Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті



Дата07.02.2022
өлшемі33,87 Kb.
#93754
Байланысты:
2020.tarih


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орынын сақтап қалды. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбайдың шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болған. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келген.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Жұмыс жолы және саяси мансап
1960 жылы Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірді. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатында ВТУЗ-ды бітірді.Еңбек жолын 1960 жылы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасының қызметкерлері бастады Қарағанды облысының Теміртау қаласы. Содан кейін ол құю машиналары үшін шойын ретінде жұмыс істеді, Қарағанды металлургия комбинатында тау-байыту пеші.
1965-1969 жылдары Қарағанды металлургия комбинатында (1966 жылдан - зауыт) қайта жұмыс істеді: диспетчер, газ маманы, домна пештің дүкеніндегі аға газетші.

1969-1973 жылдары - Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партиялық, комсомол жұмысында. 1973-1978 жылдары - Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы. 1978-1979 жж. - хатшы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы.

1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылғы 14 шілдеден бастап 1991 жылғы 23 тамызға дейін - КОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросының мүшесі. КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). (1981-1986). КОКП Орталық комитетінің мүшесі (1986-1991).

Қызмет жолы
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2]
2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[3]
2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[4]
Денсаулығы
2011 жылдың шілдесінде Германиядағы Гамбург-Эппендорф Университет клиникасында қуық асты безіне операция жасатқан. Оның алдында ол Австриядағы Rudolfinerhaus Вена клиникасында емделген.[5]

Отбасылық жағдайы

Назарбаевпен почта маркалары
Назарбаев Сара Алпысқызы Назарбаевамен үйленген.

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Бөбек қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.


Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[6]
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың он немересі және бес шөбересі бар.
Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.[9]

1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.


Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
11 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшы феномені» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Іс-шара «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасы аясында ұйымдастырылды.

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов өз сөзінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жаһандық рөліне тоқталды:

– Тәуелсіз Қазақстанның дамуы және қалыптасуының жаңа тарихында Президенттің саяси көшбасшылығының мәні мен рөлі сөзсіз маңызды екені белгілі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси батылдығы, стратегиялық дарыны, көздеген мақсатқа жетудегі табандылығы мен өзіне деген сенімділігі – бүгінде әлем қауымдастығы мойындаған толағай табыстарымыз бен Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуының негізіне айналды. «Назарбаевтың саяси көшбасшылығы» және «Назарбаев феномені» ұғымдары саясаткер, сарапшы, саясаттану ғалымдары мен публицистердің сөздік қорына тұрақталып, басты назардағы зерттеу нысандарының біріне айналып отыр. Н. Ә. Назарбаевтың көшбасшылық феномені зерттеушілердің саяси көшбасшылықтың белгілі үш моделінің негізінде түсіндіріледі, олар – тұлғалық болмысы, лидерлік стилі, өзгермелі тарихи жағдаяттар. Міне, сондықтан «Назарбаев феноменін» ең алдымен, Елбасының болашаққа бағытталған саяси стилі, қоғаммен қарым-қатынас және стратегиялық басымдықтары арқылы қарастыру қажет.

– Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық жетістіктері мен халықаралық аренадағы теңдессіз биік беделіне Елбасының жеке қасиеттері, соның ішінде өзіндік ұстанымына беріктігі, көзқарастарының нақтылығы, кедергі мен қиындықтарға төтеп беріп, алған бетінен қайтпай, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін табандылығы себепші болған. Нұрсұлтан Назарбаевқа тән барлық қасиеттер ең жоғары халықаралық деңгейдегі мемлекет қайраткеріне лайықты мықты көшбасшылық бастаманы таныту болып табылады, – деді Әмірхан Мұратбекұлы.

Алматы қаласының әкімі Арман Қырықбаев сөзін былай сабақтады:

– Мемлекет басшысына арналған шараға қатысып, елорда қонақтарын қарсы алу мен үшін үлкен мәртебе. Алматы – Президент тұлғасымен тығыз байланысты қала. Еліміздің оңтүстік астанасы – Н. Назарбаев бас сәулетшісі және нышаны болып табылатын тәуелсіздігіміздің «алтын бесігі». Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында тағдырымызды шешкен тарихи маңызы бар шешімдер осында қабылданған. Атап айтсақ, Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заңға қол қойылды, Конституция қабылданды, мемлекеттік рәміздер бекітілді, ұлттық валюта енгізілді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің алғашқы сайлауы, сондай-ақ Қазақстан Президентінің алғашқы ұлықтау рәсімі де Алматы қаласында өтті.

Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысының кемел саясатының арқасында Қазақстан зор жетістіктерге қадам жасады. Еліміз даму жолында тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, азаматтардың әл-ауқаты жақсарды. Мемлекет басшысының бастамасымен өткен «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстан мен Президенттің халықаралық биік беделін тағы да асқақтатты. Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енді. Елбасы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат етіп қойды. Президент ұсынған ауқымды саяси, экономикалық, рухани жаңғыру, институционалдық реформалар – осы стратегиялық мақсатты бүгін шешуге бағытталған. Өткізіліп жатқан көрме, конференция сынды іс-шаралар – мемлекетіміздің 25 жылдық жемісті жеңісінің әрбір кезеңін, ерекшелігін өскелең ұрпаққа жеткізудің амалдары.

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат Елбасы бастамасының рухани сананы жаңғырту үдерісіндегі қазақ мәдениетінің үлкен әлеуеті мен маңыздылығын атап өтті:
– Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің ортақ іждағаттылығының арқасында рухани мәдениеттің кез келген бөлшегі құндылық болып саналады, сондықтан ұлттың мәдени әлеуетіне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақ елі әлемдік қауымдастыққа беймәлім мәдени мұраға ерекше бай. ЮНЕСКО Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ұлттық, халықаралық және өңірлік деңгейдегі ынтымақтастығын өте жоғары бағалайды. Сондай-ақ мәдениетті бейбіт, қауіпсіз, әділ және адамзат келешегінің сенімділігіне қажетті бағыт ретінде пайдаланады және насихаттайды.Алматы қаласындағы Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманн Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды қазақ халқының тарихи тұлғасы және аса көрнекті қайраткеріне арналған конференцияға қатысу зор мәртебе екенін айтты:
– Н. Назарбаев пен Мажарстанның арасында ежелден достық қатынас қалыптасқан. Елбасы Тұңғыш Президент ретінде қазақ-венгр қарым-қатынасының нығайып, жоғары деңгейге көтерілуіне және одан әрі дамуына ықпал жасады. 25 жылға жеткен дипломатиялық қарым-қатынастардың нәтижесі туралы бірер сөз айтуға рұқсат етіңіздер. 1992 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасы мен Венгрия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Қазақстанда 1993 жылы ашылған Венгрия елшілігі Алматы қаласында орналасты. 2012 жылдың қыркүйегінде қыпшақтардың қонысына айналған Венгрияның Карцаг қаласында мәртебелі консулдық ашылды. 2014 жылы Атырауда, 2016 жылы Ақтөбеде, 2017 жылы Шымкентте мәртебелі консулдықтар ашылды. Жалпы алғанда, екі ел арасындағы ынтымақтастық стратегиялық қарым-қатынасқа бағытталған. Біздің әріптестігіміздің ширек ғасырында сауда-экономикалық байланыстар белсенді дамыды, бірлескен экономикалық жобалар қатары жүзеге асты, тікелей инвестиция тартатын бірлескен ауыл шаруашылық қоры құрылды, Венгрия сауда үйі ашылды. Н. Ә. Назарбаевтың Венгрияға сапары үнқатысудың кеңейе түсуіне ұйытқы болды.

Шара барысында қатысушылар 25-ке жуық баяндамалар тыңдады, сонымен қатар аталмыш тақырыпты жан-жақты талқылады.

Ғалымдар конференцияның жұмысы барасында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі дамуы, саяси көшбасшы феноменінің орны мен рөлі, мемлекетті басқарудағы президент рөлінің өзгеруі, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы президенттік-парламенттік жүйеден кейінгі жылдардағы қуатты президенттік басқару жүйесіне дейінгі еліміздің мемлекеттік құрылымының дамуы, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа астананың ауыстырылуы мен қалыптасуы сынды маңызды тақырыптарды ортаға салды.

Конференцияның қорытындысы бойынша қабылданған қарарда әлеуметтік-саяси және қазақстандық қоғамның рухани жаңғыру міндеттерін шешу үшін еліміздің ғылыми-білім беру әлеуетін барынша пайдалану мақсатында нақты ұсыныстар айтылды.



Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.
2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.[

Бұрын ол Қазақ КСР-ның президенті болды. 2015 жылдың сәуір айында мерзімінен бұрын президент сайлауында бесінші президенттік мерзімге қайта сайланды, ресми деректерге сәйкес, 97,75% дауыс жинады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1984-1989). 1962 жылдан бастап КОКП мүшесі. КОКП ОК (1986-1991) мүшесі; КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы (1979-1984 жж.), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1989-1991). Солтүстік Қазақстан облысының КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-11-шақырылымының (1979-1989) мүшесі. КСРО халық депутаты (1989-1991).Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990). Посткеңестік кеңістіктегі билік өкілдеріне ұзақтығы бойынша рекордшы: 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған күн - 28 жыл, 8 ай, 16 күн. «Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі.1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады [1]. Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. 1991 жылдың 17—желтоқсанында Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болы өтті. Жиналған сан мыңдаған адамның алдына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп сөз сөйледі: «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік... Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын... Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең—байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе жастар салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмашыл, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін» [2, 3 б.]. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй—тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды [3, 58 б.]. АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция, т.б. ірі—ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ—на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп—жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды. Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік—экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса бастады. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, сол уақыттарда тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш үкіметінің мүшесі, Премьер—Министрдің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, халықымыздың сеніміне кірген қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов өзінің 2005 жарық көрген «Серпінді кезең» атты еңбегінде еліміздің даму қарқынына былайша баға береді: «Қуатты саяси, экономикалық, әлеуметтік және демократиялық қайта құрулар көп ғасырлық тарихымыздың қойнауында өткен заманның ешбір кезеңінде болмаған мүлде жаңа үрдіс, тың құбылыс жағдайында дамып келеді. Біз саяси тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен бірге оны нығайта түсуге және өзіміздің қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісін жасауға қол жеткіздік. Тоталитарлық жүйенің құлдырауымен бірге КСРО—ның ұлттық саясатының тым идеологияландырылып жіберілген, түбірімен қате ұлттық стратегиясын 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі аяусыз әшкерлеп берген болатын. Сондықтан аяғынан енді ғана тұрған Қазақстан мемлекеті үшін мүлдем жаңа ішкі саясат жүргізуі тиіс еді. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық қоғам құрудың тиімді жолын қалыптастырды. Біздің Республика этносаралық жанжалдарды қазір де, болашақта да болдырмауға болатынын бүкіл әлемге сенімді түрде дәлелдеді. Ұлтаралық түсіністіктің қазақстандық моделі қалыптасып, нәтижелі жұмыс жасап келеді. Әрі оған басқа мемлекеттер де қызығушылықтарын білдіріп отыр. Бұл бір экономикалық формациядан басқа, үлкен экономикалық қиындықтар мен әлеуметтік проблемаларға өтудің кезіндегі кедергілерге қарамастан адамдар арасындағы бір—біріне деген сенімнің болғандығының жарқын көрінісі болып табылады» [4, 149 б.]. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Республиканың саяси басшылығы өз азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Кеше ғана 30—тамызда қабылданғанына 16 жыл болған еліміздің Конституциясында адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындағы анық айтылған. Елімізде Президент қызметінің енгізіліуі қоғамдық—саяси өмірде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Қазақстанда бір партиялық жүйенің орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 1996 жылдың 30—қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс жасап келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Қазақстан Республикасының азаматтары экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. 1993 жылы 15—қарашада Ұлттық валюта—теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Жетпіс жылдан астам қалыптасқан сананы, дүниетанымды өзгерту міндеті де оңайға соқпады. Меншікке қатысты көзқарастың өзгеруіне өмірдің өзі түрткі болғандықтан, жаппай жекешелендіру экономикалық қайта құру жолындағы алғашқы батыл қадам болды. Сыртқы сауданы одан әрі ырықтандыруға және елді дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енгізуге бағытталған сыртқы экономикалық қызмет реформасы табысты жүргізілді. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі арты және жеке тұлғалардың банк жүйесіндегі салымдары тұрақты түрде өсті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ—ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді. Еліміздегі аса өзекті әрі кезек күттірмес басты мәселеміздің бір болып саналатын — тіл саясатын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз парасатты байыптылық танытып жүргізіп келе жатырмыз. Дегенмен, Қазақстан халқы мынаны түсінулері керек: қазақ тілі осы мемлекеттің негізгі қолданыс тілі. Бұл тіл осы мемлекеттен басқа ешбір елде дами алмайды, бұл тілдің басқа Отаны жоқ. Мемлекеттік саясатта бұл тілге алдағы уақытта да басымдылық беріледі. Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін әрбір азамат бұл тілді білуге міндетті. Тіпті қазақстандық патриотизм бізді осыған жетелеуі қажет. Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. 2030 жылға дейінгі даму стратегиясындағы ұзақ мерзімді жеті басым бағыттың ішінде ұлттық қауіпсіздіктен кейінгі екінші орында көрсетілген. Барлық қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принцип пен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Ол үшін Қазақстанда бірінші қазақ халқының түпкілікті ұлттық мүдделері дұрыс шешілгенде ғана өзге ұлттар мен этностық топтардың дамуына жол салынады. Әр бір азамат Қазақстан — менің Отаным, менің елім деген ұранның маңайына топтасуы керек. Тәуелсіз даму кезеңінде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз елімізге ғана тән үлгісі қалыптасты. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекше ролі туралы айтпай кетуге болмайды. Ол шын мәнінде 16 жылдық уақыттан бері өзінің басты міндеті, ұлтаралық қатынастарды үйлестіру үшін барлық этностық топтардың мүддесін сәйкестендіретін қызметті жүзеге асырып келе жатқан құрылым болып табылады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының беделі айтарлықтай жоғарылап, конституциялық ұйымға айналды. Парламентке өз өкілін жіберуге мүмкіндік алды. Сондықтан ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі халықаралық қоғамдастықтың тарапынан жоғары бағаланатынына ешкімді де таң қалдырмасы анық. 2010—жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ—на табысты төрағалық етуіне жәрдемі тиген негізгі деректермен, дәйектердің арасында еліміздің ұлтаралық және дінаралық келісім тәжірбиесі болғаны құпия емес. Халқымыздың толеранттылығы мен даналығына негізделген салмақты мемлекеттік саясаттың нәтижесінде бізге өткен жылдар бедеріндегі қандай да бір қиындықтарға қарамастан, елімізде ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік берді және бұл сөз жоқ, біздің маңызды стратегиялық ресурсымыз. Тек бірлік пен тұрақтылық жағдайында ғана келешек дамуымызға қатысты кең ауқымды міндеттер қоя аламыз. Болашақта еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттердің қатарынан орын алатынына барлық қазақстандықтар күмәнсіз сенеді. Осындай секіріс жасау үшін барлық қоғамдық ресурстарды топтастыру мен жұмылдыруға тура келеді. Бай да бақуатты Қазақстан идеясы ел кеңістігіндегі ішкі ұлттық ынтымақтастықпен тиімді біртұтас рухани, мәдени, экономикалық және саяси жүйенің желісін айқындап, олардың қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. 1997 жылдың 11 қазанда «Қазақстан—2030» атты ұзақ мерзімді дамуы стратегиялық бағдарламасын қабылдады. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен көршілес шет елдермен екі арадағы шекараны дәйектілікпен бекітті. «Қазақстан—Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы бекіту» заңына сәйкес 1999 жылы мемлекет басшылары шекаралық мәселелерді толық реттеп, құжатқа қол қойды. Бұл келісім—шарттың тарихи маңызы ерекше зор еді. Себебі Қытай 15 мемлекетпен шектеседі. Олардың бізден басқа бір де біреуімен Қытайдың толық шекаралық келісімі әлі жоқ. Ғасырдан ғасырға созылған шекаралық дауға соңғы нүкте қойылды. Енді 1782 шақырымдық шекара сызығындағы белдеу халықаралық деңгейде мойындалған заңмен қорғалады. Ал 2005 жылы 18 қаңтарда әлемдегі ең ұзын шекаралық белдеу болған Қазақстан—Ресей шекарасы анықталып, БҰҰ тарапынан мойындалды. Қазақстан—Ресей шекаралары құрлықтағы ең ұзын шекара болып табылады. Оның ұзындығы — 7591 шақырымды құрайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны межелеу сияқты саяси салмаға ауыр мәселе әлемдік халықаралық құқықтық тәжірибеде өте сирек кездеседі, соған қарамастан қысқа уақыт аралығында шекара сызығының барлық нүктелері келістірілді. Қазақстанның Республикасының мемлекеттік шекарасы белгіленді [5, 163 б.]. Елімізде индустриялдық—инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазақ елінің дәл жүрегінен, Еуразия кіндігінен барша қазақстандықтардың мақтанышы әрі ұлттық жетістігіміз—Астана қаласы бой көтерді. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасын және оның Елордасы—Астананы бүкіл әлемге паш етті. Елордамыз—республиканың бас қаласы—Астана күннен—күнге көркейіп қанат жайып келеді. Оның бүгінгі бейнесінің өзі—ақ көз алдымызға Еуразияның келешектегі жұртқа мәшһүр шаһарын елестетеді [6, 61 б.]. Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым—қатынастарда да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды. 2010 жылдың 1–2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының төрағалығымен ЕҚЫҰ—ның 56 мемлекетінің басшылары елордамызда бас қосып, Астана доктринасының бірауыздан қабылдады. Мұндай тарихи маңызы зор оқиға еліміздің халықаралық деңгейдегі талассыз беделінің арқасында келгенін және қазақ дипломатиясының сыртқы саясаттағы табысты еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Өсіп—өркендеген және қуатты Қазақ елі Елбасы бастаған жаңғырулардың мақсаты мен мазмұны болады. Еліміздің нығайып халықаралық беделінің өскенін көрген әрбір қазақстандықтың кеудесінде мақтаныш сезімі пайда болады. Қазір іргелі тәуелсіз ел, демократиялық дәстүрді берік ұстанған қуатты мемлекет болдық. Тарихты жасайтын тұлғалар тағлымы өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет етуіне жол ашып қана қоймай, әлемдік өркениеттің дамуына да ықпал етеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани—мәдени жаңғыруға қол жеткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет