Городцовтың мақаласында Байқоңырда біздің эрамызға дейін ХІХ ғасырдың І-ші жартысында салынған суреттер туралы мәлімет бар. Олардың көбі тас ғасырға жатады. [3]
1935-36 жылдары Иртыштағы тасқа салынған суреттер туралы зертханалық жұмыстарды Черников жүргізді. 1952 жылы А.П.Бернштам Саймалы-таша петроглифтер туралы мақалада петроглифтердің төрт стилі туралы, олар: преусақ, сақ-үйсін, ғұндар және түріктер периодқа жататынын айтты.
Бернштам осы петроглифтерді қалай дұрыс зерттеу туралы, қалай олармен жұмыс істеу туралы өз мақаласында жазды.
Бернштам Саймал-таша жерінде өз санауы арқылы петроглифтердің саны 91 900 деп мәлімдеді. Бірақ Голендуш санаған кезінде петроглифтердің саны бірнеше есе аз еді. Тамғалыда басталған жұмыс орны, керемет ескерткіш туралы мәлімет зерттеу негізіне аяқсыз қалды. Заң жүзінде С.С.Черникова Қазақстан бойынша екі жұмыс орны петроглифтің отырықшы жері сипатталды.
Бұл Х.А.Алпысбаевтың мақаласы және Т.Н.Сениговтың тасқа жазу таспаларының Ходжакент өңірінде оң жақ жақ жағалауындағы тасты өлке. Баба-ата Созақ ауданы, Шымкент облысы Ходжакенттегі петроглифтің тасқа жазу жобасы көбінесе ешкілер мен аттардың бейнелері. Х.А.Алпысбаевтың сипаты тасқа түсірілген бейнелерінің топтары оровондық петроглифтарға жақын және қол шеберлерінің статуэткасы қолдан жасалынған бейнелер. Қызықты байланыс шамасындағы А.Н.Бернштамдағы және М.Е.Массонның байланысы петроглиф жазбаларының бейнеленуі орта І-мыңжылдықтағы б.э.д. оттың бейнеленуі. Екеуі де петроглиф ойма ою өрнектері Баба-ата. Т.Н.Сенигова екі периодқа бөледі: VI-V ғ. б.э.д. І-ІІІ ғ. б.э.д. белгіленген бұл бейнелердің ұқсастығы еліктің ежелгі Сібірдің қолөнері көптеген бейнелері петроглифтің жоғарғы Тамғалы шатқалында. Бұл ғасырлық бейнеленген бейнелер комплексі көп кездеседі. Әр түрлі мағыналы комплекс тасқа жазу жазбалары 60-шы жылдары батыс және шығыс Балқашаралық таспалары А.Т.Медоевтың кезінде ашылды. Жалпылама комплекс көрмелерінде әр түрлі қоғамда топтасып етек алған. Ерте кезеде кейбір петроглифтер алуан түрлі бейнелермен байланыста еді. Балқашаралық төңіректе ең кеш бөлінді. Ерте кезеңдегі және түркі болып бөлінеді. Негізгі мұндай белгілі суреттерге өгізді-түркі, доңғалақ бейне (ежелгі және қола дәуірі) стилді қадағалау (сақтық қоғам) шыншыл бейнелер мен ою-оймалары петроглиф (түркі кезіндегі петроглифтер). А.Т.Медоевтың зерттеуін қамту суреттері мен тасқа жазу жазу жазбалары ештеңе теңеспейді. Тек қана бұл этапта зерттеу аса негізделмеген. ОртаАзияда таулы аймақта адамзаттың туыстық бейне
8
зерттеулер аса назар білдірді.[4]
Бұл жерде айтарлықтай Воронца Оңтүстік Қырғызстандағы петроглифтер. Зерттеушілердің атқару жұмыстарының арқасында тасқа жазу жазбалары сурет бейнелеуі мен шыншыл бейнесін зерттеу арқасында адам қарым-қатынасы басты таңдаулы мәдениетке ие. Мәселен түйенің ұрғашы бейнесі көрсетіледі. Таластағы ою-өрнектер еліктің, ішкі жағындағы ешкі мен өгіз бейнесі бейнеленген. Назар аударуға тұрарлық Н.Л.Подольскийдің кешенді әдіспен жазылған жазбаларды саймалы – таша есептеу статистикасының көмегімен білуге болады. Бұл принциптер Г.А.Паласкиннің комплексті петроглифтердің негізіне жатады. П.И.Мариковскийдің жұмысында Қазақстан бойынша М.Г.Вщацкийдің Өзбекстандағы назар аударатын бейнелері, ежелгі жануарлар бейнелері және ежелгі адамдардың жануарларға аң аулауға шығатыны т.б. мамандарда көз алдынан сырғып зерттеушінің алдына әр тармақта бөлінуі, сюжеттегі сараптамалары жоспарға енгізілді. Өзбекстанда және В.А.Ранова Памирдегі ою-ойма бейнелері еді. Бұл екі зерттеу ескерткіштердің ақпараттық сараптамалары мамандардың әр түрлі қолдауымен топталған бейнелеу ой-саласы, петроглифтердің сараптауы. Шындықты айқындау, зерттеу ғылыми түрде жүргізілді. Әрі қарай көрсетілуі Солтүстік Қырғызстандағы табылған петроглифтің Оңтүстік Қазақстанда көптеген ұқсастық бар, бұлардың географиялық және мәдени тарихта Тамғалы далалығында зерттеген. Соңғы жылдарда бұл жерде Н.Д.Черкасов пен В.Н.Гопоненко ашқан петроглиф жазбалары ІІ-ші және І-ші мыңжылдығында б.э.д. және одан кейінгі жылдар аралығында итттің көмегімен қуу арқылы аң аулау Оңтүстік Қазақстанның петроглифтарында көп таралған. Тасқа жазылған жазулар көбінесе сол кезде болып жатқан оқиға емес, сол кездегі адамдарды қоршаған айнала туралы, өзіне таныс жануарлар дүниесі арқылы жасалған. Тас жазуларының мағынасы әлі күнге дейін жұмбақ. Бірақ тағы сюжеттер бар, этнографияның көмегімен сенімді нәтижелерге жетті. Бұл петроглифтердің қатарына мысалы: аңды садақтың көмегімен өлтіру туралы көрініс. Қазақстанда ешкілердің денесінде садақтың іздері кейде ойма сурет секілді түсіндірілді. Иттің көмегімен аң аулау Қазақстанның және Орта Азияның жартастарында аң аулау мәдениеті туралы түсіндірмесі жасырылған.
Соңғы жылдарда аудандардың даму сатыларының бір жүйеге кемуінде үлкен жұмыс атқарылды, қорытындысында монография (бір тақырыпты терең талдап зерттеген ғылым) тарих бойынша Корелий, Орал, Сібір және Қиыр шығыста бір ұғымға біріктірілді.[5]
1) Тасқа түскен таңбалар ең терең зерттелгені Корелий аумағы.
В.И. Ровдониктің жұмысының тұжырымы бойынша құндылығын жоғалтпаған жарқын жұмыс болады.[6]
Зерттеу жұмыстарының арқасында Петроглифтар және басқа аудандарда жұмыс жүргізіледі.
Толық зерттеу петроглифтерді сапасында мәдениет тарихы белгілі үш кезеңді жүйелейді: толық зерттеу және сипаттау кешені, топтастыру және ескерткіштің мәдениетін ойлау жүйесінде
түсіндіру.
Соңғы жылдары жетілдірілген демек мойындау өңдеу әдістерімен толық және жан-жақты тұрақтандыру петроглифтың орналасқан жерінде тасқа жазу жазбалары тіршілік ету салалары өте басым. Оралда және Сібірде жазушы Корелин және петроглифты үлкен құнды тарих қорлары жұмыс жасады. Өнер шығармаларын дайындауда осы аймақтарда көп көп жұмыстар атқарылды.
әсіресе Оклодниковтың басшылығымен Сібірлік зерттеушілер нәтижелі жұмыстар атқарады. Бұл жұмыстар терең талдау жасалған жұмыс болып ерекшеленеді. Көптеген ізденістер талап-тану арқасында бүкіләлемдік тарихшылар тасқа жазуда үлкендаму кезеңіне жетті.[7]
3.Бірақ тасқа жазу жазбасының толық мәнін түсінбеуден келіп туындайды. Соңғы кездердежетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай алға басуда. СССР аумағындағы А.А.Формозовтың мәдени ошақты талдауда жасалған тәжірибесі авторлық көзқараста сәтті деп бағаланады.[8]
4.Басқа қалалармен салыстырғанда СССР-де тасқа жазу жазбаларының құндылығымен ескерткіштері Қазақстанда әдеби мұраға тола Қазақстан Оралға, Сібірге, Корелий ескерткіштеріне тұрғылықты жерде тасқа жазу жазбаларында жол бермейді. Петроглифтердің бақылауы бойынша Республиканың әртүрлі аумағында ештеңеге қарамастан 250 жылдар бойы зерттелген, арнайы бір жүйеге келген жоқ.
1969 ж басталған алып Қаратау жотасын зерттеу келер жылы ашылуымен қатар тасқа басылған өрнектің орналасқан жері сол кезден-ақ мынандай сұрақ туындайды. Қойбағар мен Арпаузен шатқалында жан-жақты жұмыс жүргізбеске, сүйеніш кешен құру мал шаруашылығында жалпы, ұсыныс тасқа жазған жазбалар осы ежелгі Қаратау аумағы жотасында қоныстанушылар еді.
Көпшілік кешені Қойбағар мен Арпаузенді салыстырғанда бір-бірінен алыс емес. Әрине, петроглифтардың жинағы басқа да жұмыс. Бөлмесімен жасақталған, орналасқан жерін кеңінен іздестіру болады. Атақты зерттеуші М.А. Кирхгофе Оңтүстік Қаратау аумағында тасқа түскен оюларды, Майдантал, Үшөзен өзенін, Кентау қаласындағы Боялдер шатқалын зерттеді. Қаратаудың оңтүстік-шығыс учаскесінде жуалы шұңқыр аумағында, екі жаңа кешен ашылды. Габаевкимен Новопокровка ауылында 30 шақырым Солтүстік-шығыс Вурный поселкісінен Қаратау өңіріндегі 120 километірлік учаске әбден зерттелген. Сүйіндіксай шатқалында тағы қатар пунктар бар екендігі айқындалды. Олар: Лонг-өзен, Ксон, Қашқар ата, Көкбұлақ. Олай болса біздің бастапқы жұмыс жағдайындағы 11 ірі материалдар және бірнеше уақыт материалдарымыз бойынша Қаратау жотасындағы петроглифтардың орналасуы бұлардың төрттен бір бөлігіне толық сипаттама ала аламыз. Бәрімізге мәлім Қаратау петроглифтары Қазақстан аумағынан және Орта Азиядағы ескерткіштердің көптеген ұқсастығы бар екенін байқады. Бақылап көре келе осылардың ең ірісін немесе әдеби үзінділерін түпкілінті қарағың келеді. Қажетті ойлар туындайды осы
мақсатпен Қаратау отрядын басшылыққа алып қысқа мерзімде жолға шықан еді, Шөміш шатқалы (Үш-ілі тауы) жоғарыдағы Қасқабұлақ Таластағы Алатау мұнары (Ақсу-Жабағылы қорығы) бірнеше таңбалар табылды.[9]
5. Тамғалы шатқалында (Үш-ілі тауы) Саймалы-таша, Сарымыша (Орта Азия) және Чулақ тауында. Тағыда айтарлық біз кең тараған танымалы петрографтармен таныстық. 1972 ж жүргізілген археологтардың зерттеу жұмыстары Қарағанды-Жезқазғанға белгілі мәліметтер бойынша.
А.Х. Марғұланның орналасқан жері Теректі, сақталынған деректерде Жезқазғанның геолог-минералды кесенесінде Байқоңырдағы петроглифтардың көшірмесі табылды. Өте айтарлықтай қиын жолдармен зерттелген аса ірі отырықшылардың тарихи сипаттауы үлкен процесс болды. Тек қана Қойбағардың үш топқа бөлінгені және Арпаузеннің сегіз топтамалық күнделігінде 2019 тасқа жазудың көптеген түрлерінің бейнеледі. Егер 203 плитаны қосымша Қошқар-ата Робоевкаға бірнеше ондық плитаны суреттерімен Майдантал, Бесарыз, Көкбұлақ,Сүйіндік және басқа да шатқалдарында барлығын қосқанда 200 дейін жетті. Сондықтан авторлар жазба күнделіктерінің бағдарламасын қысқартуға тура келді, әсіресе арнайы бейнелеуді ой туындамаған композицияны.
Ежелгі суретшілер әсіресе өздеріне ойма тастарын таңдады. Темір мен Марганецтің тотығуын жылтырлата тегістеуді уақыт өте тасқа ұрылған оюларды көп демеу керек еді. Бірінші қабылдауында анықтау петроглифтардың жас шамасын салыстыру еді. Әр қатарда табыс көзін сылтауратып шалғайлық иілуінен, күн сәулелерінің түсуіне ықпал ету, тастардың түрлерін ж.т.б. Қаратау тасқа жазу жазбаларының мынандай түрге бөледі: жылтыр-қара, графин түстес, қара-қоңыр, қоңыр, ашық-қоңыр, сары және сұр гаманың бұл түстеріне мына бес таңбалы индекс ПТ-5 тен ПТ-1 сәйкес келеді.
Петроглифтер, ою тастардың индексін размерін өлшеп барып алады(тастың көлеміне қарай см).
Егер сипаттауда бейнелеу индексі қалып қалса,онда бұл суреттер тастың фонын сәйкес келеді. Басқа жағдайда оюдың түсі өзгеше. Петроглифтің сипаттауынша техника жөнінен орта қалды деп есептейді. Ымырт мағлұматтарға қарап мінездеме жиынтығының топтары және басты күйін көрсету еді. Қаратаулықзерттеушілер аса сүйіспеншілікпен осының бір шетіне жетуді дұрыс деп тапты. Бұл оңжақ және сол жақ зерттеушілерге назар аудару керек. Сол жақ ою оюшылар Қаратаулық петроглифтардың арасында аз, ою оюшылардан бес топ: Бұл топ оюлар мен адамдар арасындағы көп жұмыстармен зерттеледі. Олар техниканың арқасында көптеген іс-шаралар жасауға болады деп тапты.
Сол үшін де біз бұл сипаттаманы тақырыптан алып тастадық. Күнделікті сипаттау жұмыстармен қатар суретке түсіру және көшірме жасау да енгізілді. Петрографтар ең әуелі суретке көптеген бояуларды қажет етеді, ол көшірме графиттің көшірмесі Ю.А.Совватеев жақсы
тағайындалған.Бірақ Қаратаулықтарға бұл қабылдау да жеткіліксіз еді. Петрографтардың көпшілігі жүйке жүйелерін зерттеуші еді. Тазалыққа аз көңіл бөлетін. Фиксацияның бұл бейнелеу өнері қиындау басқа майда граверлармен салыстырғанда, бірақ граверлердің көптеген бөлшегі 1-2 мм құрайды. Сақталған құндылығы Қойбағармен Арпаузен петроглифтері екі есе аз Саймалы-таша және Тамғалы шатқалдарына қарағанда. Сол үшін оларға мына әдістік фиксациялар енгізілді: суретті ақ, қара етіп шығару. Олардың түсіру пленкалары, немесе түрлі түсті етіп мүсіндердің айналасын ақ немесе сары қарындашпен кейін оны суреттеп бейнелеу кейіннен қыздырып суретке түсіретін болды. Бұл түрлі-түсті шектеулер қыздырып суретке түсіргенде кездесетін қателіктерден сақтайды. Бес жылдық жұмыс барысында Қаратау петроглифтары өздерін көрсете: 1971 ж тыйым салынған аттардың дөңгеленуі суретке түсірілмеді. Петроглиф оқырмандары бұл сипаттамада “түсінбестік бейнеге„ ұшырасып отырады. Гравердің дұрыс сақталмауынан толық мәлімет ала алмадық. Бұндай жағдайда біз ойдан құрап ештеңе ашпадық.[10]
Ашылмай қалған құнды қазбалар өкінішке орай жоғары Қаратау зерттеушілерінің мұндағы мақсаты отырықшылардың осы аумақтағы қауымымен араласуы далалық және қала арасындағы Қазақстан мен Орта Азия аймағындағы жұмыстарын қадағалау. Кітапта сонымен қатар бүкіл жан дүниесі зерттелген Оңтүстік Қазақстанның тасқа жазу жазбалары көрсетілген. Қаратау петроглифтарының бес жылдығына әр жылда үлкен топ жұмыс отрядттары қатысты. Ж. Курманкулов, Е.Вехунина, Л.Дробышева, Л.Концова, В.Эубков, М.Алибеков, В. Чиашков, Г. Пивовора суретші А. Ахметов. Қазақстандағы тарих факултетінің Кирова атындағы мемлекеттік университетінің студенті-С.Куратов, Э.Махмудов Алматы орта мектебінің оқушысы-ағайынды Қыдырбаевтар, П. Волков, М. Поцялуйко.
Осы жазба суреттердің ашылуына көп көмек бөлген “Сызған ауылынан Тойбаевқа, Бурный орта мектебінің оқытушысы В. Чрюжин үлкен рахмет бірге экспедиция жасаған достарыма көп алғыс айтамын.Тасқа жазылған жазулардың ең алғашқысы Қазақстанның батыс және шығыс аудандарынан табылды. Олар әйгілі оқымыстылардың аттарымен байланысты болды. XVII ғ-20. Миссершмитпен, Ф. Стреленбергпен, И. Гмелинмен, Г. Миллермен т.б.
Қорыта айтатын болсақ тас жазулар туралы оны зертеу Қазақстанның және Орта Азияның петроглифтері туралы мәлімет және ежелгі ескерткіштері туралы тас жазулары құнды. Қысқаша мәліметте біз бұл сұрақ жөнінде бүкіл әдебиетті қамти алмадық, ал негізгі жұмысқа тоқтадық, тарих жөнінде сіздердің петроглиф жөнінде Қазақстандық Орта Азиялық ауданда істелінген жұмыстардың жеткіліксіздігін айтпағанда, петроглифтерді оқып-үйрену Қазақстанда және Орта Азияда ескертікштерді түсіну қатарда кешенді тарихтың жұмысы тоқтады. Петроглифтердің орналасқан ірі жерлерінде әлі де болса оны оқуда көнерген қабылдаулар және бүкіл қабылдау барлық бірінші классификациясында материалдар бар. Мұны анықтай келе біз бұл үлкен жұмысты айтпай қалмаймыз. Қазақстанның және Орта Азияның зерттеушілерінің тасқа жазылған жазулардың жасыра алмаймыз. Тас жазуларды бірінші ашқандар мен бірінші зерттегендерге басқарту дұрыс болмас.
Назар аударуға тұрарлық Н.Л.Подольскийдің классификациялық әдіспен тасқа жазылған жазбаларды Саймалы-таша есептеу статистикасының көмегімен білуге болады. Бұл принциптер Г.А.Паласкиннің комплексі петроглифтердің негізіне жатады.[11]

II Жамбыл облысындағы жартастағы таңбаларға мінездеме


Жамбыл аймағындағы жартастағы таңбалар тарихының
зерттелуі
Біздің өлкеміздің өңіріндегі қазақ халқының творчествалық кеменгерлерін, тұрмыстық мәдениетін, өнерін, тарихын ғылыми тұрғыда дәлелдейтін көптеген ежелгі тарихи-мәдени мұралар сақталған. Олардың қойнауын ақтарсақ, сонау көне замандағы ата-бабаларымыздың бүкіл әлем мәдениетіне аздап болса да үлес қосқан өркениетті ел екенімізді растайды. Әсіресе ықылым заманнан бізге жеткен бабалар аманатын республикамыздың тәелсіздік алғаннан кейін тарихымыздың қайтадан қарап, оның мұрагері - қазақ халқы екендігі көптеген археологиялық қазба жұмысынан табылған деректер дәлелдеп отыр. Сол себептен қайсібір өлкеміздегі ғасырлар тереңінен бізге жеткен мұраларда осы өлкені қожалық етіп, ұрпақ өрбіткен жерін-елін сақтап мұра еткен, әрбір ескерткіштер де сөз жоқ, өшпес қолтаңбасы бар қазыналар. Солардың бірі сонау Қола, Сақ, Үйсін, Қаңлы, одан бері Түркі дәуірінің сан – қилы сырынан мол деректер беретін тарих көзі-ежелгі жарғабақ тастардың бетіндегі таңбалар сыры. Олар әсіресе Хантау, Қаратау, Іле-Шу мен Қырғыз Алатауының шатқалдарындағы тастарда көп кездеседі.[12]
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 1970-1980 жылдардағы облыс өңіріндегі тарихи-мұраларды қайта есепке алумен бірге, әліде тізімге ене қоймаған ескерткіштерді іздестіріп табу үшін бірнеше рет ұйымдастырылған археологиялық экспедицияның нәтижесінде К.Байбосынов, С.Әлепшиевтің жарық көрген «Жамбыл облысы өңіріндегі тарихи-мәдени мұралардың жиынтығы» деген кітапшадағы таңбалы суреттер туралы бірнеше материалдар енгізілген. Осы тақырып туралы облыстық, республикалық баспасөз бетінде жарияланған және мұражай қорындағы материалдарды пайдалана отырып, жалпы облыс көлеміндегі ғасырлар тереңінен бізге жеткен ескерткіштерді жинақтай, ой елегінен өткізе отырып, жалпы осы мекен еткен көшпенділердің тұрмыс-тіршілігін, өнерін, діни нанымдарын, дүниеге көзқарастары туралы белгілі тұжырымды ой айтуға мүмкіндік береді. Облыс көлеміндегі қолда бар жинақталған материалдарды іріктей, оның тарихтарын зерттей келе негізінен мынандай бірнеше топқа бөлуге болады.
Бірақ дегенмен осы уақытқа дейін бұл ескерткіштер белгілі жүйеге келтіріліп зерттеле қойған жоқ. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ 1970 жылы белгілі ғалымдар ішінара біздің өлкеміздегі Қойғабыр деген жерден тұңғыш рет ат пен түйе жегілген күймелі арбалар суретін кездестірген. Сол жылдары осы Қаратаудың тағы бір қойнауынан ертедегі суретшінің, әсіресе, қос өркешті түйе бейнесін аса ұқыптылықпен салғанын кездестіргені Кең дала мен шөлдің ең мұқтаж көлігін көрсету сөз жоқ көркем өнерінің басты тұлғасы болуы кездейсоқ емес . Өткені түйе ерте кезден-ақ көшпелі халықтың бірден-бір күнкөріс көлігі болғандығы белгілі.
Осы уақытқа дейін қос өркешті түйелер Қазақстанның оңтүстік аудандарында біздің заманымыздың VIII-IX ғасырларында ислам дінінің енуіиен қатар пайда болуы деп есептеліп келеді. Қаратау маңындағы және Қазақстанның басқа жерлеріндегі археологиялық ғылыми зерттеу барысында табылған деректер бұл байламды жоққа шығарып, қос өркешті түйелер қазақ даласында бұдан үш мың жыл бұрын, яғни, қола дәуірінің кезінде үй женуарларына айнағандығын дәлелдейді, сонымен бірге осы тастағы суреттер біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта маманданған әскери бөлім - түйе жеккен арбалар болғанын айқын дәлелдеп отыр. Ал, сол жылдары Қазақстан Ұлттық ғылыми Академиясының археология институтытының археологы Зейнолла Самашев бастаған экспедиция Жамбыл ауданы Маймақ станциясының жанындағы тау шатқалындағы сурет галлереясында көптеген осы сияқты құнды деректер тапты.[13]
Өлке жеріндегі әлі де зерттеле қоймаған Шу ауданындағы өзінің бастауын сонау Шу – Іле тауынан алған, аяғы Белбасар ауылымен аяқталатын Үңгірлі сайының орта жерінде түстік жағындағы биік қызыл гранит жарғабақтастарда әлі де есепке алынбаған көптеген суреттер баршылық. Таңбалы тастардың орналасуына қарағанда жарғабақтың төменгі етегінде ертеде Көшпенділердің қыстауы болғандығын растайтын екі – үш қатар тастан қаланған құрылыстың орны алдымен жерден ор қазып, қабырғалары жалпақ тастан өрілген үй мен мал қорраның орны жақсы сақталған. Осы мекен – жайдың қарама – қарсы биіктігінде бірнеше метр келетін гранит тастардың бетінде біздің көзімізге бірден түсетін екі мүйіздері құйрығына дейін иіріліп жасалған тау ешкілердің бірнеше суреттері нанымды шыққан. Мұндай тау ешкілердің суреттерін З.Самашев Сақ өнерінің желісімен жасалғандығын Шығыс Қазақстандағы Ертіс өзенінің жоғарғы жағындағы Мойнақ сайындағы тастарда кездестірілген.
Осы тастарда тағы бір кездесетін суреттердің бірі – бұқалардың суреті. Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша тастағы бейнелер көп халықтарда діни сипат беріп, соған орай әртүрлі ырым жасаған. Үңгірлі сайында адам қолы жетпейтін ең биіктікте орналасқан мүйізді алға қарай ұзаңқырап созылған бұқаның суреті бар, оның үстіңгі жағында бұқаны қайтаруға атқа мінген шауып бара жатқан адам бейнесі белгіленген. Осындай бұқа суреттері Алматы облысындағы Тамғалы таста аңшылардың аулағанын көрсетсе, ал Медоевтің «Жарғабақ тастардағы суреттер» атты еңбегінде Шу-Іле тауындағы Тамағалы сайындағы бұқалардың киелі қасиетін бейнелейтін суреттер белгіленген. Авторлар тас бетіндегі мұндай суреттерді біздің эрамызға дейінгі II ғасырдың 2-ші жартысында қола дәуірінің туындысы екендігін дәлелдеп отыр.[14]
Міне, біздің өлкеміздегі осы тәріздес бірнеше бұқалар бейнеленген көріністердің жүйелі түрде көрінуі, аталмыш тайпалардың діни ой-өрісінің даму ерекшеліктерін баяндайтын көркем өнер туындысы болып есептеледі.
Көне суретшілердің бізге қалдырған тамаша туындылардың бірі – бұғы суреттері. Тас бетіндегі көркемөнер туындылары болып есептелінетін бұғы бейнесінің мифтік қасиетін білу сырымен көп ғалымдар айналысты. Тарихтан белгілі, әсіресе, сақ дәуіріндегі тас мүсіндерінде бұғы суреттері жауынгердің бейнесін бейнелеуді тұжырымдаған.[15]
Ал, осындай ертедегі көшпенділердің біздің эрамызға дейінгі VII-III ғасырлардағы Қаратаудағы Арпаөзен сайында және Мойынқұм ауданы Хантаудағы Балхаш көлінің жанында табылған. Тамғалы мен Хантаудағы тастағы салынған бейнелер сақ дәуірінде Іле алқабындағы Алтын адамдағы бұғылардың бейнелеу өнеріне ұқсас, сол дәуірдің қол таңбасында бар екенін байқайсың. Үңгірлі мен Қарасай шатқалындағы бүғылар бір-біріне ұқсастығында бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, Үңгірлердегі бұғы өз алдында жеке үлкен жарғабақ тасқа шегіп, мүйізін өз денесінен үлкен етіп көрсетуі оған табынудың нышаны болуы керек. Ал, Қарасайдағы бұғының жалпы денесін салуда ұқсастық болғанымен суретшінің жазуда өзіндік қолтаңбасы бар дүниелер.
Осындай бұғы суреті салынған тастарды Тұрар Рысқұлов ауданындағы бұрынғы Подгорный ауылының тау етегінде тастардың бетінде кездесерлік. Демек, бұл көне суретшілердің қаламынан өмірге келген туындылар біздің эрамызға дейінгі Үйсін дәуірінде тау шатқалдарындағы жаылымда өмір сүргендігі жөнінде құнды деректер беретін- көненің көзі.
Көне замандағы осы өңірді мекен етіп ұрпақ өрбіткен тайпалардың өмірінен азды-көпті хабар беретін тас бетіндегі билеп жүрген адамдардың суреті. Бұл билер зерттеушілердің пайымдауы бойынша негізінен көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс ісіне байланысты шыққан туындылар. Алғашқы рет қола дәуірінің адамдарының билерін Алматы облысындағы Тамғалы шатқалындағы сурет галлереясында басына күн сияқты бас киім киіп алған, жанында он екі адам билеп жүргендерді ғалымдар зерттей келе, мүмкін 12 айды, яғни, аспан тәңірін бағыштап құлшылық етіп, билеп жүрген болар. Себебі Жамбыл ауданындағы Берікқара сайындағы Үйсін-Қаңлылардың ертедегі тайпалардың обаларының айналасын қадалған таспен бірнеше қатар дөңгелек етіп қоршауы олардың аспан тәңіріне, айға, күнге табыну жорамалдарына байланысты тұрғызылған екендігін дәлелдейді. Бұл тартхи мұраны зерттеу мақсатымен 1939 жылы шығыстың атақты ғалымы А.Н.Бернштам қазба жұмысын жүргізген еді.[16]
Соңғы жылдары облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастырған археологиялық экспедиция барысында Жаңатас аулына жақын Ақтоға елді мекеніне жетпей пионер лагеріне баратын жолдың бойындағы “Түймеш талы” деген бұлақ суының жанындағы жарғабақ тастарда билеп жүрген адамдардың суреті табылды. Сурет салынған тастардың ұзындығы 14 метр үлкен қара гранит тастың бетінде 40-қа жуық бейнелер бар. Мұндағы суреттер үшкір таспен шеку арқылы түсірілген. Ондағы тау ешкі, жолбарыс және иттің суреттерімен бірге оның ішінде аса қызығушылық туғызатын сегіз адамның бейнесі. Көне суреттер ішіндегі екі адам басын төмен қаратып, қолын екі жаққа созып билеп жүрсе, екінші біреулері екі қолын аспандағы дөңгелек етіп көрсетілген айға табынуын білдіреді.[17]
Ең алғашқы суретте адамды мойнына көтеріп алған болса, келесі адам аяғына төртбұрышты бірдеңені киіп алып билеп жүр. Ал, соңғы бейнеде басына қасқырдың басы бейнеленген, тағы біреуінде отырып алып қолын екі жаққа созған. Мұндағы бейнелер бірін-бірі қайталайды, әрқайсысы өзіне тән салт-сананы орындап отырғанын байқауға болатын тайпалардыңөмір тіршілігі.
Дегенмен ғалымдар арасында тастағы бейнеленген би өнерінің тууы туралы әлі тоқтам жоқ. Дегенмен тастағы көрсетілген жануарлардың көп болуы, олардың тіршілік көзі болғандықтан, олардың аман-есен болуына байланысты жоралар өткізіп тілеуін тілейді. Тіпті, кейде олардың арасындағы бақсылар мен әртүрлі бейнелер кейіпін киіп, аспан тәңіріне жалбарынушылар да кездеседі.
Осы таңбалы тастардың ішінде біздің тарихымызға тікелей қатысы бар тарихи мұралардың бірі – Ру таңбалары.
Ру таңбалары әдетте олар өз тарихымызды оқып үйретуде, оның ішінде шежірелердегі рулық таңбаларды зерттеудің де маңызы бар. Тасқа шекіліп жасалған ру таңбалары өлкемізді сан ғасырлар бойы мирас етіп келе жатқан бабаларымыздың қай заманда, қай жерде мекендегенін бүкпесіз дәлелдейтін тарих көзі. Тарихымыздың тұрмысымен етене дамып келе жатқан бұл мұралардың көпшілігі сурет галлериясында төрт түлік жануарлармен бірге қатарласып көрсетілуі, сөз жоқ, оның төркіні ертеден жалғасын тауып келе жатқан дүние екенін аңғару қиын емес. Демек, археолог ғылымдарымыз таңбалы тастардың тарихын ондағы ру таңбаларымен бірге зерттелсе, сөз жоқ, осы өңірдегі мекен еткен тайпалардың тарихы біздің бабаларымыздың төл тарихы екендігіне ешкім шұба келтірмейді.[18]
Жарғабақ тастардағы ру таңбаларының орналасуына жер жағдайының қолайлығын ескерсек, олардың алғашқы кішкене бір жанұяның маңына қауымның қажетінен, бертін келе олардың арасында үлкен ру болып топтасқан тайпалардың қажеттілігінен барып, экономикалық жер тұтастығын, бірлікті сақтауға негізделініп шыққан деуге болады.
Ру таңбасы жөнінде алғашқы мәліметтер VII ғасырдың Шығыс жазбаларында кездеседі. Онда осы өңірді мекендеген Түркі тілдес халықтарының құрамына кіретін, желден жүйрік арғымақтар өсіруімен атағы шыққан рулар жөнінде баяндалады. Мысалы, осы кездегі Түрік тайпасының Тан империясының басшысына жазған бір хатында: “Менің мемлекетімнің барлық қойы мен жылқысы императордікі, ал оның шай мен матасы менікі”.
Бұл деректерге қарағанда екі ел арасындағы негізгі сауданың көзі айырбас мал болғандығын көреміз. Бұл көне деректерде мал сатқан бірнеше рулардың ішінде ежелгі заманнан бері белгілі Үйсін мен Дулат руларының таңбасы бар.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында экспедиция барысында жиналған материалдардың ішінде Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның тау етектерінде бұдан бірнеше ғасыр бұрын тасқа қашап шекіп салынған жерлен ру таңбасын тапқан. Бұл таңбаларды 1989 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан Н.И.Гродиковтың «Сырдария облысының қазақтары» кітабындағы берілген ру таңбаларымен салыстырғанымызда Дулат руынан тараған Ботпай руының таңбасы екендігі анықталды.
Сонымен бірге Шу ауданы “Белбасар” ауылындағы Үңгірлі деген жердегі сурет галлериясында Ботпай руынан тараған Қоралас руының таңбасы. Мойынқұмдағы Жамбыл Тауының ”Қаражартас” деген сайдағы тас бетінде Сіргелінің таңбасын, Ботамойнақ үңгірінің түстік жағындағы жарғабақ Жалайырларының таңбаларын айтуға болады. Бұл тастағы таңбалар, әрине, әрбір рудың көшіп-қону кезіндегі маусымдық мал жайылымдарын, қыстау-жазғы суат пен қорықтарды біреулердің бейсауат пайдаланып кетуіне тиым салатын арнаулы рулық белгілері. Ертедегі көшпенділердің ру таңбасын көп пайдаланатын төрт түлік малдың ішінде жылқы мен түйе болса, ал сол сияқты ешкілердің де құлағына ен салу болған.
Малға таңба басу жөнінде ғалым Халел Арғынбаев “Әр рудың өз ішінде жеке ауылдар мен үлкен жанұялар арасында малын шатастырмай, тез тану үшін ірі байлар әртүрлі таңба белгілерін бергі кезде өз атының алғашқы әрпін таңба етіп, пайдаланып жүр” дейді. Ел арасында асан таңбалы, арқар таңба, тұмар таңба және басқалармен бірге Сиқым руының кез ені. Жаныста тілек ен құмырсқа, тесі ендер кейде жарғабақ тастарда да кездесіп қалады.[19]
Қазақта өлген адамның басына құлыптас орнату ертеден келе жатқан салт. Сондықтан әр өлікті аттандыру көне заманда оның жынысына, дәулетіне, беделіне, қоғамдық орнына байланысты арулап көміп, оның басына өздерінің шамасына қарай топырақ үйіндіден бастап, кесенеге дейін белгі орнатқан.
Мұның ішінде, әсіресе, ер адамдардың басына қойылған құлып тастарда қылыш сияқты қаруларды шекіп салған. Ал Ембі және Маңғыстау бойынан жинаған Қазақ ССР Ғылым академиясы экспедициясының материалдарына қарағанда өлікке қойылған ескерткіштерде Адай, Табын таңбаларын көрсету жиі кездеседі. Осындай өлік басындағы қойылған құлыптастарда таңба салу жалпы Қазақ халқына тән дәстүр. Көне заманда ру таңбасы салынған құлыптасты Қордай ауданындағы «Ойжайлау» деген аңғардағы VII-VIII ғасырдағы түркі дәуіріне байланысты өлік басына қойылған тас қоршаудың арасынан табылған. Қоршаудың Шығыс жағында ұзынша тастык бүйіріне ойып салған ру таңбасын анықтау оңайға түспеді. Бірақ, дегенмен өзінің негізгі бастамасы дөңгелек болып келген Дулат екені белгілі. Ру таңбалары қазақ халқының бұрынғы тайпалардың тұрмыс-тіршілігінде едәуір пайдаланғандығын білдіредi .[20]
Осындай тағы бір Талас ауданы Ақбулым ауылының батыс жағындағы Сапақ қорасының жанындағы жалпақ тастың бетінен табылған. Оның тақтайдай жалпақ беттерінде бес рудың таңбасы бар. Бірақ айтатын жай басқа жарғабақ тастардағы. Мұнда да басы Дулат руының дөңгелек таңбасынан рулардың таңбасы. Тас бетінде тағы бір назар аударатын нәрсе, малдардың суретімен бірге бірнеше тоғызқұмалақ ұялары да бар.
Тау шатқалында табылған таңбалы тастардағы ру таңбаларының қайсібіреуін алсаң да жануарлар дүниесімен тікелей байланысты көрсетілген. Жалпы, тас бетіне салынған төрт түлік мал суреттерімен бірге арқарлардың бейнесінің болуы да біздің назарамызды тарихи көне заманға мезгілдейді.
Бізге жеткен көне бейнелеу өнерінде тағы бір жиі кездесетін туындылар- арбалар суреттері. Б.з.д. VIII-VI ғасырларында сақтардың тұрмыс-тіршілігіне кең пайдаланған. Олар арбаларды тек жүк тасу ғана емес, соғыс мақсатында да пайдаланған. Қазақстандағы осындай тасқа салынған арбалар тарыхымен көп жылдан бері айналысып, зерттеп жүрген археолог ғалым М.К.Қыдырбаев Қаратаудың түстік жағындағы Қойбағыр деген жерден тұңғыш рет ат пен түйе жегілген күймелі арбалар сурітін тапқан. Тарихи деректерден сақтар өмірлерін 6-8 дөңгелекті күймелі арбаларда өткізіп елін-жерін қорғаған жауынгер халық болғаны мәлім. Осындай арбалар суреті Мойынқұм ауданы Жамбыл тауындағы Сарыбұлақ сайынан кездескен.[21]
Ежелгі көшпенділердің бейнелеу өнерінің ішіндегі мінсе көлік, жесе тамақ, шөлдесе сусын ететін қадірлі малының бірі – Жылқылар.
Сондықтан болар қайсібір тас жарғабақты алсаң да мідетті түрде жылқының бейнесі беріледі, себебі көшпенділердің өмірімен берік орын алған олар туралы халық ауыз әдебиетінде халық батырының жан серігі ретінде қиын-қыстау кезінде құтқарып отырғандығы белгілі. Қыл-қалам иелері кейбір жерлерде жылқы қаннен қаперсіз жайылып жүргенін, енді бір жерлерде басқа түлік малдарды қуып қайтаруға әрекет еткенін, тіпті, әлі де бір таңбалы тастардың ішінде әскер бастап бара жатқан қолында туы бар арғымақ айғырлардың суреттерін кездестіреміз. Біз кездестірген арғымақтар көбінесе схемалық қарапайым түрде суреттеле, енді бірде мығым денелі, биік арғымақтар бейнеленген. Мәселен, Қордай ауданы «Ой жайлау» деген мал жайылымдағы таңбалы тастарда көне Түріктердің даңқты туын желбіреткен атты жауынгердің суреті тамаша шыққан. Сөзім тиянақты болу үшін жуырда ел ордасында белгілі Талас станциясының жанындағы Ақбұлым аулының шығыс жағындағы Қырғыз Алатауының жалғасы болып табылатын тау етегінде Қарасай деген шатқалдағы жарғабақ тастардағы таңбалы тастарда болып қайттым. Шатқалдың өзін түстіктен терістікке қарай өрбітіп біраз жүрген соң, күнгей жақта қара гранит тастар бірден көзге көрінеді. Тастардың көпшілігі дүлей табиғат күшінің әсерінен мүжіліп, көбі төмен қарай құлаған. Өзіміздің күнделікті алдымызға салып бағып жүрген малдарымызға ұқсайтын, қолмен шекіп салған көне суреттерді кездестірдік. Мұнда көбінесе тау ешкілерінің, бұқалардың бейнелері мол. Біразы жартылай сынғандықтан екінші бөлігіндегі суреттерді айыру қиынға соқты. Осы шатқалдағы кіре берісте сол жақтағы күнгей бетінде үлкен бір қара таста сол қолымен семсер ұстаған жауынгер бейнесі осы өлкенің қожасы ретінде бейнеленгені білініп тұр.
Шатқалмен біраз жүрген соң алдымызда биік жар болып келген қара жартасты кездестірдік. Бұл қара жартастың аумағы үлкен, биіктігі бірнеше метрге созылған. Осы биік тастардың жалпақ бетінде көне замандағы тайпалардың өмір салтын бейнелейтін өнер туындылары мол-ақ. Жартастың өзі текпішектеніп келетін бірнеше жеке-жеке жалпақ тастардан құралған екен, сурет салуға өте ыңғайлы. Олардың бетінде сонау көне замандағы көшпенділердің тұрмыс – тіршілігін бейнелейтін ондаған суреттер салыныпты. Көбінесе жеке – дара, кейде топ-топ болып өзіне тән белгілі мазмұнға құралған бейнелерді өнер туындысы десе де боларлықтай.
Біздің көзімізге алдымен түскені үлкен көрсеткішті бураның бейнесі болды. Шудасы артқа қарай қайырылған нағыз реалистік тұрғыда салынғандығы аңғарылып-ақ тұр. Тұйенің жоғарғы жағында қолындағы садағын өзіне қарама-қарсы бағытқа кезеген адамның тұлғасы бейнеленген, осы таңбалы тастың ең биік жерінде тауешкінің суретінің берілуі, бұл араның жергілікті көшпенділердің төтемдік сиынуы үшін салынған зиянат ету орны ма деген сауал ойға оралады.
Келесі үлкен жалпақ таста белгілі бір бағытқа бет алып бара жатқан мүйізді дәу бұқалардың үш суреті беріліпті. Оның бірінің денесінің айқыш-ұйқыш сызылғандығына қарағанда жануардың түсі шұбарлау болуы мүмкін. Одан сәл төмен осы бұқалардың соңынан басын төмен салып бара жатқан жылқының бейнесі бар.
Осы жарғабақ тастардағы біз үшін аса құндысы бір топ жылқылардың бейнесі болып табылады. Әдетте облыс көлеміндегі тас бетіне түсірілген жылқы бейнелері тек сызық арқылы бейнеленсе, ал мұндағы жылқы суреттері нағыз өзіміз көріп жүрген жылқылардан айнытпай салынған. Олардың бірінде белгісіз автор екі айғырдың өз үйірлерін қорғау үшін бір-бірімен шабысып-шайнасып жатқан кезін бейнелесе, екіншісінде жеңіске жеткен айғырдың женілгенін шайнап құлатып жатқан кезін өмірдегідей дәл бейнелепті. Осы таңбалы тастағы жануарлардың бейнелері біздің облысымызда алғаш рет табылып отыр. Көне замандағы суретшінің бейнелеуіндегі таңбалардың аса құндылығы, онда көшпенді аңшылардың жабайы хайуандарды қолға үйреткендігін айғақтайтын көгеннің суретінің салынғандығында. Онда көген қолға жаңа ғана үйретіліп жатқан тауешкі, қарақұйрық және елік сияқты жабайы жануарлардың ортасында салынған.
Тарихшы археолог Күзембай Байбосыновқа “Ғасырлар тереңінен бізге жеткен өте сирек кездесетін тарихи мұраларды алғашқы зерттеген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының археолог – ғалымы, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев аталған мұрағаттардың б.э. дейінгі қола дәуіріне жататындығын дәлелдеді. “Менің ойымша бұл бейнелер Тараз қаласын алғашқы мекендеушілердің аңшылыққа барғанда салған суреттері болуы керек. Сонымен қоса осы тауда Ботамойнақ үңгірі, Қарауыл мұнаралары мен Сақ обалары бар. Сол себепті осы аумақты көне Тараз қаласының тарихымен байланыстыра отырып, зерттеу қажет” –деді. Шын мәнінде, ғасырлар тереңінен бізге жеткен тарихи мұралар біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарына қалдырған аманаты. Бір өкініштісі, сонау ғажайып мұрағаттар жыл өткен сайын күннің көзі, желдің өтінде бүлініп-қирап, тас бетіндегі бейнелер көмескелене түсуде, оның үстінде онда болып қайтқан сейіл-серуен құрушылар да есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін суреттердің бетіне аты-жөндерін жазып қалдыруды әдетке айналдыруда. Менің ұсынысым – осы өлкені мекен етіп, елімізді, жерімізді, сақтап қалған бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен көп мағлуматтар беретін осынау таңбалы тастарды қорғау шаралары жүзеге асырылса! Оқан қосымша осы өнірді қайтадан зерттеп, тексеріп, оны келешек ұрпаққа мәңгі мұра етіп қалдыру үшін, ғалым ағаларымыз кітап немесе бүктеме шығарса оңды болар еді.”[22]


2.1. Таңбалар – ежелгі Жамбыл өңірі тайпаларының рухани әлемін танып білудің көзі
Петроглифтер ежелгі Жамбыл өңірін мекен еткен халықтың рухани байлығы. Оның ішінде Қаратаудағы тастар бетіне салынған суреттерге қарап-ақ олардың ежелгі тұрғындарынан, аншы тайпаларға тиесілі екенін байқауға болады. Ол туралы петроглифтердегі бейнелер айтады. Бейнелерде түйеге артылған жүктер, аттар көп салынған.27
Тасқа қашап салынған суреттер сол уақыттың кезеңін анықтайды. Оларда көптеген ежелгі адамдардың, өмірі мен өлімі және батырлықты бейнелейтін көріністер негізі арқау болған.
Көптеген петроглиф бейнелері, терең ұңгірлерде, тастар мен жарларды, шөптері және суы көп жерлерден табылған. Жүздеген жылдардан кейін ғана қара тастардағы суреттерді қара куыс Қошқар – ата, Арпаузен жерлерінен кездескен. Сәуірдің соңы мен мамырдың басында халық таулы жерлердегі Сызғана мен Созаққа жайлауға көшеді. Бірақ бұл кездейсоқ емес, ата – бабалар мекендеген жер және тайпалық одақтардың жерлері тасқы қашап салыңған көру үшін келеді. Бұл жерлер Қаратау жотасының ең жақсы жерлерінің бірі.[23]
Қаратау петроглифтері Қазақстандағы басты кең тараған өнер болып табылады. Орталық Азия Оңтүстік Сібірдегі рухани дамудағы және сурет салу ұқсастығы шөлейтік тайпаларды бейнелері өздерінің өзара ұқсастығымен ерекшеленеді. Мәселен: Арпаузен мен Тамғалы, Саймаушы – ташпен Сармыш, Хантау мен Байқоңыр, Анархай мен Чумуш бір – біріне өте ұқсас.
Ежелгі петроглифтардың көпщілігі қола кезеңде ғылыми тұрғыда зерттелді. көбею.Олардың ішінде атап айтқанда Жетісу, Тамғалы, Қаратау Жоталарындағы петроглифтерде күнге, айға, аруаққа кең өріс алғандығын байқауға болады.[24]
Осы Тамғалы жотасынын келесі тастар мен жарларында бастары ат болып салынған адамдарды айналып жүрген белгілер бейнесі салынғаны табылған. «Құйрықтал» адамдар қоршап тұрған. Суреттің ортасында күн басымен саылнған адамдардың бейнесі ағаштарды көзге елестетеді, кішкене көтерін кіреп соңымен қатар жануарлардан да. Бұл идея күн адамы өз атын тапты «аспан сиыры» Египеттен және ежелгі алғын бұккен аң, оңын жанында күн және «өмір бейнесі» және «жүріп келе жатқан күн» манголиядан. Бірде бір бейне тамғалы жотасындағыдай оңай бейнеленбеген. Соңымен қатар өмір және өмірге әкелу байланыстырылмаған. Тамғалыдығы композиция онтүстік Қазақстанмен күн бейнесінде көрсетілген. Адамның жағдайы кунмен байланысты. Бұл композициядан біз халықтың жағдайы көбірек білеміз.[23]Қаратауда Жетісу мен Орта Азиядағы сияқты сцена жоқ, бірақ бұл жерде біз адамнын бейнесін көреміз, құнды талған бағанып жатқан көреміз. Көбіне біз соларымен бейне көреміз. Олар далалық крест тұрлеріндегі жатады, соңымен қатар олардың терең неолит дәуіріне кетеді. А.П.Окладникованын ойы бойынша бұл символдар мыңдаған жылдар бойы өмірде болған. Олар теққаны петроглифтерде емес өмірде зираттарда, ежелгі бронзаларды – Орталық Азияда және кейінгі алтайцеви буриттарда да болған.[24]
Соларымен культпен тығыс түрдегі Қаратау петроглифтері көптеген сақналы түрмен байланысты. Европа зоналарындағы гравировкалары қайық түріндегі бейнесі Формозовтің айтуы бойынша бір мифологияны білдіреді. Олардың бәрі күннің бейнесімен байланысты. Сақиналы бейнелер тек ежелгі Индия мен ежелгі Иран текстіне арналған, соңымен қатар ол ежелгі грек «Илиада» және «Одиссей» ол жерде бейнелер кедейлеу, бұл жерден қола кезеңіндегі сақинасымен күннің байланысы жоқ. Қаратау жотасындағы ашықтырде бейнеленген жұптар мен көбею бейнесі бар. Бұл бейнелер көбеюдің стихиясын және табиғаттың жандануын білдіреді.[25]Л.Я.Штернберг өз уақытысында көбею түрін бейнеленген Байкоша районынын Қаратау сценалары шыншылдау екенін білдіреді. Көбею идеясы Жетісу петроглифтерінде де ашық тұрде бейнеленген жұбайлардың бейнесі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет