Нормативтік сілтемелер


Етті бағыттағы бройлер тұқымдары



бет8/33
Дата06.02.2022
өлшемі440,98 Kb.
#81124
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
мал ш. 15
Факультатив қазақ тілі , Факультатив қазақ тілі , 641топ №4 сабақ
1.2 Етті бағыттағы бройлер тұқымдары
Қазақстанда бройлер етін өндіруде «Бройлер-6», «Гибро», «Смена», «Ыртыш», «Бройлер-Компакт-8» кросстарын қолданады. Шаруашылықтардың 90 пайызы осы кросстарды өсіреді. Орыс ғалымдары В.И.Фисинин, Т.А.Столляр [18] мәліметтері бойынша бұл кросстар өте жылдам өседі, бір күнде 40 г салмақ қосады. «Смена» кроссының балапандарының еті жоғары қасиеттерімен сипатталады.
«Бройлер-6» кроссы өндірістік технология жағдайларына жақсы үйренген. Ол аутосексті кросс болып табылады. Бұл кросстардың аталықтары жылдам өседі де, аналықтары жоғары еттік қасиеттерге ие. Төрт тізбектік гибридтің 7 апталығында салмағы 2 кг болады. 1 кг өсіміне 2,2-2,5 кг азық жұмсалады [14, 15, 16].
«Бройлер Компакт-8» кроссы жоғары генетикалық потенциалды кросс. «Бройлер-6» кроссына 6, 7, 9 және 10 тізбекті плимутрок тұқымының аталық, аналық түрлері кіреді. Селекция нәтижесінде ата-аналық табында толықтыруға арналған жеңіл салмақты тауықтар шығарылды. Дене бітімінің ерекшелігіне қарай аналық түрдің тірі салмағы аталығынан 10 пайыз төмен. «Бройлер Компакт-8» кроссының тірі салмағы «Бройлер-6» кроссынан біршама төмен. 7 апталығында олардың салмағы 1,6-1,65 кг болады.
«Гибро-6» кроссы 1982 жылы Нидерландыдан әкелінген. «Бройлер-6» кроссынан өсу жылдамыдығымен етті қасиеті жағынан бірнеше төмен келеді. 7 апталығындағы орташа салмағы 1,84 кг.
Т.А.Столляр [16] мәліметі бойынша төрт тізбекті Бройлер кроссы аутосексті кросс. Бұл кросстың балапандары өте жылдам өседі. 8 апталығында 1900 грамм салмақ тартады. 1 кг өсіміне 2,1-2,3 кг азық жұмсалады.
Төрт тізбекті «Бройлер-Компакт 8» кроссының балапандарының аяқтары қысқа, денесі кішкентай болып келеді. 7 апталығында 1600 грамм салмақ тартады. 1 кг өсіміне 2,3-2,5 кг азық жұмсалады. Бұл кросстың бройлерлері клеткада өсіру технологиясына жақсы бейімделген. Құс шаруашылығында 7 апталағында 2,1-2,2 кг салмақ тартатын жаңа етті бағыттағы бройлерлерді шығару қаралып отыр. Ол 1 кг өсіміне 2,1-2,3 кг азық жұмсайды.
Д.А.Ковинько, Ю.Г.Агулярний [7] айтуы бойынша бройлер жоғары етті жетілгіш, өсу жылдамдығы қарқынды, яғни 60 күнде салмағы 1,4-1,6 кг болады, еті мен терісі жұмсақ, еттік қасиеті жақсы гибридті етті балапан дейді.
Бройлер балапандарын 1 м2 алаңына тығыз орналастыру тірі салмағына, жем өтеміне тікелей әсер етеді. Сондай-ақ өсіру әдісіне, климатқа және экономикалық жағдайына тікелей байланысты. Балапандарды клеткада немесе еденде өсіру кезінде отырғызу тығыздығы біркелкі болмайды. Бройлер балапандары еденде отырғызу тығыздығына қатысты айтылған нұсқаулар әртүлі болып отыр.
В.Б.Хон, В.А.Пепелина [22] айтуы бойынша 1 м2 еден алаңына 15,5 бас бройлер балапанын отырғызуға болады. Авторлардың ұсынған отырғызу тығыздығы балапандардың тірі салмағына, тіршілік қабілеттілігіне ешқандай кері әсер етпейді.
Қазіргі кезде дамыған құс фабрикаларында бройлерлерді өсіру үшін механикаландырылған клеткалық батареяларды пайдаланады. Сондықтан отырғызу мен еденде өсіру мәселелерін жедел түрде қарастыру қажеттілігі туып отыр.
А.А.Арьков [16, 17] бройлер балапандарын КБУ-3 клеткалық батареялар-да жынысына қарай бөліп өсіру жолын дұрыс деп есептейді. Сонымен қатар отырғызу тығыздығын 1м2 алаңға 35 басқа дейін көбейтсе, экономикалық жағдайды жақсарта түсер еді.
М.П.Силаеваның [22] ойынша Бройлер-6 кроссты балапандарын КБН-У клет-калық батареяға отырғызу тығыздығы әтештерді 22-ден 28 басқа дейін өсіріп, ал мекиендерді – 34 басқа басқа дейін өсіру керек. Соның нәтижесінде 1 м2 клетка алаңынан 30 пайызға дейін ет артық өндіруге болады.
Л.Самойловтың [21] жүргізілген зертеулерінде бройлерлерді бөлек өсіру әдісі барысында әтештердің салмағы 7,2 пайыз, ал мекиендердікі 11,4 пайызға артты. Жынысына қарай балапандарды бөлек өсіру әдісі экономикалык жағынан тиімді деп есептейді.
Т.А.Столляр [16] бройлер балапандарын КБУ-3 клеткалық баареяларда 1 күндігінен 8 апта еш қоршаусыз өсіріледі. Бройлерлерді клеткалық батареяда өсіруге кез-келген шарушылықтағы көлемі 18x24x3,2м болатын мекемені қолдану болады дейді. отырғызу тығыздығы бройлерлерді өсіру мерзіміне, олардың сойыс кезіндегі салмағына, сондай-ақ клеткалардың конструкциясы мен азықтандырғыштардың орналасуына байланысты болады. Бройлерлерді 49 күндігіне дейін өсіргенде бір балапанға клетка еденінен 245 смалаң бөлінеді. Клетка еденінің 1 м алаңына 28 балапан әтеш немесе 37-38 ұрғашы балапан отырғызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет