Некробактериоз Орындаған: вм – 33 топ студенті Ермекова М. Б


Паталогиялық анатомиялық өзгерістер



бет7/8
Дата23.05.2020
өлшемі1,15 Mb.
#70743
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ермекова Маржан ПА

Паталогиялық анатомиялық өзгерістер

Жұтқыншақтағы және бронхалардағы сөл түйіндері қанға толып, ұлғаяды.

Ұртының бұлшық еттерінің арасында үлкендігі грек жаңғағындай телімдер кездеседі. Құста өңештің өліеттенуі ұшырайды.

Сиыр мен бұғының таз қарын және жұмыршақ қарны өліеттеніп, зақымданады, жалбыршақ қарынның қатпарлары мүжіліп, бүлінеді [13].

Ұрғашы малдың жыныс мүшелері зақымданғанда денесінің артқы жағы іріңді сорамен ластанып, жүніне жабысқан кепкен жалқақтар көрінеді. Қынаптың ішінде іріміктенген бөлінді болады, кілегейлі қабығы ісініп, қабыршақтанып әр жері ойылады. Кейде қынаптың бір беті бір бетіне жабысып қалады да, оған түтік жіберу мүмкін болмайды. Қуық несепке толы болады.

Сиырдың жатыры шектен тыс ұлғайып, бүкіл құрсақ қуысын алып тұрады. Жатырдың іші қоймалжың ірің мен фибрин бар сұйыққа толып, кілегейлі қабығы мен оның астыңғы қабаттары іріңдейді. Буаз малдың жатырындағы төлдің денесі әдетте өліеттеніп ісінеді.

Перитонит болған жағдайда құрсақ қуысында қоймалжың сұйық жиналады. Бауыр сары балшық түстес, тұтқырланып, үгіліп тұрады.

Көк бауыр, шаптағы сөл түйіндері ұлғайған. Өкпе, бауыр, бүйрек, ішек және мида көптеген өліетті ошақтар кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет