Нұржанқызы Құралай «Тана мырза орта мектебі» кмм


Денелердің электрленуінің зиянды әсерлерінен қорғану



бет9/10
Дата24.12.2021
өлшемі1,94 Mb.
#128549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Электр Жоба
Медициналық білім беру, Микробиология және вирусология 2курс, Микробиология және вирусология 2курс, testy ab 1 sayt, Тесты-дет.инф.бол.-Педиатрия-каз, СОР, СОЧ 2ч. 4 класс, Документ (3)
Денелердің электрленуінің зиянды әсерлерінен қорғану

Денелердің электрленуінің зиянды әсерлерін болдырмау үшін техникада бұл құбылыспен күресудің әр түрлі шаралары қолданылады. Электрленуді азайтудың негізгі әдісі- жабдықтарды Жермен жалғастыру. Осылайша қосқанда, егер дене теріс зарядталған болса, денеден электрондар Жерге ағып өтеді немесе дене оң зарядталған болса Жерден денеге ағып өтеді. Егер диэлектрик материалдан жасалған жабдық қолданылатын болса, онда Жермен жалғастырудың пайдасы жоқ. Ондай материалдардың беті электрді жақсы өткізетіндей етіп өңделеді. Мысалы, транспортерлердің жетек белдіктері мен ленталары графитпен немесе қола ұнтағы мен қапталады. Осы мақсат пен жабдықтар тұрған жердегі ауаның ылғалдылығын көбейтеді; сонда электрді өткізбейтін материалдардың бетінде судың жұқа қабаты пайда болады. Суда қоспа болғандықтан электр өткізгіш болып табылады. Кейде ауаны иондайды. Иондар тарту күшінің әсерінен зарядталған беттерге қарай қозғалып, олардың зарядтарын азайтады.Тұрмыста киімдерді жуғанда әр түрлі антистатиктер қолданылады. Адам денесі электр тогын өткізеді де, тері көбірек кедергі көрсетеді, ал бұлшық ет пен май тканьдерінің, қанның жұлын мен мидың кедергісі аз болады. Беттің, мойынның, қолдың алақанның жоғарырақ жерінің терісі және әсіресе денеге қараған жағының, қолтық терілерінің кедергісі аз болады. Мысалы, алақан терісінің кедергісі қолдың сыртқы терісінің кедергісінен 2-3 есе, бет терісінің кедергісінен, 20-50 есе артық болады.

Автомобилдерге т.б жанар май құйған кезде құбырдың ішінде зарядтардың тасымалдануынан болатын ұшқын разряды және қопарылыс болмауы үшін, бензинге хром қосып, оның электр өткізгіштігін арттырады. Электрлендіруді жою үшін, егер пластикалық едендерді сүртетін суға, гидрофильді заттарды қосыңыз, мысалы кальций хлориді, сондай-ақ электрлендіру беттерін глицеринмен сүртіңіз. Жасыл өсімдіктерді көбірек өсіріңіз. Өсімдіктер ауаны сәл ылғалдандырады, демек, біздің денеміз құрғақ ауада болғандай мөлшерде заряд жинай алмайды.

Қазіргі кезде бөлменің еденіндегі линолеуммен жабылған қабаттар шаңды тез жинайды. Еденде жүргенде, оны электрлендіреміз, сондықтан шаң белсенді түрде қонады. Сонымен қатар, статикалық электр зарядтары линолеумда ұзақ уақыт сақталады. Ағаш еденде бұл шаң шоғырланбайды ағаш электр зарядтарын нашар өткізеді. Сондықтан үйдегі ауаның ылғалдылығы 60-70% керек, себебі ауа неғұрлым құрғақ болғанда адам денесінде заряд көп жиналып, есіктің темір тұтқалары, холодильник тағы басқа тұрмыстық құралдардың ток соғуы мүмкін.

«Осыншалықты көп істерімізді жеңілдетіп отырған сиқыршы?»-электр зарядының таралуынан болатын электрлік құбылыстар екенін білеміз. Электрмен жұмыс істегенде әр ісімізге жауаппен қарап, сақтық шараларын есімізден шығармауымыз абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет