Нәрестелік кезеңге жалпы сипаттама



бет1/5
Дата08.05.2020
өлшемі162 Kb.
#66691
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint
ӘПЖТ Берікова Перизат 9 апта СПИС 3к

Нәрестелік кезеңге жалпы сипаттама

  • Нәресте– бір жасқа дейінгі сәби. Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге келу кезеңіне (алғашқы 4 апта) және емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін) бөлінеді. Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге бейімдеу үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің қызметін өзгертуге тура келеді. Мерзімінде туған сәбидің салмағы 3,0 – 3,7 кг, бойының ұзындығы 50 – 52 см, басының шеңбері 34 – 35 см, кеуде шеңбері 34 – 36 см болады. Жас Нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастайды. Сүйектерінде тұз аз болғандықтан, майысқақ келеді. Сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, Нәрестені жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), сүйектері тез қисаяды. Бас сүйегі онша жетілмей туады, оның қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады, оны еңбегі (ол 9 – 14 айда қатаяды) деп атайды. Басында шашы (2 см-дей), тырнақтары қатты болады. Қасы, кірпігі көп білінбейді. Сәбилердің өкпесі мен тыныс алу органы, бұлшық еттері онша жетілмегендіктен, ересек адамдарға қарағанда ауаны көп қажет етеді. Нәрестенің жүйке жүйелері нашар жетіледі. Олар тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізеді, тек тоңғанда, жаялығы су болғанда не іші кепсе ғана оянады.
  • Дені сау бала 6 – 8 айлығында тіс жарады. Бұл кезде сәбилерде іштен туа біткен рефлекстер (сору, жұту, жан-жағына қарау, ұстау, т.б.) дамиды. Олар дәмді жақсы айырғанымен, иіс сезу, көру, есту қабілеттері өте төмен болады. Бірақ қатты жарыққа не айқайға сәбилер мазасызданып, жылап жауап қайтарады. Олардың организмі анасынан алған иммунитеттің нәтижесінде кейбір жұқпалы ауруларды қабылдамайды. Бірінші жарты жылдықта ми қабығында тежелудің барлық түрлері көрінеді.Бұл жағдайдың тәрбие процесі үшін ерекше маңызы бар екендігі белгілі. Жарты жастан былай қарай балада <<Бұл не?>> рефлекстері қауырт дамиды.Қол сипай-сезу анализаторының қызметін атқаруға көшеді.Мұның өзі нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбектеуге, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.Олар үлкендердің сұрауларына жауап қайтаруға тырысады.
  • Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады.Мәселен, оның өсуі туған кезіндегісімен салыстырғанда бір жыл ішінде 25 процент өседі.Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де жұмсақ шеміршек тәрізді майысқақ келеді.Өйткені оның сүйегінде бор мен тұз қышқылы жеткіліксіздеу болады.Организмнің үздіксіз өсіп, дамуы - өзара тығыз байланысты болатын процесс.Балалардың жас ерекшелігіне байланысты түрлі мүшелер мен жүйелердің даму қарқыны бірдей болмайды.Мәселен, адамның сүйек, буын жүйелерінің дамуы жиырма жасқа таман, көз бен есіту қызметінің дамуы жеті он жас шамасында аяқталады. Нәрестенің жүйке жүйесінің даму қарқыны да айтарлықтай болады.
  • Алғашқы балалық шақ.(Нәресте-бал бөбек) - болады.Алғашқыда жаңа туған нәрестеде кейбір шартсыз рефлекстер боолады да(тамақ,қозғалыс,бағдар т.б.) кейін олар көбейе түседі.Шартты рефлекстер екі-үш жетіден кейін пайда бола бастайды.Екінші айда баланың барлық анализаторында шартты рефлекстер жасалуға мүмкіншілік туады.Мәселен, екі айлық бала жай суды тәтті судан, ал үш айлық бала тәттіні тұздан, сондай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажырата алады.Төрт айлық бала айналасына көз тоқтатады, үйдегі адамдарды бөтен кісілерден ажырата бастайды.Бес айда көзбен қолдың координациясы қиюласады да, бала төңірегіндегі нәрсенің бәріне ұмтылады, оны аузына апарады.Алты-жеті айлық балада үлкендерге еліктеу бастаудың элементтері(алақаның бір-біріне соғу, ырықты қозғалыстар жасау т.б.) ересектер айтқан сөздерге ұқсас дыбыстар шығаруы байқалады.Шартты рефлекстердің анализаторларда пайда бола бастауымен нәрестелік кезең аяқталады
  • Бірінші жарты жылдықта ми қабығында тежелудің барлық түрлері көрінеді.Бұл жағдайдың тәрбие процесі үшін ерекше маңызы бар екендігі белгілі. Жарты жастан былай қарай балада <<Бұл не?>> рефлекстері қауырт дамиды.Қол сипай-сезу анализаторының қызметін атқаруға көшеді.Мұның өзі нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбектеуге, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.Олар үлкендердің сұрауларына жауап қайтаруға тырысады.
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет